Полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4D Биотехнология

Мектеп: ФМБ НЗМ, Шымкент қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байменова С.Ж.

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.4.3.2 полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызын сипаттау

Сабақ мақсаттары

полимеразды тізбекті реакцияның таксономияда, медицина мен криминалистикадағы маңызын бағалауды үйренеді

Бағалау критерийлері

полимеразды тізбекті реакцияның маңызын талқылайды және пікірлерімен алмасады;

полимеразды тізбекті реакцияны қолдануды блок-сызба түрінде көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • ПТР- дің аспектілерін түсіндіру;
  • ПТР- дің қолданылу аясы.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

генетикалық модификация, қатер факторы, ГМА, трансгенді ағзалар,плазмида, вектор.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу. Ашықтық. Ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыс

Микробиология, химия.

Бастапқы білім

Микробиология және биотехнология 6, 7, 9 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Канатты сөз: Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым. Әбу Насыр Әл-Фараби

5 минут

ІІ. Жаңа сабақты меңгеру. Талқылау.

Сұрақ: Әкелікті анықтауда, криминалистикада қылмыскердің тұлғасын анықтауда оған қандай материалдар қолданылады?

Сабақтың тақырыбымен мақсатын анықтау.

Қысқаша мұғалім түсіндірмесі.

15 минут

Топтық жұмыс. ПТР-ның түрлі салаларда қолдануы туралы ақпаратпен танысады және постер құрастырады.

1 топ- таксономия, ауыл шаруашылығы;

2 топ- медицина, медициналық диагностикалауда;

3 топ- тұлғаларды дербестендіру медицинасында;

4 топ- гендерді клондауда, мутагенезде;

5 топ- ДНҚ секуендеуде, криминалистика.

Зерттеулерін таныстыру, постерді қорғау.

Бағалау критерийлері: қолданылуы, нақты мысалдар келтіру, регламентті сақтау.

Бағалау: Оқушылардың бірін- бірі бағалауы.

https://www.youtube.com/watch?v=XHQk6eAbJQ4

ПЦР қолданылуы туралы ақпрат: http://qps.ru/iRkAU

http://qps.ru/KnM9p

6 минут

Жұптық жұмыс. Оқушылар гендерді клондау механанизмі мен трансгенді ағзаларды алуын түсіндіреді және полимеразды тізбекті реакцияны қолдануды блок-сызба түрінде көрсетеді. Гендерді клондаудың әрбір сатысын тереңдеп оқу қажет емес, гендерді клондаудың тәсілін жалпы білсе болады.

Бағалау критерийлері:

Бағалау: Оқушылардың өзара бағалауы.

Қосымша 1

10 минут

Сабақты бекіту.

Бейнефильм тамашалау барысында транскриптпен жұмыс жүреді.

https://twig-bilim.kz/kz/film/dna-and-crime

ҚБ: видео бойынша оқушылардың өзін- өзі бағалауы.

Дифференциация. Қабілеті төменірек оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі.

Қосымша 2

2 минут

Кері байланыс.

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төменірек оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі.

Бірі- бірі бағалау, мұғалімнің кері байланысы, өзара бағалау.

Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері. Сергіту сәттері мен партада дұрыс отыру ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтар да неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.