Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 71 сабақ.


6-бөлім Топтық ойындар элементтері

Тақырыбы: Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік білімін қолдану.

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.3. Қолайлы оқу ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын біледі және түсінеді

Сабақ мақсаты:

Әр түрлі дене жаттығуларын орындау үшін қолайлы оқыту ортасының қажеттілігін қолданады

Бағалау критерийлері:

Түрлі дене жаттығулар идеяларын, ресурстар кеңістігінің білімін ескере отырып қолданады

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;

- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;

Қозғалыс түрлерін атайды;

Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін

жауап бере алады.

Топтық ойындарға түсінік

Ойыншыларды ойын әрекеттерін бірлесе орындау кезінде өзара құрметтеуге, өз істері үшін жауапкершілікке үйрету үшін ұжымдағы ойын рөлдерін жетекші дұрыс бөлуі тиіс. Құрдастар пікірі, белгілі болғандай, әрбір ойыншы мінез-құлқына үлкен әсер етеді. Қозғалмалы ойын қатысушысының белгілі бір рөльді орындау сапасына тәуелді жолдастарының мақтауына немесе, керісінше, қанағаттанбауына ие болады; осылайша балалар ұжымдағы ойынға ойыншылар алдында шұғыл шешім жасауды талап ететін, әртүрлі міндеттерді шешу пайда болатын бір ойыншының басқасына, бір команданың – екіншісіне қарама-қарсы әрекет ету тән. Топтық ойындар кезінде рөлдерге бөлу талас-тартысты ұмытып, ортақ мүддетуралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, беделі жоқтарға беделін көтеруге, тәртіпсіздерге тәртәпті болуға, жаңадан қосылған балаларға басқалармен тіл табыса білуге көмегін тигізеді. Демек, ойнау кезінде балалар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Сонымен қатар ойын барысында бәсекелестік жағымсыз қарым-қатынас тудыруы мүмкін. Жағымсыз қылықтар арқылы, әртүрлі амал-айла көмегімен өз тобын жеңіске жеткізуге тырысады. Сол жағдайда педагогтің немесе жетекшінің міндеті – балалар арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты талдап, дұрыс шешім қабылдап, тиімді әдіспен басқару. Ойын кезінде көмекші рөлдердегі балаларға жетекшілердің үстемдік көрсетпеуін, әрбір рөлдің әректте болуын, жағымсыз рөлдердің болмауын ескеру керек. ойын үнемі даму үстінде болады. Ойын ережесі қиындайды, ойын іс-әрекетінің эмоционалдылығы өзгереді, ойынға қатысушылар құрамында өзгерістер болып тұрады. Ойынның мақсатына жету кезіндегі тәсіл мен іс-әрекетті аяғына дейін білмеу себебінен ойынға қатысушылардың белсенділігі, қызығушылықтары артады. Ұжымдық қозғалмалы ойындардың жарытың сипаты мақсатқа қол жеткізу үшін ерлік пен бірбеткейлікті, шешімділікті көрінуін талап ететін ойыншылар іс-әрекеттерінің белсендіре алады. Алайда ойын шиеленісуі ойыншыларды бөліп-жармауға тиіс екендігін ескерген жөн. Ұжымдық қозғалмалы ойындарда әрбір қатысушы жалпы мақсатқа қол жеткізуге және кедергілерді жеңуге бағытталған жалпы, достық күш салу артықшылықтарына көрнекі көп жеткізеді. Ұжымдық қозғалмалы ойында қабылданған іс-әрекеттерді ережелер мен ерікті түрде қабылданған шектеу ойын ойнаушыларды тәртіпке де салады.

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.

Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)

Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;

Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.

Тапсырма

(Т, Ж, ҚБ) Оқушылар топтарға бөлініп, шеңбер құрып тұрады. Екі жүргізуші оқушылар шеңбердің ортасына тұрады. Шеңбер бойымен тұрғандар бір немесе екі тізеге төмен түседі. Оларда волейбол добы. Жүргізушілер добқа қарай бұрылып тұрады. Мұғалімнің белгісімен оқушылар допты еден бойымен қолдарымен домалатып, жүргізушілердің аяғына тигізуге тырысады. Жүргізушілер доптан шеңбердің ішімен секіріп, допты тигізбеу үшін қашады. Егер оқушылар жүргізушінің аяғына тигізсе, ол жүргізушімен ауысады, ал бұрынғы жүргізуші шеңбер бойына тұрады. Мұғалім оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді.

Ойын дабыл бойынша басталады. Аяғына доп тиген бала (жүргізуші) допты тигізгеннің орнына тізеден төмен тигізу үшін тұрады.

«Шеңбер ішіндегі ойын».

Дескриптор:

- Шеңбердің ішіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Қорғаныстағы тактикалық әрекеттерді құрады және оны ойында қолданады.

- Қозғалысты шеңбердің ішінде тиімді пайдаланады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.