Кері байланыс принциптері. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


«Кері байланыс принциптері» тақырыбы бойынша

бекіту тапсырмалары

1 Берілген мәтінді қолдана отырып, теріс және оң кері байланыс механизмдерін қысқаша салыстырыңыз

Теріс кері байланыс кезінде реттелетін параметрдің кез келген өзгеруіне жауап ретінде реттеуіш оны бұрынғы шамасына қайтаруға ұмтылады. Мысалы, егер қанға глюкозаның көп көлемі келіп түссе, инсулиннің – қандағы глюкозаның жасушаға өтуіне жәрдемдесетін гормон секрециясы күшейеді. Нәтижесінде қандағы глюкоза құрамы азаяды. Керісінше, қандағы глюкозаның шоғырлануының төмендеуі инсулин секрециясының бәсеңдеуіне алып келеді және қандағы глюкоза деңгейі қайта көтеріледі. Теріс кері байланыс қандай да бір параметрлерді белгілі бір деңгейде қолдап тұру үшін пайдаланылады.

Оң кері байланыс кезінде реттелетін параметрдің бастапқы деңгейден шағын ауытқуы реттеуіштің осы ауытқуды одан әрі күшейтуге (белгілі бір шекке дейін) бағытталған әрекетін туғызады. Нәтижесінде өздігінен күшейетін, секіру тәрізді үдеріс дамиды. Оң кері байланыс ағзадағы қандай да бір жылдам және күшті өзгеріске қол жеткізу қажет болғанда іске қосылады. Мысалы, жүйке жүйесінің белсенділігін арттыратын адреналин шығару, бұл осы гормонның одан көп секрециясына алып келеді. Осылай оң кері байланыс шеңбері тұйықталады, нәтижесінде қандағы адреналин құрамы күрт көтеріледі.

Теріс кері байланыс

Оң кері байланыс

Салыстырмалы сипаттамасы

Мысалдар

2 Берілген тұжырымдардың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз.

  • Оң кері байланыс теріс кері байланыс сияқты жиі жүзеге асады – Т/F
  • Оң кері байланыс жүйені тұрақсыздындырады – T/F
  • Сүт бездеріне окситоциннің әсері теріс кері байланыстың мысалы болып табылады – T/F
  • Теріс кері байланыс параметр мәнінің өзгеруіне, параметрдің алдыңғы мәнінің қалпына келуіне алып келетін механизмді іске қосады – Т/F

3 Төменде мүшелер қызметінің басқару механизмдерінің сызбалары берілген

А В

(а) Қай сызбада теріс кері байланыс берілгенін анықтаңыз _______________________

(b) Басқару сызбасында 1 және 3 компоненттер нені білдіреді

1_______________________ 3_______________________

4 Төмендегі диаграмманы қолдана отырып, теріс кері байланыс әсерін түсіндіріп беріңіз

5 Биологиядағы басқару жүйесінің қарапайым мысалы: қалқанша безінің гормоны – тироксиннің бөлінуінің реттелуі болып табылады (ТЛ – тиреолиберин гормоны, ТТГ – тиретропты гормон)

(а) Әр бөлікке қажетті сөздерді орналастырыңыз: тироксиннің бөлінуі, гипофиз, гипоталамус, қанда тироксин деңгейінің жоғарлауы, қалқанша безі

(b) Бұл мысал кері байланыстың қандай түріне жатады? __________________________

6 Тест сұрақтарына жауап беріңіз

1. Биологиядағы басқару жүйесі компоненттерінің дұрыс реттілігі қандай?

1. Ынталандырушы

2. Реттеуші

3. Эффектор

4. Жауап

5. Детектор

A. 2 – 1 – 3 – 5 – 4

B. 1 – 5 – 2 – 3 – 4

C. 1 – 2 – 5 – 3 – 4

D. 1 – 5 – 2 – 4 – 3

2. Оң кері байланыстың дұрыс сипаттамасын көрсетіңіз

A эффекторлар реакциясы ынталандыру әсерімен күшейтіледі, жүйенің тұрақсыздануына әкеледі

B ағзаның ішкі ортасының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді

С әрекеттік жүйедегі келіссіздікті жоюға бағытталған сигналдарды жеткізеді

D қандай да бір параметрлерді белгілі бір деңгейде қолдап тұру үшін пайдаланылады

3. Қандағы көмірқышқыл газының концентрациясы артқанда ағзада қандай өзгеріс болатынын көрсетіңіз:

A өкпе көпіршіктерінде қылтамырлар тарылады

B қан қысымы төмендейді

С тыныс алу орталығы қозады

D қылтамырлар мен көктамыр саңылаулары кеңейеді

4. Теріс кері байланыстың мысалы болып табылады:

A жүйке жүйесінің белсенділігін арттыратын адреналин шығару

B жыныстық жетілу кезінде көп мөлшерде гормондардың бөлінуі

С баланы босану кезінде толғақтың күшеюі мен баланы босанғаннан кейін тоқтауы

D дене температурасының көтерілуі

5. Қандағы глюкозаның мөлшерін төмендететін гормонды көрсетіңіз

A инсулин

B глюкагон

С кортизол

D адреналин

6. Ағзаның жүйкелік-гуморальдық реттелуін бақылайтын орталық орналасқан:

A сопақша мида

B мишықта

С үлкен ми сыңарлары қыртысында

D гипоталамуста

7. Ұзақ қашықтыққа жүгірген кезде спортсменнің дене температурасы көтеріле бастайды.

Дене температурасын қалыпты жағдайға келтіру үшін ағзада қандай өзгерістер жүруі керек?

тер бөлу

тері асты қылтамырлары

A

В

C

D

азаяды

азаяды

артады

артады

тарылады

кеңейеді

тарылады

кеңейеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.