Эстафеталық ойындар. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 12 сабақ.
Дидактикалық материал 6 сынып
ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ
I.Жалпы қауіпсіздік ережелері
1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .
5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );
-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);
-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.
II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.
3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.
4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.
5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.
7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.
III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.
2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.
4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.
Эстафеталық жүгіру техникасы мен түрлері.
Эстафеталық жүгіру – бірнеше адамнан құралған команданың жүгіруі. Мұнда қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезікпен жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см. Диаметрі 3-4 см. Эстафеталық таяқшаны алады. Оны ол өз кезегінің аяғында өз командасының кезекте тұрған жүгірушісіне береді, сөйтіп өз кезегін аяқтайды.Таяқшаны алған бала өзінің сатысын жүгіріп өтеді, мұның аяғында эстафеталық таяқшаны үшінші жүгірушіге береді. Əрбір команданың ең соңғы қатысушысы эстафеталық таяқшаны ұстап, мəре сызығынан жүгіріп өтеді, бұдан соң мəреде тұрған төрешіге келіп, оған эстафета таяқшасын əкеліп тапсырады. Барлық сатыларда эстафетаны беру тек эстафетаны беру аймағында ғана орындалуы керек. Ол үшін мұны жақсы көрінетін сызықтармен белгіліп қою қажет. Эстафеталық жүгірудің барлық қиындығы, жақсы жүгіретін балалар үшін де, жүгіруді тоқтатпай, эстафетаны беру аймағында эстафеталық таяқшаны беру болып табылады.
Қарсы жүгіру эстафетасы. 12-15 жастағы балаларүшін жарсы жүгіру эстафетасы неғұрлым жеңіл келеді, мұнда белгілі бір команданың жүгірушілері тең екі топқа бөлініп, əрбір қатысушының жүгіріп өтуіне тура келетін қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы орналасады.Жүгірушілер орналасқан орынға сырыққа жалауша ілініп қойылады. Сырықтың биіктігі 150 см-ден 180 см-ге дейін болады.
Бірінші жүгіруші эстафеталық таяқты бір ұшынан оң қолына ұстап,екінші жүгірушіге қарсы, алға қарай аласа немесе биік сөреден жүгіруді бастайды. Екінші жүгіруші оң қолын алға қарай созып, жалаудың сол жағына тұрады. Екінші жүгірушіге жақындап жүгіріп келіп (яғни алда тұрған жалаудың жанындағы кезектегі), екі-үш адыа қалғанда эстафеталық таяқша бар оң қолын алға созады. Кезекте тұрған жүгіруші алға қарай созылған қолына көзін айырмай қарайды, жалаудың сол жағынан жүгіріп өтіп, эстафеталық таяқшаны оң қолынан алады. Эстафетаны қабылдаушы оң қолын бірдей бүгіп, оны саусақтарымен қысып алады жəне қолын жалаудың сол жағынан алға қарай шығарады да, кезектегі жүгірушіге қарай қатты жүгіре бастайды. Эстафета таяқшасын алған үшінші жүгіруші төртінші жүгірушіге қарай жүгіреді жəне т.с.с. ал соңғы жүгіруші эстафетамен бірге өтуге тиісті, қарама-қарсы жақтағы жалаудың сызығына қарай жүгіреді.
Шеңбер бойынша эстафета. Шеңбер бойынша эстафетада барлық жүгірушілер бір бағытта жүгіреді. Кезекке тұрған жгіруші (эстафетаны қабылдаушы) жүгірушіге бет жағын қаратып емес, арқа жағын қаратып тұрады.
Сонымен қатар эстафетаны бір орында тұрып емес, жүгіріп бара жатып қабылдайды. Эстафетаны жиырма метрлік аймақта береді. Ол жолға көлденең сызылған, анық көрінетін екі сызықпен белгіленеді.
Шеңбер бойынша эстафета қалай жүргізіледі? Бірінші болып жүгіруші төменгі сөреден жүгіруді бастайды. Кезектегі жүгіруші эстафета беру аймағының басталуын белгілейтін сызықтың жанында өзінің серігін күтіп тұрады. Эстафета таяқшасын берушіге эстафета беру аймағының басталуына 4-6 см, қалғанда эстафетаны қабылдайтын жүгіруші өз жолының сол жағына таман жақын, барынша жылдам жүгіре бастайды. Бұл эстафетаны берушінің оңға, қатарласа жатқан жолға шығып кетпеуі үшін жасалады. Ал ереже бойынша өз жолынан шығып кетуге рұқсат етілмейді. Эстафетаны беруші зонаның аяғына дейін 8-5 м, қалғанда эстафетаны қабылдаушыны қуып жетуі керек. Сол кезде ол эстафетаны беруге əсір екендігін білдіріп,
«хоп!» деп белгі береді. Эстафетаны беруші өзінің барлық назарын эстафета қабылдаушының оң қолына аударады. Артқа қарай созылған қолды көре салысымен, тез қимыл жасап, эстафетаның бас жақ ұшын оны қабылдаушының қолына жеткізіп береді., осыдан кейін ғана өзінің жолы бойынша жүгіруді аяқтайды. Өз жолынан басқа жолға команданың барлық жүгірушілері эстафетаны алып, эстафетаны берген адамнан алға қарай жүгіріп өткеннен кейін ғана шығуға рұқсат етіледі. Эстафетаны алған жүгіруші кідіртпестен, дереу эстафетаны сол қолына ауыстырып алып, өз командасының кезектегі тұрған жүгірушісіне беру үшін жүгіріп кетеді. Эстафеталық жүгірудің техникасын үйренуге тек жүгіруге дайарлығы болған жағдайда кірісуге болады. Бастапқы эстафета беру техникасын бір орында, содан кейін адымдап жүру, ақырын жүру кезінде жəне жүгіру кезінде үйрену керек. Тез жүгірген кезде эстафетаны беруді үйрене отырып, 20 метрлік аймақ ішінде таяқшаны беруге дағдыланған жөн.
Эстафета техникасын жəне төменде сөз еткелі отырған кедергілермен жүгіру техникасын жақсы меңгеруге осыларға ұқсас қозғалыс-қимыл ойындарының көп септігі бар.
Қазіргі уақыттағы жеңіл атлетика.
Орта ғасыр кезінде жеңіл атлетиканың дамуына көп көңіл бөлінген жоқ. Осы спорттың кейбір элементтері кейбір халықтардың ойындарында сақталды.
XVIII – ғасырда жүгіру, секіру жəне лақтыру дене тəрбие жүйесінде қайтадан дами бастады. Олимпиадалық ойындарға қызығушылық басталды. Гректердің Олимпиадасын қайта қалпына келтіру үшін немістердің қоғам қайраткерлері дене тəрбиесінің И.К.Гутс-Мутс (1759- 1839) жəне Г.Фит (1765-1836) тілектерін білдірді.
Қазіргі уақыттағы жеңіл атлетиканың отаны Англия болды. ХІІ ғасырда монускриптегі лондоншылардың жеңіл атлетикалық жарыстары еске алынады. ХVIII-ші ғасырда үлкен тас жолдарда, қала арасында жəне ипподромдарда жүгіру кеңінен тарайды. 1770 жылы бір сағатқа жүгіру белгілі болды, бірінші рет 17-шақырым 300 м. Кəсіпқой жүгірушілердің өнер көрсетуі жақсы дамыды. XVII-ші ғасырдың ортасында колледждің жəне университеттің араларында жарыс кеңінен тарай бастады. 1864 жылы Оксфорд жəне Кембридж университеттерінің арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Англияның ұлттық біріншілігі екі жыл соң, яғни 1866 жылы өтті. Жеңіл атлетиканың дамуына көп əсер еткен 1865 жылы Лондондағы жеңіл атлет клубының ашылуы болды . 1880-ші жылы ұлттық жеңіл атлеттер ассоциясы құрылды. Көп кешікпей жеңіл атлетика спорты АҚШ-та дами бастады. Англиядағы сияқты бірінші кəсіптік жүгіріске көңіл бөлінді. Соның ішінде көп сағаттық жəне көп күндік жүгірістерге қызығушылық болды. Белгілі кəсіпқой жүгіруші И.Рауль 12 сағат ішінде 144 шақырым 64 м. жүгіріп өтті. Бірінші жеңіл атлетикадан жарыс 1877-ші жылы болды. Университет біріншілігі 1874-ші жылы болды. 1875-ші жылы АҚШ біріншілігі өтті. Англия мен АҚШ-та жеңіл атлетиканың дамуы барлық Европа елдеріне əсер етті. Францияда кейін Германияда дами бастады. ХІХ-шы ғасырдың соңында жеңіл атлетика спорты көпшілік Европа елдерінде танымал болды.
Жеңіл атлетика
- Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
- Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
- Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
- Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
- Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
- Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
- Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
- Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
- Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
- Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
ТӘЖ ___________________________ Сынып ____ Сан _________
«Бес саусақ» рефлексиясы
«К» («кішкентай бөбек) – ойлар, білім, ақпарат.
- Бүгін жаңадан нені білдім?
- Қандай білімдер алдым?
«Ш» («шылдыр шүмек») – мақсатқа жақындық.
- Бүгін мен не істедім және неге жеттім?
«О» («ортан терек») – көңіл-күй жағдайы.
- Менің көңіл-күйім қандай болды?
- Жақсы көңіл-күй немен байланысты болды?
«С» («балан үйрек») –қызмет, көмек, серіктестік.
- Басқаларға немен көмектестім?
- Айналамдағылармен қарым-қатынасым жақсарды ма?
«Б» («бас бармақ») – дене қалпы, сергектік.
- Өзімнің денсаулығым үшін мен не істедім?
Ресурстар:Үлкен бос кеңістік.Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, нығыздалған доптар, теннис доптары, жалаушалар, волейбол доптары, рефлексия парағы. Эстафеталар интернет ресурсына сілтеме:http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/Спорттық эстафеталарға сілтеме: http://www.razumniki.ru/estafeta.htmlЖеңіл атлетика элементтері бар эстафета интернет ресурсына сілтеме: http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.