Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Жұлынның құрылысы

Механикалық зақымданудан қорғану мақсатында, омыртқа жотасының ішкі жағында жұлын орналасады.

Сурет 3. Жұлынның омыртқа ішінде орналасуы.

Жұлын дегеніміз ұзындығы 40-45 см болатын және массасы 35 грамм болатын түтік. Жұлыннның ортасында, ішін жұлын сұйықтығы толтырып тұратын орталық қуыс орналасқан. Мидың құрылысымен салыстырғанда, жұлынның сұр заты ішкі жағында, ал ақ заты сыртқы жағында орналасқан. Жұлыннан барлық ағза бойынша 31 жұп жұлын жүйкесі таралған.

Сурет 4. Жұлынның құрылысы

Жұлынның қызметі

Жұлынның ең басты екі қызметі бар, олар: өткізгіштік және рефлекторлық.

Ақ зат дегеніміз бұл – жүйке импульстерін өткізуші. Бұлшықеттерден6 теріден ішкі мүшелерден келген жүйке импульстері алдымен жұлынға өтеді, сонан соң миға жеткізіледі. Бұл жүйке импульстерінің жоғары өрлеуші жолы болып табылады. Ал мидан шыққан жүйке импульстері жұлынға жеткізіледі, ал жұлыннан басқа ішкі мүшелерге таралады. Бұл жүйке импульстерінің төменгі өрлеуші жолы болып табылады. Жұлынның құрамында көптеген туа пайда болған шартсыз рефлекстер орталығы болады, және олар сұр затында орналасады. Сондықтанда жұлынның негізгі қызметі рефлекторлық қызмет болып табылады.

Қосымша 2

Тапсырма: мәтіндегі бос орындарды толтырыңыз.

Механикалық зақымданудан қорғану мақсатында, омыртқа жотасының ішкі жағында …………………… орналасады. Жұлын дегеніміз ұзындығы …………….. см болатын және массасы 35 грамм болатын түтік. Жұлыннның ортасында, ішін …………… толтырып тұратын орталық қуыс орналасқан. Мидың құрылысымен салыстырғанда, жұлынның сұр заты …………, ал ақ заты …………… орналасқан. Жұлыннан барлық ағза бойынша ………….. жұп жұлын жүйкесі таралған. Жұлынның ең басты екі қызметі бар, олар: ……………. және ……………. Ақ зат дегеніміз бұл – жүйке импульстерін өткізуші. Бұлшықеттерден. Теріден ішкі мүшелерден келген жүйке импульстері алдымен жұлынға өтеді, сонан соң миға жеткізіледі. Бұл жүйке импульстерінің ………….. жолы болып табылады. Ал мидан шыққан жүйке импульстері жұлынға жеткізіледі, ал жұлыннан басқа ішкі мүшелерге таралады. Бұл жүйке импульстерінің ………….. жолы болып табылады. Жұлынның құрамында көптеген туа пайда болған шартсыз рефлекстер орталығы болады, және олар ……… затында орналасады. Сондықтанда жұлынның негізгі қызметі ……………. қызмет болып табылады.

Жауабы:

Механикалық зақымданудан қорғану мақсатында, омыртқа жотасының ішкі жағында жұлын орналасады. Жұлын дегеніміз ұзындығы 40-45 см болатын және массасы 35 грамм болатын түтік. Жұлыннның ортасында, ішін жұлын сұйықтығы толтырып тұратын орталық қуыс орналасқан. Мидың құрылысымен салыстырғанда, жұлынның сұр заты ішкі жағында, ал ақ заты сыртқы жағында орналасқан. Жұлыннан барлық ағза бойынша 31 жұп жұлын жүйкесі таралған. Жұлынның ең басты екі қызметі бар, олар: өткізгіштік және рефлекторлық. Ақ зат дегеніміз бұл – жүйке импульстерін өткізуші. Бұлшықеттерден. Теріден ішкі мүшелерден келген жүйке импульстері алдымен жұлынға өтеді, сонан соң миға жеткізіледі. Бұл жүйке импульстерінің жоғары өрлеуші жолы болып табылады. Ал мидан шыққан жүйке импульстері жұлынға жеткізіледі, ал жұлыннан басқа ішкі мүшелерге таралады. Бұл жүйке импульстерінің төменгі өрлеуші жолы болып табылады. Жұлынның құрамында көптеген туа пайда болған шартсыз рефлекстер орталығы болады, және олар сұр затында орналасады. Сондықтанда жұлынның негізгі қызметі рефлекторлық қызмет болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.