Аэробика элементтері бар гимнастика. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 30 сабақ.


3 сынып

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

Сабақтың тақырыбы: Аэробика элементтері бар гимнастика

Оқу мақсаты:

3.3.2.2 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіру

3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну

Сабақ мақсаты:

Гимнастика сабағында денені қыздыру мен босаңсынуды түсіндіру және дене жаттығуларынң орындалуын білу.

Бағалау критерийлері:

- Оқушылар денені қыздыру және босаңсытуды біледі және де түсіндіріп береді;

- Олар дененің дұрыс даму үшін кешенді жаттығуларды және би жаттығуларын орындалуын көрсетеді.

Ырғақты би- бала үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.

Ырғақ – оқушының эмоционалдық қалпын және тәртібін қалпына

келтірудің жақсы құралы болып келеді.

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-

нациясының дамуына көмектеседі. Оқушылар қолдың, бастың, дененің

және аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуін  және оларды

синхронды орындауға тырысуына  сабағымда басты назарға аламын.  Музыка ырғағымен істелінетін  жаттығулар физикалық  дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен  қатар  барлық  психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.

Ырғақ биін оқушыларға үйретерде  де ақпаратты технологияны қолдану керек. Себебі: оқушыларды жалықтырып алмас үшін жаңа қимыл мен қозғалыстарды үйрету керек. Ол үшін интернет желілерінен ырғақ би қимылдарын қарап , немесе видеосын түсіріп алып соны көрсету арқылы оқушыларды қызықтырып отыру керек.  Интернет материалдарына қарап отырсақ баланың , жалпы адамның денсаулығын нығайтатын және әр түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетін жаттығу түрлері көп кездеседі.

Артық салмақтан арылтатын жаттығулар түрлеріне:

Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.

Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.

Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі.

Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.

Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу.

Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді.

Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі.

Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі.

Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді

Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы  оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи  объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады. Сондықтанда гимнастика сабақтарында аэробика, степ, фитнес жаттығуларын үнемі пайдаланып отырған абзал.

 

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар гимнастикалық жаттығулар сериясы арқылы ептілікке, күшке, иілгіштікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдік сақтауға және корординацияға арналған ойындар ойнайды.

Бөлім оқушылардың аэробика мен қозғалмалы ойындар көмегімен тепе-теңдіктегі жаттығуларды, акробатикадағы гимнастикалық дағдыларын жетілдіруге көмектесетін жекелей, жұптық және топтық тапсырмалардың бірқатар қимыл әрекеттерін қамтиды.

Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережесі:

денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;

гимнастикалық құрал-жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;

жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;

секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш (маты) төсеу қажет;

спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;

бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;

гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттігін ұмытуға болмайды. Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін;

арқан бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек;

гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;

гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Қыздырынуға бағытталған дене жаттығулары

Акробатика сабақтарының алдында барлық дене бұлшық еттерін жақсы созу керек, бұл ширатуды қамтиды.

Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды.

Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.

Оқушылар қимыл-қозғалыс ойындары арқылы немесе түрлі кешенді жаттығуларды орындау арқылы мақсатқа қол жеткізеді.

Оқушылар әуенмен «Буратино» кешенін орындайды.

1) Бір орында, қолдар дене бойымен, алақандар еденге парралелді «Бір орында жүру». Аяқтың ұшын еденнен көтермей, тек екі өкшені кезек жерден көтеру арқылы орындаймыз.

2) оң жаққа 2 адым, сол жаққа 2;

3) W-стeп оң аяқпен;

4) Орында тұрып, жамбаспен айналдыру;

5) W-степ сол аяқпен;

6) Орында тұрып, жамбаспен айналдыру;

7) Оңға-солға қисаю, алға еңгею, артқа шалқаю;

8) «Будегенде от-шашу(салют) оң жақ жоғарыға, «Ра!» - оңға, «Ти!» - жоғары, «Но!» - сол жақ жоғарыға;

9) «Бу – Ра - Ти-Но!» - солдан оңға қарай, жоғары доға бойымен.

Оқушылар әуенмен «Летка-Енька» кешенін орындайды.

1) Оң аяқты 2 рет жанына сермеу, сол аяқта секіру арқылы;

2) Сол аяқты 2 рет жанына сермеу, оң аяқта секіру арқылы;

3) Екі аяқта секіру алға, артқа, және 3 алға;

4) Екі аяқта секіру оңға-солға.

Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.

Оқушылар босаңсу және иілгіштікке жаттығулар орындайды.

«Гимнаст».

Б.қ. –бір қырында жатып, бір қол алға созулы.

1-2 - дегенде бос аяқты бүгіп, жамбасқа тигізу керек.

3-4 - дегенде артқа шалқайып, аяқты жоғары көтеру керек.

8 рет қайталау.

«Сайқымазақ».

Б.қ. – негізгі тұрыс.

1-2 дегенде - қарынға жатып иекпен бүгілген қолдарға таяну және аяқты бүгу.

3, 4, 5,6 - дегенде аяқпен ауада сермеу.

7-8 дегенде арқаға аударылу.

1-2 дегендеқолды бастың астына қойып, аяқты тізеде бүгу.

3-4 дегендебір аяқты екіншісіне қою.

5-6 дегендеаяқты аустыру.

7-8 дегендеекі аяқты еденге қою.

4 рет қайталау.

Денені қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Денсаулықты күту бізге не береді?

Оқушының дене дайындық формасы дамиды, қозғалыс үйлесімділігі пайда болады;

Денсаулықты күту, таң ертеңгілік жаттығу орындау деген сияқты түсініктер игеріледі;

Оқушы ішкі эмоцияларын жаттығумен нақты жеткізуге үйрененеді, шығармашылық белсенділік артады;

Енжар оқушылардың ортақ жұмыс арқылы ашылуына көмектеседі;

Жас ағзаның жазылып, еркін қозғалу мүмкіндігін сынайды;

Денсаулыққа деген махаббат тәрбиеленеді;

Қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге қалыптастырады

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;

Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.