Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 46 сабақ.


4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Оқу мақсаты:

6.2.6.1. Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.

Сабақтың мақсаттары:

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне алады.

Тілдік мақсаттар

Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.

Мыналарды қамтиды:

Ұлттық ойындар

асық, алшы, тәйке, бүк,шік

«Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, қазандық

команда, ойыншы, төреші

қарсылас, шабуыл, қорғаныс

ереже, баға, әділ ойын

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?

Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?

Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.

1-ші тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) ) Білім алушылармен «Тоғызқұмалақ» ойынынның шығу тарихы бойынша қысқаша ақпарат беріліп, ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Осыдан кейін «Тоғызқұмалақ» ойынын өткіземін. Ойынның мақсаты – ойыншы өз серіктесіндегі 81 тастан көбірек жеңу болып табылады. Ойыннан кейін олар пайдаланылған тактиканы және ойынды жақсарту бойынша стратегияларды талқылайды.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Тоғызқұмалақ ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;

- төрелік ету ережелерін біледі.

Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңыз бен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойын қалай басталады? Ойын қалай аяқталады?

2-ші тапсырма

Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Ақ пен қара асық» ойынын өткіземін. Бұл ойынды екі ойыншы ойнайды, бірі ақ асықтармен, екіншісі- қарамен. Ойынның басында әр біреуінде 12 асықтан. Ойынның мақсаты – қарсыластың барлық асықтарын алу немесе олардың жүрістерін шектеу. 64 текшесі бар, ұяшықтары 8*8 ойын тақтасында ойнайды. Қара асықтары бар ойыншы, бірінші болып жүреді.

Одан кейін ойыншылар кезектесіп жүреді. Жүрісті өткізуге болмайды. Жүріс асықты бір текшеден келесі текшеге жүруден тұрады. Жүрісі немесе асықтары қалмаған ойыншы ұтылған болып есептеледі.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- «Ақ пен қара асық» ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;

- төрелік ету ережелерін біледі.

Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойында қандай стартегияларды қолдандыңыздар?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар(әр жұпқа), Әр жұпқа: «Дойбы» ойын тақтасы, 12 ақ асық және 12 қара асық.

«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме:

http://soyle.kz/article/view?id=176

Оқыту бейнесі:

https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0

Зияткерлік ойындар(ойын тарихы):

http://sportwiki.to/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B

«Дойбы» ойыны ережесіне сілтеме:

https://www.flyordie.com/games/help/checkers/ru/contents.html

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.