Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Жұлынның құрылысы мен қызметі

Оқу мақсаты:

Жұлынның құрылысы мен қызметін сипаттау

Білімді жаңарту үшін материалды қайталау

Оқушылар бес топқа бөлінеді. Әр топқа А3 форматтағы плакат беріледі. Топтарға мидың бес бөлігінің бірінің құрылысы мен қызметін сызба түрде сипаттау қажет:

1. Сопақша ми

2. Ортаңғы ми

3. Аралық ми

Мишық

5. Алдыңғы ми

Бағалау критерийі:

1. Ми бөлімдерінің ОЖЖ орналасу аумағын анықтау

2.Ми бөлімдерінің құрылымдық компоненттерін атау

3. Ми бөлімдерінің қызметтері анықталады.

Бейне жазбаны көріп, адам ағзасындағы жұлынның рөлін бағалаңыз.

Жүйке жүйесі туралы бейне жазба

https://www.twig-bilim.kz/film/the-nervous-system-6722/

Жұлынның құрылысын зерттеу

Оқушылар дәптерлеріне келесідей тапсырмаларды орындайды:

1.Жұлынның ақ затын, сұр затын және түбірін көрсететін сурет салыңыз.

2. Жұлынның омыртқа бағанының ішіндегі орналасуын анықтаңыз.

Жұлын туралы бейне жазба

https://www.twig-bilim.kz/film/factpack-the-spinal-cord-6292/

http://www.likar.info/symptoms/Narushenie-spinnogo-mozga/

https://www.yaklass.ru/

Жұлынның қызметін зерттеу

1. Оқушылар оқулық материалдарын оқиды.

2. Дәптерлеріне жұлынның қызметі туралы қысқаша мағлұмат сипаттаңыз. (өткізгіш және рефлекстік).

3. Жұлынның қызметі бұзылуына байланысты мысалдар келтіріледі. (жарақат, инфекция, туа біткен ауытқулар).

4. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ақпаратты бір-біріне айтып талқылау үшін, оқушылардың үштігін құрайды.

Жұлынның қызметі

http://www.bolshoyvopros.ru/questions/3017832-kakova-glavnaja-funkcija-spinnogo-mozga.html

Сабақты бекіту

Оқушылар жұлынның құрылысы мен қызметі туралы сұрақтарды стикерге жазып тұжырымдайды . Сынып 3-4 топқа бөлінеді. Топтар бір-бірімен сұрақ алмасады және жауап береді.

Сабақты тексеру жұмыстары

Тапсырма: мәтіндегі бос орындарды толтырыңыз.

Механикалық зақымданудан қорғану мақсатында, омыртқа жотасының ішкі жағында …………………… орналасады. Жұлын дегеніміз ұзындығы …………….. см болатын және массасы 35 грамм болатын түтік. Жұлыннның ортасында, ішін …………… толтырып тұратын орталық қуыс орналасқан. Мидың құрылысымен салыстырғанда, жұлынның сұр заты …………, ал ақ заты …………… орналасқан. Жұлыннан барлық ағза бойынша ………….. жұп жұлын жүйкесі таралған. Жұлынның ең басты екі қызметі бар, олар: ……………. және ……………. Ақ зат дегеніміз бұлжүйке импульстерін өткізуші. Бұлшықеттерден. Теріден ішкі мүшелерден келген жүйке импульстері алдымен жұлынға өтеді, сонан соң миға жеткізіледі. Бұл жүйке импульстерінің ………….. жолы болып табылады. Ал мидан шыққан жүйке импульстері жұлынға жеткізіледі, ал жұлыннан басқа ішкі мүшелерге таралады. Бұл жүйке импульстерінің ………….. жолы болып табылады. Жұлынның құрамында көптеген туа пайда болған шартсыз рефлекстер орталығы болады, және олар ……… затында орналасады. Сондықтанда жұлынның негізгі қызметі ……………. қызмет болып табылады.

Жауабы:

Механикалық зақымданудан қорғану мақсатында, омыртқа жотасының ішкі жағында жұлын орналасады. Жұлын дегеніміз ұзындығы 40-45 см болатын және массасы 35 грамм болатын түтік. Жұлыннның ортасында, ішін жұлын сұйықтығы толтырып тұратын орталық қуыс орналасқан. Мидың құрылысымен салыстырғанда, жұлынның сұр заты ішкі жағында, ал ақ заты сыртқы жағында орналасқан. Жұлыннан барлық ағза бойынша 31 жұп жұлын жүйкесі таралған. Жұлынның ең басты екі қызметі бар, олар: өткізгіштік және рефлекторлық. Ақ зат дегеніміз бұлжүйке импульстерін өткізуші. Бұлшықеттерден. Теріден ішкі мүшелерден келген жүйке импульстері алдымен жұлынға өтеді, сонан соң миға жеткізіледі. Бұл жүйке импульстерінің жоғары өрлеуші жолы болып табылады. Ал мидан шыққан жүйке импульстері жұлынға жеткізіледі, ал жұлыннан басқа ішкі мүшелерге таралады. Бұл жүйке импульстерінің төменгі өрлеуші жолы болып табылады. Жұлынның құрамында көптеген туа пайда болған шартсыз рефлекстер орталығы болады, және олар сұр затында орналасады. Сондықтанда жұлынның негізгі қызметі рефлекторлық қызмет болып табылады.

Кері байланыс

1.Жұмыстың қай кезеңінде қиындықтар туындады?

2. Келесі сабақта мұғалімнен қандай көмек қажет болуы мүмкін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.