Қарапайым химиялық реакциялар. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


7-ші кластың қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Пәні: Химия

Класс: 7 Оқушының аты жөні __________________________________________

Бөлім\ Тақырып

7.2ВҚарапайым химиялық реакциялар

Оқу мақсаттары

7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу

7.2.2.3 сутек газының сапалық реакциясын білу және жүзеге асыру;

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну, қолдану, анализ

Бағалау критерийі

  • Сұйылтылған қышқылдардың әр түрлі металдармен реакцияларын зерттейді.
  • Сутек газының сапалық реакциясын түсіндіреді және жүзеге асырады.

Тапсырма №1

7 Лабораториялық жұмыс « Сұйылтылған тұз қышқылының мырышпен әрекеттесуі»

Құрал –жабдықтар: Мырыш-3г (5-6 түйір), 5%тұз қышқылы -10мл, Сынауықтар-3шт, тығыны бар газ өткізгіш сынауық -1шт, құйғы-1шт, шырпы-1шт, сіріңке-1шт

Жұмыс барысы:

1. Сұйылтылған тұз қышқылының мырышпен әрекеттесуін зерттеу үшін аспапты суретте көрсетілгендей жинау.

2.Сынауыққа мырыштың (3-4 түйір) аз мөлшерін салу, үстіне 2-3мл тұз қышқылын құю.

3.Сынауықты газ жүретін тығыны бар түтікпен бекіту

4. Түтіктің екінші ұшын суы бар ыдысқа батыру

5.Бақылау жүргізу.

6.Жағылған шыраны жинақталған газы бар сынауыққа жақындатып, алынған газды сынау.

7. Жұмыс бойынша қорытынды шығару. Жүргізілген реакциялардың теңдеуін сөзбен жазу.

8.“ Пах” дыбысы газ-сутектің сипаттамасы болып табылатынын түсіндіру.

Тәжірибе

аты

Жұмыс барысы

Бақыланған құбылысты және реакция теңдеуін сөзбен жазу

Қорытынды

Сұйылтылған тұз қышқылының мырышпен әрекеттесуін зерттеу

Тапсырма2

a)Суретте сутек газын жинаудың қандай әдісі берілген?

__________________________________________________

b) Сұйылтылған тұз қышқылымен натрийдің және темірдің реакциясын сөзбен жазыңыз

1-реакция: __________________________________________________________________

2-реакция: ___________________________________________________________________

c) Cуретте берілген қай әдістермен сутегі газын жинауға болады. Себебі:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

d)Жиналған сутек газы екенін қалай, немен дәлелдеуге болады? Жауабыңды толық түсіндіріп жаз. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Дескриптор

Сұйылтылған қышқылдардың әр түрлі

металдармен реакцияларын зерттейді.

Металдар мен сұйылтылған қышқылдар реакциясы кезінде газ бөлініп жатқанын бақылай алды.

Жағылған шыраны газ жиналған ыдысқа апарып, газды сынай алды.

Реакция теңдеуін сөзбен жаза алды.

Жасалған жұмыс бойынша қорытынды шығара алды.

Сутек газының сапалық реакциясын

түсіндіреді және жүзеге асырады.

Сутегін қандай әдіспен жинуға болатынын анықтайды

Сутек газын анықтауда жағылған шыраны апару қажеттігін және осы кезде «пах» деген дыбыстың шығуы – сутектің сапалық реакциясы екенін түсінді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру