Аэробика элементтері бар гимнастика. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 28 сабақ.


Тақырыбы: Аэробика элементтері бар гимнастика

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру

Сабақ мақсаты:

Дене жаттығуларын, қимыл-қозғалыс ойынын орындағанда қыздырыну және босаңсыту маңызын түсінеді.

Бағалау критерийлері:

• дене жаттығуларымен айналысқанда қыздырынудың маңызын түсінеді;

• жаттығуларды орындау барысында босаңсынуды түсінеді.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;

Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;

Топталудың түрлерін атайды және орындайды, жаттығуларды ретімен орындайды;

Өз қозғалысының жақсы жақтарын көрсетеді;

- Тепе-теңдікті сақтауға қатысты жаттығуларды орындауды біледі.

Акробатика негіздерінде гимнастика

Адам күнделікті іс- әрекетінде –тұрмыста, өндірісте, дене тәрбиесі мен спортпен айналысқанда әр алуан қозғалыс жасайды. Физиологиялық тұрғыдан алғанда – өзара тізбектелген қозғалыс әрекеттері (қимылдар) белгілі мақсатқа жету үшін орындалатын жаттығулар. Оның ішінде спорттық жаттығулар ең жоғары көрсеткіштерге жету мақсатын талап етеді. Дене жаттығулары бұлшықет іс әрекетіне қарай 3 топқа бөлінеді:

бұлшық еттің белсенді көлемі

бұлшықеттің жиырылу түрі – тұрақты немесе жылжымалы:

жиырылу күші немесе алымы.

Бұлшықеттің жаттығуға қатысатын белсенді көлемі бойынша: жергілікті, аймақтық және ауқымды болып жіктеледі. Тұрақты қозғалыс– дене қалпын сақтау, аспаптарды мығым ұстау түрінде атқарылады Дене жаттығуларының көбісі (жүру, жүгіру, жұмыс істеу т/б) жылжымалы қозғалыс түрінде болады. Тұлғалық жаттығулар кезінде бұлшықеттердің күші, оның жиырылу жылдамдығына кері қатынаста болады. Неғұрлым жылдамдық тез болса, солғұрлым аз күш жұмсалады. Бұлшықеттің жиырылу күші мен жылдамдығы оның алымын құрады. Оның күші жоғары болған сайын, жиырылу мерзімінің ұзақтығы қысқара береді.Күш түсетін жаттығуларда бұл қозғалыс сапасын көрсетеді. Ал бұлшықеттің алымы күш түсетін жылдам жаттығуларда маңызды орын алады. Бұлшықеттердің орташа күш пен жылдамдық жұмсап жаттығу мерзімін ұзақ уақыт сақтау қабілетін шыдамдылық дейді. Спорттық жаттығулар оралымды және орылымсыз болып бөлінеді. Оралымды жаттығулар бірнеше рет қайталанып отыратын қозғалыс түрінде болады (жүру, жүгіру, жүзу т/б) Ал оралымсыз (ациклді) қозғалыста кимыл белсенділігі әртүрлі бағытта өзгеріп тұрады (спорттық ойындар).

Тапсырма

(С, К, ҚБ) Оқушылар әуенмен «Буратино» кешенін орындайды.

1) Бір орында, қолдар дене бойымен, алақандар еденге парралелді «Бір орында жүру». Аяқтың ұшын еденнен көтермей, тек екі өкшені кезек жерден көтеру арқылы орындаймыз.

2) оң жаққа 2 адым, сол жаққа 2;

3) W-стeп оң аяқпен;

4) Орында тұрып, жамбаспен айналдыру;

5) W-степ сол аяқпен;

6) Орында тұрып, жамбаспен айналдыру;

7) Оңға – солға қисаю, алға еңгею, артқа шалқаю;

8) «Бу!» дегенде от-шашу(салют) оң жақ жоғарыға, «Ра!» - оңға, «Ти!» - жоғары, «Но!» - сол жақ жоғарыға;

9) «Б у – Ра – Ти -Но!» - солдан оңға қарай, жоғары доға бойымен.

Біркелкі, ырғақты орындалуына қараңыз. А.Рыбников - Ю.Энтин – «Буратино» әнімен орындалады. Берілген кешенде қай бұлшық еттер тобы жұмыс істейтіннін анықтау үшін оқушыларға тапсырма беру.

Бір орында орындалатын жаттығулар «Буратино» әуенімен.

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- тепе-теңдікті сақтайды;

- секіргеннен кейінгі жерге түсу сәтін орындайды.

Дескриптор:

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Сабақты қорытындылау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.