Температураны / көмірқышқыл газын / глюкозаны бақылау мысалындағы кері байланыс принципі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материал

Қосымша №1

А деңгейі

1.Сызбаны қарап шығыңыз, теріс және оң кері байланыстың айырмашылықтарын көрсетіңіз

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Жауап

Теріс кері байланыс

• жүйенің тұрақтылығын жақсартады.

• Бастапқы күйді қалпына келтіреді.

Оң кері байланыс

• жүйенің тұрақсыздығына әкеледі.

• жүйенің жауабын күшейтеді.

В деңгейі

Басқару жүйелерінде кері байланыстың 2 түрі бар - теріс және оң кері байланыс. Неліктен оң кері байланысқа қарағанда гомеостатикалық механизмдерде теріс кері байланыс кең таралғанын түсіндіріңіз.

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................Жауап

Адам ашық жүйе болып табылады

Теріс кері байланыс

• жүйенің тұрақтылығын жақсартады.

• Бастапқы күйді қалпына келтіреді.

Оң кері байланыс

• жүйенің тұрақсыздығына әкеледі.

• жүйенің жауабын күшейтеді.

Қосымша №2

Материал №1

Материал №2

Материал №3

Тыныс алудың ерікті реттелуін сопақша мида орналасқан тыныс алу орталығы жүзеге асырады (11.36-сурет). Тыныс алу орталығының вентральды бөлігі тыныс алуды ынталандыруға жауап береді; оны тыныс алу орталығы (инспиратор орталығы) деп аталады. Дорсальді бөлігі және бүйір бөлігі тыныс алуды тежейді және дем шығаруды ынталандырады; оларды ұжымдық түрде дем шығару орталығы (экспирациялық орталық) деп атайды. Тыныс алу орталығы диафрагмамен, диафрагматикалық және кеуде жүйкелерімен байланысады. Бронхтар мен альвеолалар, бас сүйек жүйкелерінің бір тармағы болып табылатын – кезбе жүйкесі арқылы тітіркенеді.Тыныс алу жиілігін реттейтін негізгі фактор - қандағы СО2 концентрациясы. СО2 деңгейі жоғарылағанда, каротидтер мен аорта денелерінің хеморецепторлары жүйке импульстарын тыныс алу орталығына жібереді. Осылардан диафрагмалық және кеуделік жүйкелер арқылы импульстар диафрагма мен қабырғааралық бұлшықеттерге енеді, бұл олардың жиырылуына әкеледі. Осылайша, тыныс автоматты түрде жүзеге асады. Тыныс алғанда альвеолалар кеңейіп, оларда және бронхиалды тармақтарда орналасқан рецепторлар экспирациялық орталыққа импульстар жібереді, олар тыныс алуды автоматты түрде тежейді. Тыныс алу бұлшықеттері босаңсып, дем шығару басталады. Дем шығарғаннан кейін альвеолалар енді созылмайды, ал созылу рецепторлары енді тітіркенуге ұшырамайды. Сондықтан экспирациялық орталық өшіріліп, тыныс алу қайтадан басталуы мүмкін. Бұл цикл бүкіл өмір бойы үздіксіз және ырғақты түрде қайталанады.

Қосымша3

А деңгейі

Кесте ұяшықтарында, белгілі бір жағдайларда ағза құрамында инсулин, глюкагон және гликогеннің өзгерістері қандай болатынын көрсетіңіз.

Келесідей сөздерді қолданыңыз: көтеріледі, түседі.

Инсулин

Глюкагон

Гликоген

Қандағы глюкозаның жоғарылауы кезінде

Қандағы глюкозаның кемуі кезінде

Жауап

Инсулин

Глюкагон

Гликоген

Қандағы глюкозаның жоғарылауы кезінде

көтеріледі

түседі

көтеріледі

Қандағы глюкозаның кемуі кезінде

түседі

көтеріледі

түседі

2. Тыныс алуды реттеу механизмінің мәтіні төменде келтірілген.

Мәтіндегі жетіспейтін сөздерді қосыңыз.

Төмендегі сөздерді пайдаланыңыз: көміртегі диоксиді, оттегі, хеморецепторлар, барорецепторлар, экспираторлық орталық, инспираторлы орталық, диафрагма, қабырғааралық бұлшықеттер, жүрек бұлшықеттері, төмендеу, жоғарылату, оң байланыс, теріс байланыс.

Тыныс алу жиілігін реттейтін негізгі фактор болып табылады, 1...................................................... концентрациясы. Берілген газдың концентрациясы жоғарылағанда (мысалы, физикалық жүктеме кезінде), қан айналым жүйесінде болатын 2.........................................(рецепторлар) сопақша мидың 3........................................бөліміне жүйке импульсін жібереді. Нәтижесінде 4................................... және 5...................бұлшық еттеріне жүйке импульсі жетеді. солардың жиырылуының нәтижесінде тыныс алу жиілігі ................................................ Бұл 6. ................................ кері байланысқа мысал бола алады.

Жауап

1. көмірқышқыл газы

2.хеморепторлар

3.инспираторлы орталық центр

4.диафрагма, қабырға аралық бұлшықет

5.жоғарылайды

6.теріс кері байланыс

В деңгейі

1. Графикте ағазының сыртқы факторларына жауап бере бастағанда, қандағы глюкоза концентрациясының өзгеруі көрсетілген.

Алғаш рет 30 минуттан кейін және тағы 15 минуттан кейін қандай өзгерістер болатынын түсіндіріңіз.

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Жауап

Алғашқы 30 минутта, тамақтану немесе глюкагон гормонының әрекеті, мысалы, энергияны тұтынуы кезінде, глюкозаны жоғарылатудың басты ынталандырушысы болуы мүмкін. Бауырдағы глюкагон гликогенді ыдырата бастайды, оның деңгейі төмендейді, глюкоза деңгейі көтеріледі.

15 минуттан кейін немесе одан кейін. Глюкоза концентрациясының жоғарылауымен инсулин концентрациясы жоғарылайды, гликоген түріндегі глюкоза қор заты ретінде сақталады, нәтижесінде глюкоза деңгейі төмендейді. Бұл оң кері байланысқа мысал бола алады.

2. Суретте термореттелудің механизмі көрсетілген. Кесте ұяшықтарында температура төмендегенде қандай өзгерістер болатынын көрсетіңіз

Жауап

1. Дене температурасының төмендеуімен суық тері рецепторлары

2 гипоталамустық жылу үнемдеу орталығына сигнал жібереді .

3. тері артериолалары тарылады

4. қаңқа бұлшықеттері дірілдейді / метаболизм жылдамдығы жоғарылайды

5. дене қызуы көтеріледі.

Ресурстар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.