Эстафеталық ойындар. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 12 сабақ.
1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты:
6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану
Сабақтың тақырыбы:
Эстафеталық ойындар
Сабақтың мақсаттары:
Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдануды үйретуБағалау критерийлері :
Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдана біледі.
Дескрипторлар:
- Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.
Тілдік мақсаттар
Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.Мыналарды қамтиды: арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттеріэстафеталар, жылдамдату, командалық жұмыс Талқылауға арналған сұрақтар:Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.1-ші Тапсырма:
(Т, ЖЖ, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар екі тізбекке тұрып, әртүрлі ұзындықтағы бөліктерді жылдамдата жүгіріп жарысады. Жүгіру нұсқасы:а) белгіленген қашықтық (мысалы 10м) бөлігінде жылдамдата жүгіру ;б) кенеттен берілген белгіден кейін жылдамдата жүгіру;в) екі рет жылдамдата жүгіру (белгіге дейін және кері қайтқанда);г) бұрылысқа өткенде жылдамдата жүгіру;д) 2м алда тұрған әріптесін қуған кезде жылдамдата жүгіру. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылармен жасалған жұмыстарға талдау жасалады.1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.Сұраңыз: Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?2-ші тапсырма:
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар бір тізбекке тұрады. Белгі бойынша олар жүгіруді бастап, әрбіреуі кезеңдерде жалаушаларды алуға тырысады. Жалаушаны алып үлгермегендер ойыннан шығады. Екінші кезеңнен кейін алты ойыншы, одан кейін төрт ойыншы қалады, ал ең соңында екі мықты жарысады. Соңғы жалаушаны алған ойыншы жеңіске жетеді. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін жасалған жұмыс талданады.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.Сұраңыз: Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?РефлексияСабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,рефлексия жүргізеді:- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.Үйге тапсырма:Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігі және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдылары
Рефлексия
"Бағдаршам" әдісі бойынша кері байланысЖасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, нығыздалған доптар, теннис доптары, жалаушалар, волейбол доптары, рефлексия парағы. Эстафеталар интернет ресурсына сілтеме:http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.