Эстафеталық ойындар. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 12 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар

Оқу мақсаты: 6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану

Сабақтың мақсаты: Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдануды үйрету

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма: Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар бірнеше топқа бөлінеді. Топтар тізбектер құрап, қолдарына шеңбер ұстайды да (соңғы ойыншыда шеңбер болмайды), әр топтың бір ойыншысы сөре сызығының алдына тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншы үш конусты "жылан секілді" айналып өтіп, бағанға жеткенде оған шеңберді кигізіп, қарапайым жүгіріспен тобына оралады және эстафетаны сөре сызығының алдында тұрған келесі ойыншыға қолын тигізу арқылы береді. Ойын осындай ретпен жалғаса береді. Соңғы ойыншы бағанға дейін жүгіріп, шеңберлердің барлығын алады да, ойынды аяқтайды.

Сұраңыз: Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Бұл ойынның жеңіл атлетикамен қандай байланысы бар?

2 тапсырма: «Біріктірілген эстафета». Сынып командаларға бөлінеді. Әр команда ойыншыларын кезеңдерге қояды. Кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындап өтеді. Қатысушылар өз тапсырмаларын берілген қашықтықты өтіп орындайды да, эстафетаны келесі қатысушыға береді:

1. Біріншілер шеңберді үш рет өздерінен өткізіп, келесіге қолын тигізу арқылы эстафетаны береді.

2. Екінші қатысушылар бір орында секіртпе жіппен 5 рет секіреді.

3. Үшінші қатысушы эстафетаны алып, орындыққа ішімен жатып, қолдарымен көмектесіп сырғанайды.

4. Келесі қатысушы гимнастикалық маттың соңына дейін жанымен домалайды. Екі аяғы бірге, екі қолы түзу жоғары созылған.

5. Бесінші қатысушы бір орында 3 рет отырып тұруды орындайды.

6. Алтыншы қатысушы келесі кезеңге дейін бір аяқта секіріп барады.

7. Жетінші қатысушы бар жылдамдығымен мәреге жүгіредді.

Жеңімпаз-команда уақытпен анықталады.

Оқушылармен бірге эстафета кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы талқылаңыз. Кезеңдердегі тапсырмаларды ойын кеңістігіңіздің жағдайына байланысты жасауға болады. Кезеңнен кезеңге дейінгі қашықтықты оқушылардың дене дайындықтарына байланысты таңдаңыз. Тапсырманы күрделендіруге болады.

Ойынның нұсқасы: қатысушылар кезекпен эстафетаның барлық кезеңдерінен өтеді және соңғы қатысушымен уақыт есептеледі.

Сұраңыз: Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Эстафеталық жүгіру техникасы мен түрлері.

 Эстафеталық жүгіру – бірнеше адамнан құралған команданың жүгіруі. Мұнда қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезікпен жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см. Диаметрі 3-4 см. Эстафеталық таяқшаны алады. Оны ол өз кезегінің аяғында өз командасының кезекте тұрған жүгірушісіне береді, сөйтіп өз кезегін аяқтайды.Таяқшаны алған бала өзінің сатысын жүгіріп өтеді, мұның аяғында эстафеталық таяқшаны үшінші жүгірушіге береді. Əрбір команданың ең соңғы қатысушысы эстафеталық таяқшаны ұстап, мəре сызығынан жүгіріп өтеді, бұдан соң мəреде тұрған төрешіге келіп, оған эстафета таяқшасын əкеліп тапсырады. Барлық сатыларда эстафетаны беру тек эстафетаны беру аймағында ғана орындалуы керек. Ол үшін мұны жақсы көрінетін сызықтармен белгіліп қою қажет. Эстафеталық жүгірудің барлық қиындығы, жақсы жүгіретін балалар үшін де, жүгіруді тоқтатпай, эстафетаны беру аймағында эстафеталық таяқшаны беру болып табылады.

 Қарсы жүгіру эстафетасы. 12-15 жастағы балаларүшін жарсы жүгіру эстафетасы неғұрлым жеңіл келеді, мұнда белгілі бір команданың жүгірушілері тең екі топқа бөлініп, əрбір қатысушының жүгіріп өтуіне тура келетін қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы орналасады.Жүгірушілер орналасқан орынға сырыққа жалауша ілініп қойылады. Сырықтың биіктігі 150 см-ден 180 см-ге дейін болады.

 Бірінші жүгіруші эстафеталық таяқты бір ұшынан оң қолына ұстап,екінші жүгірушіге қарсы, алға қарай аласа немесе биік сөреден жүгіруді бастайды. Екінші жүгіруші оң қолын алға қарай созып, жалаудың сол жағына тұрады. Екінші жүгірушіге жақындап жүгіріп келіп (яғни алда тұрған жалаудың жанындағы кезектегі), екі-үш адыа қалғанда эстафеталық таяқша бар оң қолын алға созады. Кезекте тұрған жүгіруші алға қарай созылған қолына көзін айырмай қарайды, жалаудың сол жағынан жүгіріп өтіп, эстафеталық таяқшаны оң қолынан алады. Эстафетаны қабылдаушы оң қолын бірдей бүгіп, оны саусақтарымен қысып алады жəне қолын жалаудың сол жағынан алға қарай шығарады да, кезектегі жүгірушіге қарай қатты жүгіре бастайды. Эстафета таяқшасын алған үшінші жүгіруші төртінші жүгірушіге қарай жүгіреді жəне т.с.с. ал соңғы жүгіруші эстафетамен бірге өтуге тиісті, қарама-қарсы жақтағы жалаудың сызығына қарай жүгіреді.

 Шеңбер бойынша эстафета. Шеңбер бойынша эстафетада барлық жүгірушілер бір бағытта жүгіреді. Кезекке тұрған жгіруші (эстафетаны қабылдаушы) жүгірушіге бет жағын қаратып емес, арқа жағын қаратып тұрады.

 Сонымен қатар эстафетаны бір орында тұрып емес, жүгіріп бара жатып қабылдайды. Эстафетаны жиырма метрлік аймақта береді. Ол жолға көлденең сызылған, анық көрінетін екі сызықпен белгіленеді. Шеңбер бойынша эстафета қалай жүргізіледі? Бірінші болып жүгіруші төменгі сөреден жүгіруді бастайды. Кезектегі жүгіруші эстафета беру аймағының басталуын белгілейтін сызықтың жанында өзінің серігін күтіп тұрады. Эстафета таяқшасын берушіге эстафета беру аймағының басталуына 4-6 см, қалғанда эстафетаны қабылдайтын жүгіруші өз жолының сол жағына таман жақын, барынша жылдам жүгіре бастайды. Бұл эстафетаны берушінің оңға, қатарласа жатқан жолға шығып кетпеуі үшін жасалады. Ал ереже бойынша өз жолынан шығып кетуге рұқсат етілмейді. Эстафетаны беруші зонаның аяғына дейін 8-5 м, қалғанда эстафетаны қабылдаушыны қуып жетуі керек. Сол кезде ол эстафетаны беруге əсір екендігін білдіріп,

«хоп!» деп белгі береді. Эстафетаны беруші өзінің барлық назарын эстафета қабылдаушының оң қолына аударады. Артқа қарай созылған қолды көре салысымен, тез қимыл жасап, эстафетаның бас жақ ұшын оны қабылдаушының қолына жеткізіп береді., осыдан кейін ғана өзінің жолы бойынша жүгіруді аяқтайды. Өз жолынан басқа жолға команданың барлық жүгірушілері эстафетаны алып, эстафетаны берген адамнан алға қарай жүгіріп өткеннен кейін ғана шығуға рұқсат етіледі.

 Эстафетаны алған жүгіруші кідіртпестен, дереу эстафетаны сол қолына ауыстырып алып, өз командасының кезектегі тұрған жүгірушісіне беру үшін жүгіріп кетеді. Эстафеталық жүгірудің техникасын үйренуге тек жүгіруге дайарлығы болған жағдайда кірісуге болады. Бастапқы эстафета беру техникасын бір орында, содан кейін адымдап жүру, ақырын жүру кезінде жəне жүгіру кезінде үйрену керек. Тез жүгірген кезде эстафетаны беруді үйрене отырып, 20 метрлік аймақ ішінде таяқшаны беруге дағдыланған жөн.

 Эстафета техникасын жəне төменде сөз еткелі отырған кедергілермен жүгіру техникасын жақсы меңгеруге осыларға ұқсас қозғалыс-қимыл ойындарының көп септігі бар.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, нығыздалған доптар, теннис доптары, жалаушалар, волейбол доптары, рефлексия парағы. Эстафеталар интернет ресурсына сілтеме:http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/Спорттық эстафеталарға сілтеме: http://www.razumniki.ru/estafeta.htmlЖеңіл атлетика элементтері бар эстафета интернет ресурсына сілтеме: http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.