Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 72 сабақ.
3 сынып
№6 бөлім:Топтық ойындар элементтері
Сабақтың тақырыбы:
Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар
Оқу мақсаты:
3.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік білімін қолдану.
3.2.5.5 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану.
Сабақ мақсаты:
Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын, ресурстарды қолдану және өзінің шығармашылық білімін пайдалану.
Бағалау критерийлері:
- Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құрады;
- Идеялармен бөлісіп, ресурстарды қолдана алады;
- Өзінің шығармашылық білімі мен басқалардың ұсыныстарын пайдалана алады.
Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдік дағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
«Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар» Оқушыларға топта ойын кезіндегі қауіпсіздікті ескерту. Бір-бірлерінің ойын тыңдап, идеялармен бөлісуді дағдыландыру. Түрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолайлы оқу ортасын құрып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасауды үйрету.
«Допты қуып жет» ойынын ойнату
Оқушылар үлкен шеңбер бойына тұрады. Мұғалім шеңбердің бір шетінен және орта шетінен екі допты ойыншыларға ұстатады. Шеңбер бойына орналасқан ойыншылар мұғалімнің белгісі бойынша сағат тілімен допты жылдам бір-біріне лақтыру қажет. Ойын мақсаты: допты жылдам қағып, лақтыру, шапшаңдық таныту. Ойыншылар бір орында тұрып, доппен жылдам жұмыс жасай білу керек. Бұл ойын оқушылардың тез ойланып, жылдам іс-әрекет жасауларына көмектеседі.
2-нұсқасы
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Олар бірінші және екінші болып сағат тілімен саналады. Мұғалімнің ысқырығымен ойын басталғанда, ойыншылар шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, бірінші ойыншы біріншілерге, екінші ойыншы екіншілерге допты әкеп береді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойынға қатысушылар жылдам ойланып, іс-әрекет жасаулары керек.
Дискриптор:
- Ойында ережені мұқият ұстанады;
- Шапшаң қимылдап, жылдам іс-әрекет жасайды;
- Шығармашылық қабілеттерін көрсете алады.
Қорытынды жасау. Бағалау.
Ойын аяқталған кейін, ойынды қорытындылау. Яғни, ойын барысындағы кемшіліктерді, қателіктерді ортаға салу. Оқушылардың іс-әрекетін, шағырмашыл қабілеттерін бағалау. Мақтау, мадақтау сөздері арқылы оқушыларды ынталандыру, қызығушылықтарын ояту.
Сұраңыз: Қандай ойындар сіздердің көңіл күйілеріңізге және өздеріңізді сергек сезінуге көмектеседі?
Баланың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған ойындардың ерекшеліктері.
Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын — бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады да баланың қабілеті, белсенділігі артады.
Ойынның ерекшеліктері (К. Стопоро):
ермек ойындар — ойында сюжет болмайды, оның мақсаты қатысушылардың көмегі, мысалы: бір-бірінің артынан қуу, қытықтау және т. б.;
жаттығу ойындар – сюжет болмайды, көбіне дене жаттығуына арналған, мысалы: ағашқа тартыну, ағаштың үстінен жүгіру.
сюжетті ойын — ойын әрекеті бар, алғашқы қиялдағы ситуацияларды көрсету, мысалы: әр түрлі аспаптарда ойнау, жан-жануарлардың әрекетін көрсету немесе әлеуметтік қатынастарды көрсету;
процесуалды еліктеу ойындары – нақты кезеңге байланысты әрекеттер мен жағдайларды сыртқа шығару;
дәстүрлі ойындар ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ойындар. Бұнда жеке бастың сапасы көрінеді, жеке басты сыйлауды талап етуден тұрады
Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік-эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу
Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.
Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.