Бағаналы жасушалар: практикалық қолдану. Этикалық аспект. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақ өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық

 

 Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

 

Бағаналы жасушалардың қолданылуы және оларды пайдаланудағы туындайтын мәселелер.

Ең бірінші бағаналы жасушалар трансплантациясы сүйек кемігінің гемопоетикалық жасушаларынан басталған. Ол осыдан 20 жыл бұрын жасарту мақсатында жасалған, яғни касметологияда бастау алған. Қазір гемопоетикалық бағаналы жасушалар басқа да ауруларды емдеуге қолданылады. Мысалы: қан жүйесінің қатерлі ісіктері (балалардағы лейкоздың кейбір формалары). Қазіргі гематология жүзден аса ауруларды гемопоетикалық бағаналы жасушалардың транплантациясысыз жасай алмайды. Ақырғы жылдары гемопоетикалық бағаналы жасушалар аутоимунды ауруларды, бүйрек және сүт безі қатерлі ісіктерін, ревматоидты арттрит, Крон ауруы, жайылмалы склероз, артрит ауруларын тұрақты сауығуға дейін емдейді.

Сүйек кемігінің стромалық (мезенхималық) бағаналы жасушалары ортапедиялық клиникада қолданылады. Негізгі көрсеткіштері - сынған сүйек ақауларын, бұзылған буын шеміршегінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. 

Мезенхимальді бағаналы жасушалар  кардиохирургиялық клиникада белсенді орын алады. Инфарктан кейін бұзылған кардиомиоциттерді қалпына келтіреді.       

 

Гемопоэтикалық бағаналық жасушалар, оның гемапоэздегі ролі.

Ересек бағаналық болашақта терапиялық қолданудың оптимистік болжамдары сүйек миының трансплантациясның тарихи жетістіктеріне байланысты.

Сүйек миының трансплантациясы қолдану лейкемиямен ауыратындардың тірі қалуын арттыру, туа біткен қан бұзылыстары иммундық жүйе ауруларында үлкен маңызы бар.

Гемопоэтикалық бағаналық жасушалардың сүйек миының қалыпты қалпына келтірудегі рөлін  алғаш рет 40 жылдай бұрын Тилл мен  Мак Кулох дәлелдеді.

  

Гемопоэтикалық  бағаналық жасушалардың екі сипаттамасы  бар:

• Бағаналық жасушалардың қосымша өздігінен жаңару арқылы өндіреді.

• Негізін салушы жасушалардың құрылуымен диффференциялауға «міндетті».

Соңғы қасиеті сүйек миының трансплантациясының негізгі идеологиясын құрайды.

 

Гемопоэтинді  бағаналық жасушаларды жүрек ауруларында қолдану.

Жүрек ауруларын емдеудің қазіргі кездегі әдістері қауіп-қатер  факторынан сақтандыру, ұзақ медикаментозды терапиядан (антиагреганттар, в-блокаторлар, ПТ ингиторлары және т.б) хирургиялық  емдеуден  (баллонды дилатация, тарылту, жасанды жел айдағыш және жүрек  трансплантациясы) тұрады. Бірақ, жүрек трансплантациясына мұқтаж он адамның ішінде біреуі ғана сәйкес донор таба алады. Ал, көптеген дамыған елдерде ересек жастағы  адамдардағы жүректің ишемиялық  ауруы мүгедектікке ұшырап, өлімнің  жоғары болуының негізгі себебі болып  отыр. Ең тиімді перспективалық емдеу  әдіс медицинаның жаңа саласы регенеративті  және клеткалық қалпына-келтіру  терапиясы болып табылады. Жүрек ауруларындағы жоғары летальділік – миокардтың регенерацияға қабілетсіздігі.

 Некрозға ұшыраған немесе зақымдалған жасушалардың орнын дәнекер тіні басады, ол миокард қызметінің біртебірте  жоғалуына, жүректің жиырылғыштық  қасиетінің төмендеуіне және  жүрек жетіспеушілігінің қалыптасуына  әкеліп соқтырады. Жүректің ишемиялық ауруын консервативті емдеу тек симптоматикалық әдіс болып қалады. Мұндай жағдайда емдеудің ең тиімді әдісі жүректі ауыстыру болып табылады. Соңғы жылдары ағзаға сәйкес донордың тапшылығына байланысты әлемде кардиотрансплантация операциясы азаюда. Сол себепті Батыс Европа гемопоэтинді бағаналық жасушаларды ГБЖ трансплантациялаудың  клиникалық мүмкіндіктеріне қызығушылық  жоғарылады.

Көп жағдайда экономикалық дамыған елдерде 2000 жылғы 1 млн халық  арасында 400-ге жуық операция жасалды.

Батыс Европаның, Австралияның, Жапонияның, Қытайдың 90-нан аса орталықтары бағаналық жасушалар мен миының трансплантациясын зерттейтін Еуропалық топ құрамына енді. Еуропалық тіркеу мәліметтері бойынша склероз, қызыл жегі, миастения, ревматоидты артрит, жүйелік васкулит, Крон ауруы т.б сияқты ауыр науқастарға ГБЖ-ды қондыру ойдағыдай табысты жүргізілді. ГБЖ-ды жүрек-қантамырлар ауруларында трансплантациялау жөнінде аздаған мәліметтер сыры ашылған. Бірақ бұл әдісті әрі қарай медицинада қолданып дамыту үшін көптеген қызықты экспериментальды және клиникалық мәліметтер қоры жиналды.

 Миокард инфарктісінде зақымдалған миокардты ГБЖ-мен  қайта қалпына келтіруді жануарларға  тәжірибеде жасау арқылы АҚШ-тың  Ұлттық Денсаулық Институты зерттеді.

 

Эмбриональді бағаналық жасушалардың негізгі мақсаты - ағзадан тыс егу арқылы эммбриональдық бағаналық жасушаларды инсулин өндіретін ұйқы безінің бета-жасушаларына дифференциялау технолгиясын жасап шығару. Бұл жасушалар қант диабетін емдеуге қажет.

 Бағаналы жасушаларды қолданудағы туындайтын мәселелер.

    • Эмбриондық бағаналы жасушалар даму барысында кез келген жасуша түріне маманданып, өзгере алады;

 

    • Эмбриондық бағаналы жасушалар шексіз көбейе алады және де олар ересек ағзаның арнайы химиялық командаларын ұғынып, қабылдай алмайды, себебі ол командаларды беретін бластоцистада ондай құрылғы жоқ;

 

    • Ағзаға бұндай жасушаларды енгізу түрлі қатерлі ісік ауруларына немесе тератомалардың пайда болуына әкеп соқтырады;

 

    • Трансплантациядағы бағаналы жасушаларды қолданудағы басты мәселе, олардың реципиент жасушалармен иммундық сәйкестікте болу-болмауы;

 

    • Бағаналы жасушаларды қолданудағы этикалық мәселелердің туындауы.

Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

 Сабақта топтық жұмыс кезінде оқушылардың сыныпта қозғалу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға назар аудару қажет. Сыныпта тұрған жабдықтарды есепке ала отырып, оқушылармен қауіпсіздік техникасы ережелерін талқылаңыз.

 Топтық жұмыс кезеңінде сынып бойынша оқушылардың еркін қозғалуын қамтамасыз ету керек.

 

Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылардың жұмысын сыныптағы оқушы санына қарай жұптарда немесе шағын топтарда ұйымдастыруға болады. Қызығушылықты ояту кезеңінде тапсырманы оқушылардың идеяларын тыңдап, ауызша жүргізуге болады.

Бұл топтық танымдық белсенділік әдісі, ол проблеманы рационалды ұйымдастыруға арналған және де қабылдау  мен бағалаудың түрлі жақтарын көрсетеді. Бір мәселе, жағдаят алдын-ала беріледі. Ол көпөлшемді болып, нақты бір жауабы немесе шешімі болмауы қажет. Сынып 6 топқа бөлінеді, әр топ өзіне бір қалпақты таңдайды(жеребе бойынша немесе бөліп беріледі). Әр қалпақ түсі ойдың даму бағытын анықтайды:

  • Ақ – ең бейтарап. Сондықтын, осы топ мүшелері фактілермен жұмыс жасайды. Яғни, барлығы неге дәл осылай, басқаша емес екенін дәлелдейді.
  • Сары – шуақты, бақытты, позитивті. Бұл топтың мүшелері ұсынылған шешімнің оң аспектілерін ғана бейнелейді, артықшылықтарын іздейді.
  • Қара – теріс, күңгірт, жоққа шығаратын. Бұл топ оған қарсы күмән келтірулері тиіс.
  • Қызыл – эмоция. Бұл топ өз нәтижелерінде негіздемесі жоқ, осы жағдайдың тек эмоционалдық жақтарын қарастырады.
  • Жасыл – шығармашылық. Осы топтың мүшелері берілген жағдайға фантастикалық және күтпеген болуы мүмкін жаңа шешімдер ұсынады.
  • Көк – бейтарап, бағалау. Шын мәнінде, топта барлық топтардың ұсыныстарын бағалайтын және оңтайлы шешім табатын сарапшылар мен талдаушылар болады.

 

Пайдалы сілтемелер мен әдебиеттер тізімі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.