Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 47 сабақ.
4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Оқу мақсаты:
6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
Сабақтың тақырыбы:
Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.
Сабақтың мақсаттары:
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.Бағалау критерийлері :
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсына алады.
Тілдік мақсаттар
Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.Мыналарды қамтиды:Ұлттық ойындарасық, алшы, тәйке, бүк,шік«Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, қазандықкоманда, ойыншы, төреші қарсылас, шабуыл, қорғанысереже, баға, әділ ойынТалқылауға арналған сұрақтар:Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.
1-ші тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) ) Білім алушылармен «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Ойыншылар «тоғызқұмалақ» ұлттық зияткерлік ойынын жұп болып ойнамастан бұрын ойынның басын таңдайды. Тоғызқұмалақта барлық ойындар 3 топқа бөлінеді:1. Комбинациялық ойын2. Позициялық ойын3. Аралас ойынБұл 3 бағыт өзіндік ерекшеліктерге ие және түрлі әдістер мен айланы қажет етеді. Сондықтан бұл сабақта «Комбинациялық ойын» қарастырылады. Комбинациялық ойындарда тұздық дебютте ақ құрбандыққа шалынады. Бұл – тұздықты құрбандыққа шалып, ойын соңына дейін тұздық алмай, 82 құмалақты барынша жылдам ұту тәсілі.1-ші тапсырманың дескрипторлары:- Тоғызқұмалақ ойынында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;- оны шешудің балама жолдарын ұсынады.Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңыз бен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойын қалай басталады? Ойын қалай аяқталады?
2-ші тапсырма
Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Алшы» ойынын өткіземін. Ойыншыларға бір сақа, 4 кенейден беріледі. Ойыншылар сақасын алып қалып, қалған бір кенейден көнге тігеді. Оны шыр дейді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдалып алынады. Ойыншылар сақада көрсетілген номер кезегімен ойын бастайды. Сақа болатын асық салмақты, ірі болады. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. «Алшы ойынында» 1 алаңға 4 ойыншыдан шығады. Бірінші бала сақасын ешкім көздей алмайтындай жерге алысырақ тастайды. Екінші баланың да, басқасының да солай тастауына болады. Оны «жаттым» дейді. Бірақ тастаған сақа атуға ыңғайлы жатса, кезектегі түптегі қарсылас көздеп атуға құқы бар.2-ші тапсырма
Тигізсе «өлді» дейді. «Өлген» сақаның иесі келесі кезекке дейін ойыннан шығады. Алдыңғы баланың одан да әрі маңында жатқан сақаларды атып «өлтіруге» еркі бар. Болмаса, бір сақаны «өлтіргеннен» кейін, сол жерден «шырды» атып бұзады. Сақасының жұбына қарай құлаған асықтарды жиып алып, енді біртіндеп кенейлерді атады. Жұп түссе – ұтысын алып, ойынды жалғастыра береді. Бөлек түссе, сол жатқан жерінде жатады. Егер сақасы кенейлермен жұп түспей-ақ алшы түссе, ойыншының қайта атуына болады. Тәйке түссе, алыстау басқа жаққа «жатуға» болады. Бұл заңдылық сақаны сақа көздегенде де сақталады. Тимей кетіп, бүгінен не шігінен түссе, сол жерде жатады.2-ші тапсырма
Қарсылас ойыншы кезегін алғанда, оны оп-оңай өлтіре салады. Бұл ойында сақаны атып «өлтіріп» не «шыр» бұзып, жұп асықтарды көбірек ұтып, көбірек ұпай жинаған ойыншылар жеңімпаз деп танылады.«Шыр» түбінде ең соңғы ойыншының сақасы ғана жата алады. Оның пайдасы, қарсыластар сақаларын атып, ұзап кетеді де, «шырға» тигізе алмай қалады. Кезегі келгенде «шырды» бұзып, жұп – асықтарды жиып алады. Ыңғайлы кенейді жақын жатқан сақаға қарай атып жақындап, кенеймен жұп түссе, оның сақасын «өлтіруге» болады. «Шырды» бұзып, бар кенейді ұтқан бала жеңімпаз атанып, ойынды басындағыдай қайта жалғастырады. Кенейі біткендер ойыннан ұтылып шығып қалады. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Алшы ойынында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;- оны шешудің балама жолдарын ұсынады.Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойында қандай стартегияларды қолдандыңыздар?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар(әр жұпқа), асықтар, бор.«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме: http://soyle.kz/article/view?id=176Оқыту бейнесі:https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0Зияткерлік ойындар(ойын тарихы):http://sportwiki.to/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B«Алшы» ойынына сілтеме (14-16 бет.):http://www.tursport.akmol.kz/public/uploads/pravila_igri_asik.pdfНазарларыңызға рахмет!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.