Термохимиялық реакциялар. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: 8.3 В | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||
КҮНІ: | Мұғалім: | |||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 8 | Қатыспағандар қатысқандар |
саны: | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Термохимиялық реакциялар | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты | 8.3.1.4 бөлшектер теориясы тұрғысынан реакция процесіндегі энергия өзгерісін түсіндіру | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Термихимиялық реакциялар бойынша энергияның өзгеруін ажырата алады.
Қарапайым бөлшектер теориясы бойынша энергия өзгерісін графиктік кескін арқылы түсіндіре алады. Графиктер бойынша есептеулер жүргізе алады. | |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ғылымға деген қызығушылықты артыру | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика | |||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | интернет желісінен термиялық реакциялар | |||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Жану 7.2 А | |||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған мерзімдер | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы | Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын құру. (оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, сәттілік тілеу) Сабақтың стартері: Оқушыларды орындыққа түзу отырғызып, сабағымызды бастау үшін күнделікті тыныс алу процессіне тоқталуыңызды сұраймыз. Барлығымыз бірдей тыныс аламыз және бәріміз бірдей тыныс шығарамыз. Тыныс алу және тыныс шығару процессін сипаттап берулеріңізді сұраймыз: Оқушылар өз ойларын айтады. Сол сияқты химиялық реакцияда энергия өзгерісі қалай жүзеге асады екенін ойланайықшы. (Оқушыларға ой салу) Оқушылардың пікірлерін тыңдағаннан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
| Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Слайд бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізу. Кез келген химиялық реакцияларда бір зат басқа затқа айналғанда жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Сондықтан барлық реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп бөледі. Яғни, экзотермиялық реакция дегеніміз - жылу бөле жүретін реакция, ал эндотермиялық реакция дегеніміз - жылу сіңіре жүретін реакциялар. Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектісінің шамасы көрсетіледі. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады. С+О2→ СО2+402,24 кДж Н2О→ Н2↑+ О2↑- 572 кДж Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады. Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңіріледі. Жылу эффектісі температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді. Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды. Экзотерииялық реакция - жылуды бөле жүретін реакциялар (+Q). Эндотермиялық рекциялар - жылуды сіңіре жүретін реакциялар (-Q). (видео көрсету) 7- сынып бойынша алған білімімізді еске ала отырып, заттардың агрегаттық күйі өзгергенде энергия қалай өзгеретінін еаке түсіреміз. Оқушыларды үш топқа біріктіру. Оқушылар берілген тақырып бойынша талқылап, постерде ойларын қорытындылайды және қорғайды. 1 топ: Сұйықтан буға айналғандағы энергия өзгерісін және кері процесс. 2 топ: Қаттыдан сұйыққа айналғандаға энергия өзгерісін және кері процесс. 3 топ: Қаттыдан буға айналғанда энергия өзгерісін және кері процесс. Оқушылар реакция кезінде энергия өзгеруіне тоқталады. Химиялық реакция кезінде энергияның өзгерісін бөлшектер теориясы тұрғысынан қалай түсіндіруге болатындығы туралы талқылайды: атомдар/иондардың топтасуы, байланыстың үзілуі және жаңа байланыстар мен жаңа бөлшектердің қалыптасуы. Слайдтан реагенттердің байланысы үзіліп, өнімнің түзілуі көрсетіледі. Сол бойынша энергия өзгеруін айту сұралады. Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакция – бір заттың екінші затқа айналу процессі. 2Н2 + О2 = 2Н2О Үш топ өз ойларын айтады және график бойынша қалай болатынын графикпен жұмыс жүргізеді. Оқушыларға графикпен жұмыс істеп үйрету. Әр топ энергияның өзгерісін осы график бойынша түсіндіріп ойларын түйіндейді. Жаңа сабақты бекіту. 1. (а) Атмосфераны ластаушы газдардың бірі азот (II) оксиді болып табылады. Автокөліктерді жүргізу кезінде автокөлік қозғалғыштарында азот пен оттегі әрекеттесіп, азот (II) оксиді түзіледі. Реакция нәтижесінде 66 кДж энергия сіңірілді деп есептелсе, төмендегі графиктің қайсысы сәйкес келетінін анықтаңыздар. А В
(ә) автокөліктің қозғалғышындағы болатын термохимиялық реакция теңдеуін жазыңыздар: (б) 67,2 мл (қ.ж) азот оттегімен әрекеттескенде қанша жылу сіңірілетінін есептеңдер. 7. Реакция барысындағы энергияның өзгерісі график бойынша берілген. Реакцияның жүру жолы (а) Қайсы көрсеткіш реакция нәтижесінде энергияның өзгерісін анықтайды? A. E2 – E3 B. E2 – E1 C. E1 – E2 D. E3 – E2 (ә) Зерттеу нәтижелері мынандай мәліметтер береді: Е1 = 500 кДж; Е2 = 300 кДж; Е3 = 100 кДж тең. А + В = С реакциясының жылу эффектісі нешеге тең екенін анықтаңдар. (б) Осы реакцияның термохимиялық реакциясын жазыңдар. | Теориялық материал: https://www.le.ac.uk/se/centres/sci/selfstudy/particle02.html Теориялық материал:https://www.le.ac.uk/se/centres/sci/selfstudy/particle03.html#chemicalchanges | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Үй тапсырмасы. Реакция кезіндегі энергия өзгерісін оқу. Есептерді шығару.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысымен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру