Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 47 сабақ.


№47 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Ынтымақтастық және әділ ойын

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, ұлттық, көше немесе қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Ойын ойнау барысында сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойынды игерудегі мақсаттарын түсіндіру. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы икемділік, ептілік, жылдамдылық, тез ойлап шешім шығару дағдыларын қалыптастыру.

«Ақсақ тырна». Екі топ бір бріне қарама қарсы сызықта тұрады. Оқушылар бір аяқта бір біріне қарай секіріп жылжып, бірін бірі қолымен (алақанмен) итереді. Қай топтын ойыншысы екінші аяғын жерге тигізсе ойыннан шығады. Қай топтың бір аяқта тұрған ойыншылары көп қалса, сол топ жеңіске жетеді.

Оқушылар топта «Ақсақ тырна» ойынына мысалында өздерінің ережелерін ұсынып ойнайды.

«Ақ сүйек» Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне топ басшысын сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады.

Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады

«Ақсақ тырна». Екі топ бір бріне қарама қарсы сызықта тұрады. Оқушылар бір аяқта бір біріне қарай секіріп жылжып, бірін бірі қолымен (алақанмен) итереді. Қай топтын ойыншысы екінші аяғын жерге тигізсе ойыннан шығады. Қай топтың бір аяқта тұрған ойыншылары көп қалса, сол топ жеңіске жетеді.

Оқушылар топта «Ақсақ тырна» ойынына мысалында өздерінің ережелерін ұсынып ойнайды.

Оқушылар бір біреуін түрткен кезде иықтан жоғары қолдарын көтеруге болмайтынын және ойын ережесі мен қауіпсіздік ережесін сақтауларын ескертіңіз. Егер шаршаса, жылдам аяқты ауыстыруға болатынын ескертіңіз.

Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Бұл ойында сіздің әрекетіңіз қандай нәтиже берді?

Бұл ойынға қандай өзгеріс енгізер едіңіз?

«Ақ сүйек» Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне топ басшысын сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады.

Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады.

Бұл ойынның арқасында оқушылар түрлі жағдаятты анық және тез жылдам бағалауға, тиімді бағытта әрекет жасауды анықтауға, қойылған мақсаттардың шешімін тез табуға қол жеткізетінін түсіндіріңіз.

Оқушыларды қозғалысқа бағыттау үшін жарыс түрінде қызықтыру керек. Сұраңыз: Ойында оң нәтижеге қол жеткізу үшін оқушы қандай қасиеттерге ие болу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу