Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты өткізу кезінде мұғалімге арналған нұсқаулық

 Теориялық материал

 Адамның миының құрылысы: бөлімдері, құрылысы, қызметі.

 Орталық жүйке жүйесі – бұл сыртқы оратадан және ішкі ортадан келетін ақпаратты қабылдайтын ағзаның бөлімі. Бұл ағза бөлімі бүкіл ағзаның жұмысына жауап береді. Жүйке жүйесінің басты мүшесі – бүл адамның миы. Енді мидың бөлімдері қалай құралғанын қарастырайық.

 Адам миының құрылысы мен қызметі.

 Бұл ағза мүшесінің басым бөлігі нейрон деп аталатын жасушалардан құралады. Бұл жасушалар тарапынан электр импульстері пайда болады және осының арқасында барлық жүйке жүйесі жұмыс жасайды.

 Нейрондардың қалыпты жұмыс жасауын нейроглия деп аталатын жасушалар қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұл аталған жасушалар орталық жүйке жүйесін құрайтын жасушалардың жартысын алып жатыр.

 Нейрондар, өз кезегінде, нейрон денесінен және екі түрлі өскіндерден: аксондардан (импульстерді өткізетін) және дендриттерден (импульстерді қабылдайтын) құралған. Нейрондардың денесі сұр заттардың негізгі ұлпалық массасын құрайды, ал аксондар бір-бірімен бірігіп жүйке талшықтарын құрайды, сонымен қатар бұл талшықтардың негізінде ақ зат түзіледі.

 Эволюциялық даму барысында, адамның миы ағзадағы ең маңызды мүшелердің біріне айналды. Адамның миы жалпы дене массасының елуден бір бөлігін құрағанның өзінде, бұл мүше ағзаға түсетін оттегінің бестен бір бөілігін тұтынады.

 Ал бұл мүшені қорғау мақсатында, табиғат, көптеген қорғаныс құралдарын ойлап тапты. Миды сыртқы жағынан ми сауыт қаптап тұрады, ал осы ми сауытының астыңғы жағында қосымша үш қабат орналасқан:

  •  Қатты қабат. Бір жағынан сүйек ұлпасымен жанасып жататын, ал екінші жағынан мидың қыртысты қабатымен байланысқа түсетін, өте жұқа қабат.
  •  Жұмсақ қабат. Борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған және мидың барлық иірімдерінің арасын толтыра отырып, үлкен ми сыңарларын астарлап жатады. Қызметі – бұл мүшені қанмен қамтамасыз ету.
  •  Торлы қабат. Жоғарыда аталған екі қабаттың арасында орналасады және солардың арасындағы жұлын сұйықтығының алмасуын қамтамасыз етеді. Жұлын сұйықтығы бұл – қозғалу кезінде миды механикалық соққыдан қорғайтын, табиғи амортизатор.

 Әрмен қарай, біз адам миы қалай жасалғанын қарастырамыз. Морфофизиологиялық сипаттамаларға сәйкес адамның миы үш бөлімнен құрылуы мүмкін. Ең төменгі бөлімді ромб тәрізді бөлім деп атайды. Ромб тәрізді бөлім басталған аумақта, жұлын болмайды – ол сопақша миға және артқы миға (Воролиев көпірі және мишық) жалғасып кетеді.

 Әрі қарай, жүйке орталығы саналатын – алдыңғы бөлімді төменгі бөлікпен байланыстыратын, ортаңғы ми орналасқан. Алдыңғы бөлімнің құрамына сопақша ми және үлкен ми сыңарлары кіреді. Жоғарғы және төменгі жүйкелік әрекеттерді ұйымдастыру, үлкен ми сыңарларының басты қызметтерінің бір болып табылады.

 Үлкен ми сыңарларының оң және сол бөліктері барлық ойлау үдерістерінің қалыптасуына жауап береді. Осы жерде нейрондардың басым көпшілігі шоғырланған және олардың арасындағы ең күрделі байланыс түрлері байқалады. Үлкен ми сыңарларын екіге бөлетін жүлгенің ең төменгі жағында ақ заттың тығыз концентрациясы – күсті дене орналасқан. Бұл дене, жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерін байланыстыратын, жүйке талшықтарының күрделі өрімдерінен құралған.

 Ақ заттың құрамында, базальды ганглиялар деп аталатын, нейрондардың тобы болады. Бұл құрылымдардың мидың тасымалдау торабына жақын орналасуына байланысты, аталған құрылымдардың көмегімен бұлшықет тонусын реттеуге және шапшаң рефлекторлық жауаптарды жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, базальды ганглиялар күрделі автоматты әрекеттерді қалыптастыруға және жүзеге асыруға жауапты.

 

 Адам миының қыртысы

 

 Бұл сұр заттан құралған жұқа қабат, жүйке жүйесіндегі ең жас түзіліс болып табылады. Үлкен ми сыңарларының қыртысты қабаты адамның жоғарғы жүйкелік әрекетіне жауап береді.

 Зерттеушілердің зертеу жұмыстарының нәтижесінде, мидың қыртысты қабатының қандай бөлімдері эволюциялық даму барысында жаңадан пайда болғаны, ал қандай бөлімдері тарихи бабаларымызда болғаны анықталды:

  •  неокортекс – қыртысты қабаттың негізгі бөлігі саналатын, сыртқы қабат;
  •  архикортекс – адамның сезікті әрекетіне және эмоциясына жауап беретін, салыстырмалы түрде ескі түзіліс;
  •  палеокортекс – вегетативті іс-әрекеттерге жауап беретін тарихи түзіліс. Сонымен қатар, бұл түзіліс ағзаның ішкі физиологиялық тепе-теңдігін бақылауға көмектеседі.

 Мидың қыртысты қабатының көлемі кші болып көрінгенімен, бұл түзіліс шамамен төрт шаршы метр аумақты алып жататындай аумаққа ие.

 Осындай көлмеге ие болуы, мида орналасқан иірімдер мен жүлгелердің арқасында, сонымен қатар бұл құрылымдар үлкен ми сыңарларын бірнеше бөлімдерге бөліп тұрады және әр бөлімнің өзіндік атқаратын қызметі бар:

 Маңдай бөлімі

 Үлкен ми сыңаларының, өте күрделі әрекеттерді орындауға жауап беретін, ең үлкен бөлімі. Мидың маңдай бөлімінде ерікті әрекеттерді орындауды жоспарлау жүзеге асады, сонымен қатар бұл бөлімде сөйлеу орталықтары орналасқан. Мидың қыртысты қабатының нақ осы бөлімінде адамның мінез құлқын бақылау жүзеге асады. Егер мидың осы бөлімі зақымданған жағдайда, адам өзінің әрекетерін бақылауда ұстай алмай, қоғамға қарсы әрекеттер жасауы мүмкін.

 Шүйде бөлімі

 Көру қызметімен тығыз байланысты, яғни көру ақпараттарын қабылдауға және өңдеуге жауап береді. Бұл дегеніміз, көздің қарашығына келген барлық жарық сигналдарын, көру бейнесіне айналдырады.

 Төбе бөлімі

 Кеңістіктік талдау жүргізеді және көптеген сезімдерді (ауырсыну, түйсіну, бұлшықеттік сезім) өңдеу қызметін атқарады. Сонымен қатар, әртүрлі ақпараттарды талдау және құрылымдық фрагменттерге біріктіру, өз денесін және айналасын сезіну, оқу, санау және жазу қызметтеріне жауап береді.

 Самай бөлімі.

 Осы бөлімде, құлақтан келіп түсетін, аудио ақпараттарды өңдеу және талдау, дыбыстарды қабылдау жұмыстары жүреді. Самай бөлімі адамдардың бейнесін анықтауға, сонымен қатар мимикалық көрініске, эмоцияны білдіруге қатысады. Осы жерде, ұзақ уақыт бойы сақталуы үшін, ақпараттардың құрылымы өзгереді, осылайша ұзақ мерзімді есте сақтау қалыптасады.

 Сонымен қатар, самай бөлімінде сөйлеу орталықтары болады, ал осы орталықтардың зақымдануы адамның ауызша сөйлеуді қабылдау мүмкіндігінен айырылады.

 Орталық бөлім

 Адамның түйсігінің қалыптасуына жауапты бөлім. Адамның басқа біреу үшін уайымдау кезінде, музыка, күлкінің және жылаудың даусын есту кезінде осы орталық бөлімнің белсенді жұмыс жасауы байқалады. Сонымен қатар осы бөлімде, жағымсыз иістерге және лас жерге деген жиіркену сезімдерін өңдеу жүзеге асады.

 

 Аралық ми

 

 Аралық миы нейрондық сигналдарға арналған сүзгі түрінде қызмет етеді - барлық келетін ақпаратты қабылдайды және қайда баруға болатындығын анықтайды. Төменгі және артқы бөлімдерден (терамус және эпиталамус) тұрады. Осы бөлімде эндокриндік қызметі де жүзеге асырылады, яғни гормондық метаболизм.

 Төменгі бөлігінде гипоталамус болады. Нейрондардың бұл шағын тығыз байламы бүкіл денеге үлкен әсер етеді. Дене температурасын реттеумен қатар, гипоталамус ұйқылық пен сергек жүру циклдарын бақылайды. Ол сондай-ақ аштық пен шөлділікке жауап беретін гормондарды түзеді. Қызығушылық орталығы бола отырып, гипоталамус жыныстық мінез құлықты реттейді.

 Ол сондай-ақ гипофиз безімен тікелей байланысты және жүйке белсенділігін эндокриндік белсенділікті аударады. Гипофиздің қызметі, өз кезегінде, ағзаның барлық бездерінің жұмысын реттеуден тұрады. Электр сигналдары гипоталамустан мидың гипофиз безіне, қандай гармондардың өндірісін бастауға және олардың қайсысын тоқтатуға болатындығын туралы «бұйрық» бере отырып жеткізіледі.

 Аралық мидың құрамында келесідей құрылымдар болады:

  •  Таламус – осы бөлім «сүзгі» қызметін атқарады. Бұл жерде көру, есту, дәм сезу және тактильді рецепторлардан келген сигналдар өңделеді және тиісті бөлімдерге таратылады.

 • Эпиталамус - ояту циклдарын реттейтін, жыныстық қатынас процесіне қатысатын және эмоцияларды басқаратын мелатонин гормонын түзеді.

 Ортаңғы ми

 Бірінші кезекте есту және көру рефлекторлық әрекеттерді реттейді (қатты жарық кезінде көз қарашығының кішіреюі, қатты дыбысқа қарай басты бұру және т.б.). таламуста өңделіп болғаннан кейін, ақпарат ортаңғы миға жеткізіледі.

 Мұнда ол әрі қарай өңделіп, қабылдау процесін, мағыналы дыбыс пен оптикалық бейнені қалыптастырады. Бұл бөлімде көздің қозғалысы синхрондалады және бинокулярлық көру жұмысы қамтамасыз етіледі.

 Ортаңғы мидың құрамында педикулалар мен төрт төмпешікті ми бөлімдері болады (екі есту және екі көру төмпешігі) бар. Ортаңғы мидың ішкі жағында, қарыншаларды байланыстырып тұратын, қуыс болады.

 Сопақша ми.

 Бұл жүйке жүйесінің ең тарихи түзілісі. Сопқша мидың басты қызметі, ол жүрек соғысын және тыныс алуды қамтамасыз ету. Егер мидың осы бөлімі зақымданатын болса, жүректің қанды тарату қызметінің тоқтауына және қанға оттегінің келіп түспеуіне байланысты, адам тіршілігін тоқтатады. Бұл бөлімнің нейрондарында келесідей қорғаныштық рефлекстер бастау алады: түшкіру, көзді жыпылықтату, жөтелу және құсу.

 Сопақша мидың құрылымы ұзартылған шамды еске салады. Ішінде сұр заттың өзегі бар: ретикулярлы түзіліс, бірнеше ми жүйкелерінің ядросы, сондай-ақ нейрондық түйіндер. Пирамидалық жүйке жасушаларынан тұратын сопақша мидың пирамидасы, қыртысты қабатты және арқа бөлімін біріктіре отырып, өткізу қызметін орындайды.

 Сопақша мида орналасқан маңызды реттеу орталықтары:

  •  Тыныс алуды реттеу
  •  Қан айналымды реттеу
  •  Ас қорыту жүйесінің бірнеше қызметтерін реттеу

 Артқы ми: ми көпірі және мишық

 Артқы мидың құрамында Варолиев көпірі және мишық болады. Ми көпірінің қызметі өзінің атауымен ұқсас келеді, себебі бұл бөлім негізінен жүйке талшықтарынан құралған. Ми көпірі – бұл, денеден миға жеткізілетін сигналдардың және жүйке орталығынан денеге жеткізілетін импульстердің шоссесі тәрізді. Ми көпірі жоғарғы жағынан ортаңғы мимен жалғасып кетеді.

 Мишық бөлімінің кең спектрлі мүмкіндіктері жоқ. Мишықтың қызметі – ол дененің тепе-теңдігін сақтау және қозғалысты бағдарлау. Мишық тек қана күрделі әрекеттерді орындауға қатысып қана қоймай, ол сонымен қатар әр түрлі жағдайларға қозғалу аппаратының бейімделуін қамтамасыз етеді.

 Мысалы, инвертоскопты қолдану арқылы эксперименттердің (қоршаған әлемнің бейнесін айналдырып көрсететін арнайы көзілдіріктер) нәтижесі мынаны көрсетті, яғни осы құралды ұзақ уақыт бойы қолдану кезінде, адамның кеңістікке бағдарлануына мишық жауапты екендігін көрсетті.

 Анатомиялық тұрғыдан, мишық үлкен жарты шаралардың құрылымын қайталайды. Сыртқы қабатын сұр түсті зат құрайды, ал оның астыңғы қабатында ақ заты орналасады.

 Лимбикалық жүйе

 Лимбикалық жүйе деп, ми бағанының жоғарғы жағын алып жататын, түзілістердің жиынтығы атайды. Жүйенің құрамында иіс сезу орталықтары, гипоталамус, гиппокамп және ретикулярлы түзілістер болады.

 Ағзаның сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз ету және эмоцияны реттеу, лимбикалық жүйенің басты қызметінің бірі болып табылады. Бұл білім жадысы мен сенсорлық тәжірибелер арасындағы байланыстар арқылы тұрақты естеліктерді қалыптастыруға көмектеседі. Иіс сезу орталықтары мен эмоциялық орталықтар арасындағы тығыз байланыстың болуы, иістердің бізге осындай күшті және айқын естеліктер әкелуіне себепкер болады.

 Лимбикалық жүйенің қызметерін тізіп жазатын болсақ, онда бұл жүйе келесідей үдеріске жауап береді:

  •  Иіс сезу
  •  Коммуникация
  •  Есте сақтау: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
  •  Ұйқы
  •  Бөлімдердің және мүшелердің жұмыс жасау қабілеті
  •  Эмоция
  •  Интеллектуалды әрекет
  •  Эндокринді және вегетативті
  •  Қоректік инстиктің қалыптасуына қатысады.

Сайтқа сілтеме: https://mozgportal.ru/stroenie-mozga/funktsii-i-stroenie-golovnogo-mozga.html

 

 Демонстрациялауға және қауіпсіздік техникасына арналған нұсқаулық

 Бөлшектенген «Адамның макеті» моделімен жұмыс жасау кезінде, модельдің бөліктерін үстелдің үстінде жинау қажет, себебі модель бөліктерінің жерге құлау және оқушылардың жарақаттау қаупі бар, сонымен қатар модель бөліктеріне механикалық зақым келуі мүмкін.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар.

 Сабақтың басында, ой қозғау кезінде, карточкалардағы мәтінді өзгертуге немесе толықтыруға болады. Мәтінді суреттермен ауыстыруға да болады.

 Матриалды игеру кезінде топтардың санын өзгертуге болады. Оқыту ресурсы ретінде, оқушыларға қосымша оқу материалдарын ұсыныңыз.

 Оқыту әрекетінің өнімін құрасытыру кезінде, оқытудың дифференциалды тәсілдерін пайдаланыңыз: оқушыларға сурет, сызба, сұрақ, комикс, тезистік жоспар түріндегі оқу материалын таңдауға мүмкіндік беріледі.

 

 Формативтік бағалау бойынша ұсыныстар.

 1. Материалды қайталау кезеңінде, оқушыларға адам моделі бөлшектенген күйінде беріледі, ал оқушылар сол бөліктердің арасынан ми мен жұлынды тауып, олардың орналасу жерін анықтайды. Оқушыларға 8 және 9 сыныптарда өтілген, орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметін түсіндіру ұсынылады. Өзара бағалау жүзеге асырылады. Нәтижелерді талқылау, нәтижелерді жақсарту мақсатында оқушыларға кері байланыс беріледі.

 2. Ой шақыру кезеңінде, мұғалім тарапынан ми және жұлынның компоненттері және олардың қызметі жазылған карточкалар оқушыларға ұсынылады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту мақсатында, мұғалім аталған карточкаларды үш топқа жіктеуді ұсынады:

 - мидың құрамына жатқызылатын

 - жұлынның құрамына жатқызылатын

 - ми мен жұлынның құрылысына ешқандай қатысы жоқ құрылымдар

 Оқушыларға дұрыс жауапты көрсету арқылы, мұғалім осы тақырып бойынша оқушылардың жақын даму аймағын көрсетеді.

 3. Тақырыпты түсіну кезеңінде, оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әрбір топ мидың құрылысы мен қызметін зерттеу бойынша тапсырмалар орындайды.

 1 топ: мидың моделі негізінде мидың құрылысын зерттейді;

 2 топ: мидың қызметін зерттейді (сопақша ми, мишық).

 3 топ: мидың қызметін зерттейді (ортаңғы ми, аралық ми).

 4 топ: мидың қызметін зерттейді (мидың үлкен сыңарлары).

  • Оқыту әрекетінің өнімін құрастыру кезінде, оқытудың дифференцияциялық тәсілдерін пайдаланыңыз: оқушыларға сурет, сызба, сұрақ,комикс, тезистік жоспар түріндегі оқу материалын таңдауға мүмкіндік беріледі. Бағалау критерийлерін және дескриптерлерін талқылау.

 

 

 Пайдаланған әдебиеттерге сілтеме

  • Мидың құрылысы мен қызметі туралы видео

https://www.youtube.com/watch?v=52qp_4t8bDo

  • «Адам миы қалай жасалынған» видеосы

https://www.youtube.com/watch?v=gmVCCYRNBGo

Қосымша ақпарат көздері:

1. Мидың құрылысы туралы ресурс:

http://abromed.ru/diseases/cns-tumors/bt/brain/

2. Мидың құрылысы туралы ресурс:

http://golmozg.ru/stroenie/golovnoj-mozg-stroenie-i-funkcii-obshhee-opisanie.html

3. Ми мен жұлынның құрылысы мен қызметі туралы мәліметтер:

https://yourspine.ru/spinnoj-mozg

4. Ұсынылып отырылған ВВС-ң интерактивті анимациясы миды зерттеуге мүмкіндік береді:

http://www.bbc.co.uk/science/humanbody/body/interactives/organs/brainmap/

5. Мидың құрылысы туралы қысқа және көрнекі ақпарат:

http://qps.ru/TwFfe

Ми мен жұлынның жарақаттары туралы ақпарат:

http://www.ckb-rzd.ru/diseases/travmy-golovnogo-i-spinnogo-mozga/

6. Мидың құрылысы мен қызметі туралы мәлімет (орыс тілінде):

http://www.kp.ru/guide/porazhenie-golovnogo-mozga.html

7. Ми құрылысымен танысу

https://twig-bilim.kz/kz/film/introduction-to-the-brain

8. Ми діңі

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhujke-zhujesi/lesson/ortalyq-zhujke-zhujesi

9.Мишық

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhujke-

zhujesi/lesson/ortalyq-zhujke-zhujesi

10.Мидың құрылысы

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhujke-zhujesi/lesson/ortalyq-zhujke-zhujesi



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.