Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 62 сабақ.
5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік
Тақырыбы: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру
Оқу бағдарламасына сілтеме
1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды
Сабақ мақсаты:
Бірқалыптылықты уақытты, кеңістікті және жүйелілікті дамытады және жетілдіреді
Бағалау критерийлері:
Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсетеді, машықтарды және жүйелілікті дамытады, жетілдіреді.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;
- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;
Қозғалыс түрлерін атайды;
Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;
Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін
жауап бере алады.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық.Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жекебас тазалығының ережелері. - Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; - Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; - Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; - Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; - Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл.Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу
Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.
Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)
Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;
Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;
Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.
Тапсырма
(С, Тәж, К, ҚБ) «Құрамдастырылған эстафета». Сынып екі командаға бөлінеді, командадағы әр оқушыны белгілі бір тапсырманы орындауға міндетті кезеңдерге тұрғызылады. Қатысушылар өздерінің тапсырмаларын орындайды және эстафетаны келесіге береді.
1. Бірінші қатысушылар өздерінен шеңберді үш рет өткізеді және эстафетаны келесіге қолына тигізіп беру үшін жүгіреді.
2. Екінші қатысушылар орнында тұрып секіртпемен 5 рет секіреді.
3. Үшінші қатысушы эстафетаны алып, қолының көмегімен отырғышта ішімен жатып сырғанайды.
4. Келесі қатысушы жатқан күйінде,аяқтары бірге, қолдары жоғарыға созылған гимнастикалық маттың басынан соңына дейін жылжиды.
5. Бесінші қатысушы орнында тұрып 3 рет жүрелеп отыруды жасайды.
6. Алтыншы қатысушы келесі кезеңге бір аяқпен секіріп жетеді.
7. Алтыншы қатысушы финишқа максималды жылдымдықпен жүгіреді
Жеңімпаз команда уақыт бойынша анықталады. Оқушылармен бірге эстафета өткізу кезіндегі техника ережелерін талқылаңыз. Тапсырмалары бар кезеңдерді ойын кеңістігіне байланысты өзгертуге болады. Тапсырмаларды қиындатуға болады.
«Құрамдастырылған эстафета»
Дескриптор:
- Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.
- Әр кезеңдерден өту кезінде түрлі қозғалыс әрекеттерді құрады;
- Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.