ГМА қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология Күні : Сынып : | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | ГМА қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу | 10.4.3.4 гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылау | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | ГМА-ны (гендік модификацияланған ағзалар) қолданудың оң және теріс тұстары туралы ақпаратты талдайалады; гендік-модификацияланған және трансгенді ағзаларды қолдану сипаттайды; гендік модификацияланған ағзаларды қолданудың этикалық сұрақтарын талқылай алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушының академиялық тілде айтылым және жазылым дағдылары қалыптасады. Пәнге қатысты лексика мен терминология генетикалық модификация, қатер факторы, ГМА, трансгенді ағзалар, плазмида, вектор. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы ГМО жасау технологиясы келесі сатыларды … қамтиды. ГМО пайдаланудың оң аспектілері … . ГМО пайдаланудағы қатер факторы … байланысты. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық шыныдық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.Коллаборативті мәдениет. Адалдық. Ашықтық. Өмір бойы үйрену. Өмір бойы білімге құштарлық. Топта жұмыс істеу және жауапкершілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қоршаған орта мен тірі ағзаның байланысын біріктіре отырып география пәнімен байланысты | |||||
Бастапқы білім | Микробиология мен биотехнология бойынша бұдан бұрын алынған білімдердің маңызы бар. Бұрын өткен маңызды бөлімдер келесіні қамтиды: Микробиологияны және биотехнология: 7, 8, 9. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-3 3-5 5-6 | 1.Білімді өзектендіру. Оқушылар генетикалық модификация, қатер факторы, ГМА, трансгенді ағзалар, плазмида, вектор терминдеріне анықтама беру. 2. Ой шақыру. Сіз ГМА өсіруге өсіргенде қандай этикалық нормаларды сақтау керек? Оқушыларға ойлануға бір минуттай уақыт беріп оқушы ойын тақтаға жазса болады. Оқушылардың ЖАДА анықталады. 3. Сабақтың мақсатын қалыптастыру. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін қалыптастырады.
| |||||
Сабақтың ортасы: 6-20 20-30 30-37 | 4. Ақпаратпен жұмыс.Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушылар ақпараттармен танысып өз ойларын ортақ етіп жинақтайды. Бірінші топ- ГМА-ны қолданудың оң ақпаратты талдайды; Екінші топ - ГМА-ны қолданудың теріс ақпаратты талдайды. Оқушыларға өз ойларын жинақтауға сілтемелер беріледі. Топтық жұмыс критерийлері: • ГМА-ны қолданудың оң және теріс тұстары туралы ақпаратты жинақтау; • ГМА-ны қолданудың оң және теріс тұстары туралы өзара шешімге келу; 5. Топ таныстырылымдары. Әр топ өз позициясындағы көзқарастарын таныстырады. Дәйектер келтіре отырып өз ойларын дәлелдейді. Топтық жұмысты бағалау критерийлері: -өз пікірлерін айта біліу; - өз пікіріне мысалдар келтіре алу; -өз пікірлерін негіздей алу; 6.Өз тұжырымын жасау. Жеке жұмыс. ГМА алудағы этикалық нормалар қандай боу қажет деген сұраққа жауаптар жазады. Оқушы жұмыстары жинақталады. (Оқушыдан жинақталған ақпарат келесі осы тақырыптың екінші сағатында пайдаланылады). | 1. https://postnauka.ru/talks/25280 2. https://www.who.int/foodsafety/areas_work/food-technology/faq-genetically-modified-food/ru/ 3. https://www.youtube.com/watch?v=kW_XZ_FKCyc https://twig-bilim.kz/kz/film/genetic-modification | ||||
Сабақтың соңы 37-40 | Маған мұғалім көмегі керек... ГМА-ны қолданудың оң тұстары... ГМА-ны қолданудың теріс тұстары...
| Кері байланыс алу үшін стикер таратылады | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылардың қабылдау қабілеттеріне қарай ақпарат визуалданады, таныстырылым кезінде тыңдалады. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделілігі жоғары мәтін бөлігі беріледі. | Таныстырылым кезінде оқушылар өзара бағалаулар жүргізіледі. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.