Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 58 сабақ.
3 сынып
5 бөлім:Денсаулық және физикалық белсенділік.
Сабақтың тақырыбы: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.
Оқу мақсаты:
3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру
Сабақ мақсаты:
Уақытты, кеңістікті түінетіндігін дамытады және жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды.
Бағалау критерийлері:
- кеңістікті және бірқалыптылықты жетілдіреді;
- дене жаттығуларын және тапсырманы дұрыс орындайды;
- жаттығулардың пайдасын біледі.
Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу
Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
Өкшені артқа лақтырып жүгіру
Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
Артпен жүгіру
Тынысты қалыпқа келтіру
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
«Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар»
Оқушыларды бірнеше топтарға тең бөліп, эстафеталық ойындар арқылы мақсатқа жетуді көздеу. Оқушыларды топтарға бөліп, сапқа тұрғызып, эстафеталық ойындарды түсіндіру, көрсету және топтарды жарыстыру. Мақсаты: оқушылардың төзімділік, икемділік, ептілік дағдыларын жетілдіру. Оқушылар үш топқа бөлініп, топтағы ойыншылар кезекпен тапсырманы орындап жарысады.
1. Оқушылар эстафеталық таяқшамен жүгіріп жарысады. Өз белгісін айналып, қайтарда түзу жүгіріп келеді.
2. Топ бастаушылары екі ауыр допты жерге домалатып алып барып, өз белгілеріндегі шығыршықтың ішіне қойып кетулері тиіс. Екінші ойыншы түзу жүгіріп барып, шығыршықтағы екі допты домалатып алып келулері тиіс. Үшінші ойыншы қайта алып барады. Ойын осылай жалғасады.
3. Оқушылар қолдарына екі гимнастикалық таяқшамен гимнастикалық жеңіл резенке допты таяқшамен қысып ұстап, белгіні айналып келулері тиіс. Егер допты түсіріп алса, онда ойынды сол жерден қайта басайды.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
4. Әр топтың оқушылары қолдарынан ұстап, барлығы бірге ажырамай өз жолдарымен жүгіріп, белгіні айналып келулері тиіс.
Бағалау: Әр эстафеталық ойынды ойнатып болғаннан кейін, қорытынды жасап отыру. Кемшіліктерді атап, немесе оқушыларды талпындыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздермен қолдау көрсету қажет.
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына деген қызығушылықтың оянуы ;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу
Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.