Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 61 сабақ.
5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік
Тақырыбы: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру
Оқу бағдарламасына сілтеме
1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды
Сабақ мақсаты:
Бірқалыптылықты уақытты, кеңістікті және жүйелілікті дамытады және жетілдіреді
Бағалау критерийлері:
Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді, машықтарды және жүйелілікті дамытады, жетілдіреді.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;
- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;
Қозғалыс түрлерін атайды;
Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;
Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін
жауап бере алады.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық.Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жекебас тазалығының ережелері. - Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; - Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; - Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; - Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; - Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл.Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу
Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.
Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)
Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;
Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;
Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.
Тапсырма
(С, Ж, Тәж) Алаңның беткі жағынан бауды кереді, оның артына бастаушы тұрады. Ойынның барлық қатысушылары алаңның қарама-қарсы бағытында орналасады, сол жерде олардың «үйі» орналасқан. Ойынның барлық қатысушылары алаңның қарама-қарсы бағытында орналасады, ол жерде олардың бастаушылары орналасқан, ол қатты сөйлейді: «Сақтан бір, сақтан екі, сақтан үш!». Ойыншылар осы кезде ойын алаңынан өтіп бауға қарай жақындайды. Соңғы сөздерімен бастаушы баудан аттап өтеді және ойыншылардің біреуін қуып жетуге және «ұстап алуға» тырысады. «Ұсталынған» ойыншымен бірге ол «үйіне» бауға кетеді. Ойын қайталанады, бірақ бастаушы екеуге айналады. Сабақтарда ойын ережелерін және техника қауіпсіздігін сақтау туралы оқушылардың есіне салу. Ойыншылар бастаушының «Сақтан үш!» деген сөзінен кейін «үйлеріне» жүгіреді. Бастаушыға бір ғана ойыншыны ұстауға рұқсат етіледі. Келісім бойынша бастаушы баудан екі аяқпен, бір аяқпен немесе өзіне ыңғайлы әдіспен секіре алады. Баудың биіктігін өзгертуге болады. Ойыннан кейін осы ойында қандай дағдыларды дамытқанын оқушылармен талқылау.
«Сақтан» - ойыны.
Дескриптор:
- Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.
- Өз идеясын ортаға салып, сыни пікірін айтады.
- Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.