Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақ жүргізудегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық

 Теориялық материал

 (Қосымша 1)

Жұлын адамның және жануардың ең маңызды мүшесі болып табылады. Жұлынның зақымдануы аяқ-қолдың жансыздануына және мүшелердің жұмысының бұзылуына әкеліп соқтырады. Тұтас ағзаның қызметінің дұрыс жұмыс жасауы жұлынның құрылысының және қызметінің дұрыс болуына байланысты.

Денеде орналасуы мен морфологиясы

Жұлын мидан таралады және омыртқалардың бір-бірімен сақиналы доға құраған, омыртқа каналында орналасады. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен, ал төменгі ұшы омытрқа құйымшағымен бітісіп кеткен.

Жұлынның бес бөлімін бөліп қарастыруға болады:

  • мойын (8 омытрқа);
  • арқа (12 омытрқа);
  • бел (5 омытрқа);
  • сегізкөз (5 омытрқа);
  • құйымшақ (1 омытрқа).

Жұлын бірінші бел омыртқа тұсында аяқталады. Осы жерде жүйке талшықтарының бумасы шығады, және бұл құрылымды ат жалыны депте атайды. Жұлын құрылымы төмен түскен сайын тарылып, диаметрі 1 мм аспайтын, жұлын талшығына айналады. Жұлын талшығының соңы құйымшақтың сүйек қабымен бітісіп кетеді.

1-Сурет Жұлынның сыртқы құрылысы және бөлімдері

Ересек адамда жұлынның ұзындығы 40-45 см, ал диаметрі 1-1,5 см. Омыртқа жотасының бөлімдерінде жұлынның диаметрі өзгеруі мүмкін. Жұлынның салмағы орташа есеппен 35 грамды құрайды.

Қабықшалар

Жұлын жіп тәрізді. Омыртқа жотасы каналы мен жұлынның арасында, май ұлпаға, қан тамырларына және жұлын сұйықтығына толы, кеңістік бар.

Жұлынды үш түрлі қабық қорғап тұрады:

  • жұмсақ – борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын және құрамында қан тамырлары болатын, жұлынған тығыз жанасып жататын, ішкі қабық.
  • торлы – жұлын сұйықтығына толы және қан тамырларға бай, жұмсақ қуысты құрайтын, ортаңғы қабық;
  • қатты –ішкі беті тегіс және сыртқы жағы түйіршікті, дәнекер ұлпасынан тұратын, сыртқы қабық.

2-Сурет. Жұлынның қабықтары

Ішкі құрылсы

Жұлынның көлденең кесіндісі көбелек тәріздес. Ортаңғы бөлігінде іші қуыс орталық канал орналасқан, ал жан-жағын екі түрлі жүйкелік зат қоршап жатыр:

  • сұр зат – жүйке жасушаларының жиынтығы (нейрондардың);
  • ақ зат – жүйке жасушалары өскіндерінің (аксон) жиынтығы.

Сұр заты тармақталады. Жан-жаққа жуандаған алдыңғы және артқы өскіндері таралады. Арқа бөлімінде бүйірлік өскіндер болады. Алдың өскіннен жүйке талшықтарының бумасы – алдыңғы түбіртектер таралады. Артқы өскіннен артқы түбіртектер таралады. 31 жұп жүйке қалыптасады, яғни жұлыннан 64 жүйке талшықтары шығады.

Сұр заттың сыртын ақзат қоршап жатады. Артқы өскіндердің арасында, ақ зат жіңішке қатпар – орталық қуысты қалыптастырады. Қарама-қарсы жағында, алдыңғы өскіндердің арасында кеңірек қатпарлар – алдыңғы сай қалыптасады.

3-Сурет. Жүйке талшықтары берілген жұлынның көлденең кесіндісі.

Сұр және ақ зат әр түрлі ұлпалар түрінен құралған және белігілі бір маңызды қызмет атқарады. Жұлынның құрылысы мен қызметі туралы ақпарат төмендегі кестеде келтірілген.

Зат

Құрамы

Қызметі

Ақ

Жүйке талшықтарын миелинді қабықша қаптаған

Нейроглия (жүйке ұлпасының қосымша құрылымдары)

Қан тамырлары

Дәнекер ұлпасы

Жүйке импульстерін өткізу, жұлынды қанмен қамтамасыз ету

Сұр зат

миелинді қабықшасы жоқ өскіндері бар қозғалтқыш, аралық, байланыстырғыш нейрондар

Миелинді қабықша

Миға және кері қарай мүшелерге жүйке сигналдарын жіберу арқылы ішкі мүшелердің жиырылуын, қан тамырлардың жұмысын және бұлшықет белсенділігін бақылау

Нейроглия

Жұлын екі жерден жуандайды, ол мойын бөлімінде (13-15 мм) және бел бөлімінде (12 мм). Осы аумақтардан ең көп жүйке талшықтары таралады және бұл талшықтар үстіңгі және астыңғы бөлімдерді жүйкелендіреді. Жұлынның мойын бөлігінде жуандауы 3-4 мойын омыртқа тұсында басталып, екінші арқа омыртқа тұсында аяқталады. Жұлынның бел аумағында жуандауы 9-10 арқа омыртқа тұсында басталып, 1 бел омыртқа тұсында аяқталады.Қызметі

Жұлын орталық жүйке жүйесінде маңызды қызмет атақарады және келесідей маңызды екі қызмет атқарады:

  • өткізгіштік – нейрондардың бір бөлігі миға жүйке импультерін өткізу қызметіне жауап береді (жоғары өрлегіш жол), ал нейрондардың бір бөлігі мидан келген сигналдарды қабылдайды және оны атқарушы мүшелерге қарай жібереді (төменге кететін жол);
  • рефлекторлық – рецепторлардан келкен жүйке импультері жұлынға тікелей өтіп, рефлекторлы доға арқылы кері мүшелерге қайтады.

Осыған байланысты ыстық затқа тиген қол, рефлекторлық қызметке байланысты, артқа тартылады немесе мұрынға бір тітіркенгіш түскен кезде түшкіру мысал бола алады.

(Қосымша 2)

Жұлынның құрылысы мен қызметі

Орталық жүйке жүйесі ағзаның тұтас тіршілік әрекетін басқарады. Жұлын орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі болғандықтан, бұл құрылым да, сол қызметтің бір бөлігін атқарады.

Сыртқы құрылысы

Жұлын омыртқа жотасының ішінде, атап айтқан омыртқы каналында орналасады. Бұл құрылым ұзындығы 40-45 см, ал диаметрі 1,0-1,5 см болатын және 31 сегментке бөлінетін жіп тәрізді құрылым.

Ішкі құрылысы

Жұлынның ішкі бөлігінде Н тәрізді сұр заты болады.

1-сурет. Жұлынның құрылысының сызбасы

Миелинденген қабықшасы болмайтын, нейрон денесінің өскіндері жұлынның сұр затын құрайды. Жалпы алғанда, сұр заттың құрамында шамамен 13 млн нейрон болады.

Жұлынның ақ затында болады:

  • миелинденген жүйке талшықтарының бумасы
  • тірек қызметін атқаратын жүйке ұлпасы – нейроглия;
  • дәнекер ұлпа;
  • қан тамырлар.

Миелинді қабықша электр оқшаулағыш қасиетке ие.

Жұлын жүйкелері

Жұлынның әрбір сегментінен екі жұп түбіртектер шығады: алдыңғы және артқы.

Бұл, орталық жүйке жүйесін басқа мүшелермен байланыстыратын, жұлын жүйкелерінің бастамасы болып табылады.

Артқы түбіртектердің құрамында жуандаған бөліктер болады, сол бөліктерде сезгіш нейрондардың денелері орналасады.

2-сурет. Жұлынның түбіртектері

Бұл нейрондардың аксондары мүшелерге қарай бағытталады және сезгіш нейрондарды құрайды.

Алдыңғы түбіртектер, денесі сұр денешікте жататын, қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзіледі. Осы аталған түбіртектерден, жүйке сигналдарын мүшелерге жеткізетін, қозғалтқыш жүйкелер басталады.

Қызметі

Жұлын екі түрлі қызмет атқарады:

  • рефлекторлық;
  • өткізгіштік.

Рефлекторлық қызметі

Рефлекс дегеніміз – сыртқы немесе ішкі ортадан келетін тітіркенгіштікке ағзаның жауап беруі.

Жұлынның рефлекстік әрекеті адамның қатысуынсыз, яғни автоматты түрде жүзеге асады.

3-сурет. Жұлын рефлексінің рефлекторлық доғасы.

Рефлекторлық доға құрамына тек қана 2 нейрон кіреді:

  • сезгіш;
  • қозғалтқыш.

Осы аталған нейрондардың арасында бір немесе бірнеше байланыстырғыш нейрондар болуы мүмкін және бұлар жұлынның сұр затында орналасады.

Жұлынның сұр затының барлық нейрондары екі түрге жіктеледі:

  • қозғалтқыш (3 %);
  • байланыстырғыш (97%).

Өткізгіштік қызметі

Жүйке импульстарының өтуі, жұйке талшықтарының бумасынан тұратын, ақ заттың есебінен жүзеге асады.

Жұлынның жоғары өрлегіш жолы арқылы, ағзаның сыртқы және ішкі ортасынан келетін ақпаратты қабылдайтын, рецепторлардан шыққан жүйке импульстері өтеді.

Жұлынның төменге өтетін жолы арқылы, мидан басқа мүшелерге баратын, жүйке импульстері өтеді.

жұлынның үзілуі кезінде, ағзаның аяқ-қолы жұмыс жасай алмайды, себебі ағза сол аталған мүшелерді басқара алмайды. Егер мойын деңгейіндегі жұлын зақымдалса – адамның қолы және аяғы істемей қалады, ал кеуде немесе бел деңгейіндегі жұлын зақымдалса – тек қана аяғы істен шығады. Осылайша жұлынның құрылысы мен қызметі бір-біріне сәйкес келеді. Ақ затты құрайтын жүйке талшықтарын бумасы, мидан басқа мүшелерге және кері бағытта үздіксіз сигнал өтетін, тоқ сымы секілді.

Жұлын сұр затының нейрондары, рефлекторлық доғаның қозғалтқыш және сезгіш аумақтарын байланыстырып тұратын құрылым болып табылады.

Кесте «Жұлынның құрылысы мен қызметі»

Құрылысы

Қызметі

Сұр зат

Жүйке жасушалырынң жиынтығы

Әртүрлі тітіркенгіштерге рефлекторлық жауап

Ақ зат

Миелинді қабықшамен қапталған жүйке талшықтары

Мидан басқа мүшелерге және кері бағытта сигналдар өткізу

Артқы түбіртек

Сезгіш нейрондардың денесі және аксондары

Тітіркенгіштікті қабылдау және сол туралы жұлынға хабарлау

Алдыңғы түбіртек

Қозғалтқыш нейрондардың аксондары

Жұмыс жасайтын мүшелерге сигналдарды өткізу

Толығырақ: https://obrazovaka.ru/biologiya/golovnoy-mozg-stroenie-i-funkcii-otdelov-tablica-8-klass.html

 

 Демонстрациялауға және қауіпсіздік техникасына арналған нұсқаулық.

 Оқушыларды сыныпта еркін қозғалуы үшін, бос кеңістік қалдырыңыз.

Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар.

 Ой қозғау кезеңінде, ми бөлімдерін саралау арқылы, топтардың санын көбейтуге болады және топтардың өзара бағалау жұмысын жүргізу арқылы уақытты үнемдеуге болады.

 Материалды игеру кезінде топтағы топтардың санын өзгертуге болады. Оқыту ресурсы ретінде, оқушыларға қосымша оқу материалдарын ұсыныңыз.

 Оқыту әрекетінің өнімін құрасытыру кезінде, оқытудың дифференцияциялық тәсілдерін пайдаланыңыз: оқушыларға оқу материалынан суреттер, сызба, сұрақ, комикс, тезистік жоспар түріндегі оқу материалын және т.б. түрін таңдауға мүмкіндік беріледі.

Формативтік бағалау бойынша ұсыныстар.

 1. Материалды қайталау кезеңінде, оқушылар бес топқа бөлінеді. Әр топқа А3 форматтағы плакат беріледі. Топтарға мидың бес бөлімінің құрылысы мен қызметін сипаттайтын сызба жасау қажет:

  • Сопақша ми
  • Ортаңғы ми
  • Аралық ми
  • мишық
  • Мидың үлкен сыңарлары

Бағалау критерийі:

  • Ми бөлімдерінің ОЖЖ орналасу аумағын анықтайды.
  • Ми бөлімдерінің атауларын анықтау.
  • Ми бөлімдерінің қызметін анықтау.

 Нәтижелерді көрсету, талқылау және кері байланыс беру.

 2. Ой шақыру кезеңінде оқушыларға орталық жүйке жүйесі туралы видео көрсетіледі. Видеоны талқылайды. Олар үшін түсінбеген сұрақтар бойынша сұрақ қояды және талқылайды.

 Оқушыларға дұрыс жауапты көрсету арқылы, мұғалім оқушыларға осы тақырып бойынша ең жақын даму аймағын анықтауға көмектеседі.

 

  • Тақырыпты түсіну кезеңінде, оқушылар бірнеше рет бағаланады:
  •  Өзара бағалау негізінде бағалау жұмысын дәптерге түсіреді.
  •  Ауызша өзара бағалау.
  •  Әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беруді ауызша бағалау.

 4. Сабақтың соңында, оқушылар сөздері қалып қойған мәтінді толтырады және жауаптарын дұрыс мәтінмен салыстырады.

 

 

Тапсырмаларға жауап беру, бағалау критерийлері

1. Сабақтың соңында тапсырманы тексеру жұмысына жауаптар:

Механикалық зақымданудан қорғану мақсатында, омыртқа жотасының ішкі жағында жұлын орналасады. Жұлын дегеніміз ұзындығы 40-45 см болатын және массасы 35 грамм болатын түтік. Жұлыннның ортасында, ішін жұлын сұйықтығы толтырып тұратын орталық қуыс орналасқан. Мидың құрылысымен салыстырғанда, жұлынның сұр заты ішкі жағында, ал ақ заты сыртқы жағында орналасқан. Жұлыннан барлық ағза бойынша 31 жұп жұлын жүйкесі таралған. Жұлынның ең басты екі қызметі бар, олар: өткізгіштік және рефлекторлық. Ақ зат дегеніміз бұл – жүйке импульстерін өткізуші. Бұлшықеттерден. Теріден ішкі мүшелерден келген жүйке импульстері алдымен жұлынға өтеді, сонан соң миға жеткізіледі. Бұл жүйке импульстерінің жоғары өрлеуші жолы болып табылады. Ал мидан шыққан жүйке импульстері жұлынға жеткізіледі, ал жұлыннан басқа ішкі мүшелерге таралады. Бұл жүйке импульстерінің төменгі өрлеуші жолы болып табылады. Жұлынның құрамында көптеген туа пайда болған шартсыз рефлекстер орталығы болады, және олар сұр затында орналасады. Сондықтанда жұлынның негізгі қызметі рефлекторлық қызмет болып табылады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттерге сілтеме

https://www.twig-bilim.kz/film/factpack-the-spinal-cord-6292/

  • Адам биологиясы. Кесте және сызба түрінде. Резанова Е.А., Антонова И.П., Резанов А.А.

Қосымша ақпарат көздері:

1. Жұлынның құрылысы туралы ресурс:

https://doctor-neurologist.ru/spinnoj-mozg-stroenie-i-funkcii-osnovy-fiziologii

2. Жұлынның құрылысы туралы YouTube-ғы 2,5 минуттық бейне: http://www.youtube.com/watch?v=BGprgmzu5-4

4,05 минуттықклип https://www.youtube.com/watch?v=BR1xv5Gmvzw

3. Жұлынның қызметі туралы мәліметтер:

http://qps.ru/hca2q

4. Деректер: Жұлын

https://twig-bilim.kz/kz/film/factpack-the-spinal-cord

5. Жұлын

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhujke-zhujesi/lesson/ortalyq-zhujke-zhujesi

6. Жұлын жүйкелері

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhujke-zhujesi/lesson/shetki-zhujke-zhujesi



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.