ГМА қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге нұсқаулық
1.Білімді өзектендіру.
Генетикалық модификация
Генетикалық модификация – ГМ.ДНҚ барлық тірі жасушаларға ортақ болғандықтан, жаңа ген басқа жасушада да қызмет ете алады.
Мысалы, тек балықта түзілетін ақуыздарды өсімдіктерге енгізуге болады немесе бактериялар адам ақуыздарын өндіре алады.
Мұндай жаңа тәсілдер үлкен әлеуетке ие, бірақ гендік модификация өте даулы мәселе болып отыр.
Гендік модификация біздің әлемді өзгертті.
Ең алғашқы жетістіктердің бірі - сусамырмен ауыратын адамдарды емдеуге қажетті инсулинді арттыру үшін бактерияның қолданылуы.
Адамның инсулин түзуге жауапты гені ферменттерді қолдану арқылы кесіп алынып, ДНҚ ның "плазмида" деген кішкентай бөлігіне енгізіледі.
Плазмида
Кейіннен осы дөңгелек плазмида бактерияға енгізіледі.
Бактерия тез көбейетіндіктен, олар адам инсулинін көп мөлшерде түзе алады.
Осыған ұқсас ауылшаруашылық өнімдерінің де гендік модификациясының әлеуеті зор.
Темекі суды қажет еткенде, жарық шығаратындай етіп өзгертілуі мүмкін.
Гендік модификацияланған жүгері құрғақшылыққа,
ал гендік модификацияланған картоп зиянкестерге төтеп бере алады.
Біз дәстүрлі іріктеу әдісі арқылы мыңдаған жылдар бойы өсімдіктердің гендерін өзгерте отырып, селекция немесе будандастыру әдістері арқылы әртүрлі түрлердің әлсіз белгілерін жоюдамыз.
Бірақ гендік модификацияның басты ерекшелігі - барлық түрлік кедергілерді жоюға, сол арқылы бізге Жер бетіндегі бар тіршіліктің генетикалық кодын басқаруға мүмкіндік береді.
Трансгенді ағзалар
трансгенді немесе трансформацияланған ағзалар деп – геномында бөтен ген бар ағзаларды айтады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады. Трансгеноз дегеніміз – генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды айтамыз. Трансгенді ағзалар әр түрлі биологиялық активті биотехнологиялық заттарды синтездеу және бағалы белгілері бар жануарлардың жаңа тұқымдарын алу үшін қолданылады. Трансгеноз әдісімен бөтен генді эукариоттық жыныс клеткаға енгізіп, оның жұмысын бақылау арқылы генетикалық инженерияның көптеген мәселелерін айқындауға болады, өйткені мұнда трансгенді эмбрионның жатырдағы даму ерекшеліктерін зерттеу мүмкін болады. Тасымалданған гендер (трансгендер) генетикалық аппаратымен құрылымды ірі функциялы байланысқандықтан бұл процесс жағдайындағы генетикалық рекомбинацияға әкеледі
Плазмида
Плазмидалар –ек тізбекті ДНҚ молкулалары ,мөлшері 10 3-10 6 н.п. олар бактерияларға аса қажетті қызметтерді кодтамайды, бактериялар қолайсыз жағдайларға ұшарағанда мағызды рөл атқарады. Фенотиптік өзгерістердің ішіде бактерия жасушаларына плазмидалар арқылы жеткізілетін көріністердің ішінде келесілерін атап кетуге болады: Антибиотиктерге тұрақтылық; Колицин түзу; Патогендік факторының өнімі; Антибиотиктік заттардың синтезделуіне қабілеттілік ; Күрделі органикалық заттарды ыдырату ; Рестрикция мен модификациялық ферменттерді түзу. Плазмидалық ДНҚ репликациясы бактерия хромосомасының репликациясына қатысатын ферменттер жиынтығымен жүзеге асырылады, бірақ плазмидалардың репликациясы хромосомаға тәуелді емес.
Вектор
Вектор - дербес еселенуге және бөгде ДНҚ енуге қабілетті ДНҚ молекуласы; жасушаға генетикалық ақпаратты жеткізуді және оның клониалдануын қамтамасыз ететін - гендік инженерияның құралы болып есептелінеді
2. Ой шақыру.
Сіз ГМА өсіруге өсіргенде қандай этикалық нормаларды сақтау керек?
(Оқушылар жазған нормаларын жинақтап осы тақырыптың екінші сағатында екжей –текжейлі талдау дайындық жасалады.)
Қарама-қайшылықтар мен пікірталастарға қарамастан, биотехнологияның одан әрі дамуы сөзсіз. Алайда мұндай қуатты әдістің бақылаусыз қолданылуы шынымен теріс салдарға алып келуі мүмкін екенін есте сақтаған жөн және кез-келген жағдайда «қандай да бір ортақ шешім» табу керек. Биотехнологиялық компаниялар - тәуелсіз сарапшылар , ғалымдар мен мемлекеттік қызметшілер бақылауға тартылуы тиіс; Генетикалық модификацияланған дақылдарды нарыққа шығару және енгізу жөніндегі жұмыстар баспасөзде толығымен қамтылуы керек, өйткені ГМА қорқыныштар көбінесе халықтың ақпаратпен хабардар болмағандықтан туындайды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.