Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 46 сабақ.


№46 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Ынтымақтастық және әділ ойын

Сабақтың қорытынды бөлімінде

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

«Айголек» ойынын оқушылар екі топқа бөлініп, екі топтың арақашықтығы 15-20 адым, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топ ойынды бастайды:

«Айгөлек –ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Бізден сізге кім керек?», деп сұрайды.

Екінші топтың ойын бастаушысы:

«Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Сізден бізге Ақерке (қарсылас топтың есімін айтады) керек!», -деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтаң бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді, сол топ жеңімпаз саналады.

«Жапалактар және қарлығаштар».

Оқушылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қаратып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар екіншісін қарлығаштар деп атайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы үстаған топтың ойыншыларының қатарына қосылады.

Ұлттық ойын: «Айгөлек»Ойынның мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, талғампаздыққа баулу. Сөз өнерлерін байту.Ойынның шарты:Балалар екі топқа бөлінеді. 15-20 қадамдай жерге қарама-қарсы тұрғызылады. Қолдарымен бір-бірін қатты ұстап тұрады.Ойын бастаған топ:Айгөлек ау, айгөлек,Айдың жүзі дөңгелек.Ақ серек пен көк серек,Бізден сізге кім керек.Екінші топтың балалары:Айгөлек ау, айгөлек,Айдың жүзі дөңгелек.Ақ серек пен көк серек,Бізге сізден Маша керек.Аты аталған ойыншы жүгіріп келіп, екі ойыншының қолын бұзып өтуі тиіс, өте алмаса сол ойыншылар тобында қалады, ал егер бұзып өтсе өз тобына бір ойыншыны алып қайтады. Ойын соңында ойыншысы аз қалған топ жеңіледі.

Жапалақтар мен қарлығаштар — ұлттық ойын.

Ойын кең, жазық алаңда өтеді. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қаратып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар екіншісін қарлығаштар деп атайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы үстаған топтың ойыншыларының қатарына қосылады.

Ойын тәртібі: қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген белгі бойынша ұсталғанын мойындайды. Ол үшін қашушы ойыншы қолын тигізсе болды. Қай топтың жеңгенін ойын соңында қайсысының саны көп болса, соған қарай шешеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.