Арнаулы дамыту жаттығуларының техникалық дағдысын бекіту. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 53 сабақ.
Сабақ жоспары № 53
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сабақ тақырыбы: Арнаулы дамыту жаттығуларының техникалық дағдысын бекіту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсету; 8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу | ||||
Сабақ мақсаттары | -Қауіпсіздік ережесін біледі -Коньки дайындығы кезінде салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсетеді; -Коньки дайындығы кезінде қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі | ||||
Бағалау критериі | -Коньки дайындығы кезінде салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсете алады; -Коньки дайындығы кезінде қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі; | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| ||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділік пен топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыс. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Тіке сызық бойымен жүгіру және бұрылысқа енуге үйрету russia2.tv/video/show/brand_id/.../video.../110918/ Конькилік дайындық: https://www.youtube.com/watch?v=D3Zg9AY4TmM https://www.youtube.com/watch?v=qS0eUwNCA | ||||
Бастапқы білім | Шаңғы, кросс және коньки даярлығы сабақтарында әр түрлі жабдықты пайдалану және қозғалыс әрекеттерін орындау кезінде қиындықтарды және қауіп-қатерлерді ұғынады. Жаттығу мен қалпына келтіру әдістерінің негізгі компоненттерін түсінеді | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу Сабақтың мақсатын түсіндіру Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу. 2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру. 3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау (Ж) «Миға шабуыл » стратегиясын өткізеді. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | |||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (К, И, Ф) Оқушылар шаңғы жолы бойымен 3000 метр қашықтықты жүріп өтеді. Тегіс алаңқайлар мен қырларда түрлі шаңғы жүрістерінің техникасын көрсетіп, пайдаланады. Қашықтықты жүріп өту жылдамдығын әр оқушы өз физикалық даярлық деңгейіне қарай анықтайды. Бұл кезде оқушыларға өз оптималды жылдамдығын анықтап алу маңызды саналады. Мәреге таяу жылдамдықты арттыру, оның ұзақтығы да оқушының жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс. Дескриптор -шаңғы сырғанауда тепе теңдік сақтай алады; - қос шаңғымен екі жаққа сырғанай алады; -коньки тебуде қолмен дұрыс қимыл жасай алады. К, Г, П, Ф ) Жұптар мен топтарға бөлінген оқушылар тапсырманы орындайды. Әрқайсысы 100 метр үш жол бөлігін алуан түрлі жылдамдықпен жүріп өтеді, бұл кезде осы бөлікті жүріп өту уақытын өлшеп, қадамдар санын анықтау тапсырмасы берілген. Жүгіріс 3 x 100 м. Бірінші рет 100 м жолды қолды арқаға қойып, орташа жылдамдықпен жүгріп өту, екінші рет жылдамдықты сәл арттыру, ал үшінші рет жылдамдықты төмендету қажет. Содан кейін 1000 метр қашықтықты жүруге көшеді. Оқушылар қашықтықта күштерін тең жұмсауға тырысады, қашықтықтың барлық деңгейлерінде бірдей күш жұмсауға үйренеді. Жұпта жасалған әр тапсырма соңында өз қабілеттері мен өзгелердің әдістерін бағалап, оны қозғалыс әрекеттерін жақсарту үшін пайдаланады Дескриптор - 100 м жолды қолды арқаға қойып, орташа жылдамдықпен жүгріп өте алады; - жүгіру жолында дұрыс қозғалады; - алады. Саралау жүзеге асырылады: а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - Сұраңыз: Қашықтық кезінде бұрылысқа ену мен бұрылыстан шығу техникасын дұрыс пайдалану қаншалықты маңызды? 100 метрлік бөліктерге жүгіру кезіндегі қадамдар саны неге байланысты болады?Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. | Тіке сызық бойымен жүгіру және бұрылысқа енуге үйрету russia2.tv/video/show/brand_id/.../video.../110918/ Конькилік дайындық: https://www.youtube.com/watch?v=D3Zg9AY4TmM https://www.youtube.com/watch?v=qS0eUwNCA Үлкен бос кеңістік Шаңғы жабдықтары, ысқырық, Сілтеме: | |||
Сабақтың соңы 35-40 | VI. Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
|
|
| |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.