Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 45 сабақ.
4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Оқу мақсаты:
6.2.6.1. Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу
Сабақтың тақырыбы:
Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.
Сабақтың мақсаттары:
Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне алады.
Тілдік мақсаттар
Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.Мыналарды қамтиды:Ұлттық ойындарасық, алшы, тәйке, бүк,шіккоманда, ойыншы, төреші қарсылас, шабуыл, қорғанысереже, баға, әділ ойынТалқылауға арналған сұрақтар:Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.
1-ші тапсырма
Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Асық ату» ойынын өткіземін. Сыныпты бірнеше командаларға бөлу. Алаңда асық тігілетін сызық сызылады. Осы жерге әр қатысушы екі асықтан қояды. Асық тігілетін сызықтан 5-7 метр қашықтықта тізілген асықтарды шығару үшін, сақа ататын сызық сызылады. Осы сызықтан қатысушылар кезекпен асықтарды атып, тігілген асықтарды 50 см асатын қашықтыққа шығарулары қажет. Асықты атып шығарған ойыншы, сол асыққа ие болады. Егер ол атып шығара алмай, тигізген болса, онда асық қайтадан орнына қойылады да, келесі ойыншы сақаны лақтыратын болады. Ойын кезекпен жалғасады. Ең көп асық жинаған ойыншы – жеңімпаз болады.1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- «Асық ату» ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;- төрелік ету ережелерін біледі.Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?2-ші тапсырма. (Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Бестас асық» ойынын өткіземін. Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта қатысушы саны 5 адамнан аспау керек. Ойынға қатысу кезегі жеребе арқылы анықталады. Барлығы шеңбер бойына жайғасады. Ойынды бірінші бастап, ойын ережесі бұзылғанша жалғастыра береді. Одан кейін екіншісі ойынға араласады, үшіншісі және с.с. жалғасады. Бір қолмен ойнайды. Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады. Осыдан кейін келесі кезеңдеріне көшеді.
2-ші тапсырма. (Т, Ж, ҚБ) Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады. Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп а.лып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек. Төртінші тәсіл: Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге койып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.
2-ші тапсырманың дескрипторлары:- Бестас асық ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;- төрелік ету ережелерін біледі.Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Асықтар, сақалар, алаңды белгілеу үшін бор.«Асық ату» интернет ресурсына сілтеме:new.zhuldyzai.kz/wp-content/uploads/2017/01/Prilozhenie-1.docx «Асық ату» ойыны:https://www.youtube.com/watch?v=Y85yf2S5HwEАсық ату мобильді нұсқасын жүктеп алу:https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.KEOLimits.asykБестас Асық ойынына сілтеме:https://www.facebook.com/oneshanyrak/posts/824860494229723:0Назарларыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.