Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 48 сабақ.


№48 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Ынтымақтастық және әділ ойын

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, ұлттық, көше немесе қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Ойын ойнау барысында сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойынды игерудегі мақсаттарын түсіндіру. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы икемділік, ептілік, жылдамдылық, тез ойлап шешім шығару дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырма

Асық ату ойынын ойнату.

Оқушылардың мергендік, дәлдік қабілеттерін арттыру мақсатында асық ойыны ойнату. Оқушыларды шағын топтарға бөліп, кезекпен асық ату әдістерінен жарыстыру.

"Ортаға түспек"

Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Он-он бес метрдей жерге меже белгіленеді. Әр топтан қолдарында бірдей түзу таяғы бар екі-екіден ойыншы ортаға шығады да, қатарласа тұрып, таяқты алға созады. Бастаушы қос таяқтың үш жағына бір қарыстай тақтай қояды да, оның үстіне сүйемдей жұмыр таяқшаны немесе қуыршақты тігінен тұрғызып орналастырады. Сонан соң ойынды бастауға белгі беріледі. Әр топтың ойынды жүргізуге қатысқан ойыншылары таяқтарын тең ұстап, оның үстіне қойылған заттарды құлатпай, межеленген жерге дейін барып, қайта оралуға тиіс. Таяқ үстіндегі заттар құласа, ұпайдан құр қалады. Әр кезектің жеңімпаз ойыншысы өз тобына ұпай алып береді.

Осы әдіспен ойынды жеке-жеке жалғастыруға да болады. Жеке ойыншы екі қолына екі қарыстай түзу шыбық алады. Ұшына сіріңке қорабы қойылып, оның үстіне адам бейнелі кішкене қуыршақ орнатады. Сөйтіп, әлгі межеге дейін барып, қайта оралады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.

Сабақтың қорытынды бөлімінде

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады

«Асық ату» ойыны

Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дəлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тəрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына шыға бермейді. Ұлттық ойындары көбінесе əр халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылығының мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделеді. Əсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. «Ойын – бала үшін өмірлік тəжірибе», — деген екен Алаш ағартушысы Мағжан Жұмабаев. Қазақтың ұлттық ойындарының ең алғашқы сатысы һəм халқымыздың салт-дəстүрі мен мəдениетінің ажырамас бөлігі ретінде əуелі асықты айтамыз. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады.

Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бəле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені.

Есі кірген қазақ балаларыныңең алғаш ойнайтыны да осы – асық ойыны. Асық патшасы – сақа. Оның ең ірі, шымыры арқардың асығы – құлжа не қолқар деп аталады. Кейде қошқардың асығын ұстайды. Шымыр, салмақты болса, қойдікі де жарайды. Иіргенде, алты қырынан түседі. Алшы күліп түскені, ойнағанда I дəрежеге ие. Жолы болып, Алла сəтінен салса, «Асығы алшысынан түсті» дейді. Тəйкі – бұл да күліп түскені (II дəреже). Етпетінен жатқаны бүк. Шалқасы – шік. Тұмсығымен тұрса – омпы, жамбастай тұрса – шомпы. Асықтың «Үштабан», «Сызбай», «Арқаласпақ» сияқты ойын түрлері далады, «Құмар», «Тəйке», «Омпы», «Алшы», «Хан» (хан ату), «Қақпақыл», т.б. далада да, үйде де ойнала береді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу