Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4 А Координация және реттелу

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі (1 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.7.1 жұлынның және мидың құрылысы мен қызметін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

        • Мидың құрылысын сипаттай алады;
        • Мидың қызметін түсіндіреді.

Бағлау критерийлері

  • Мидың негізгі бөлімдерінің атауларын біледі.
  • Мидың қызметін түсіндіреді.
  • ОЖЖ бөлімдерін, қызметтерімен сәйкестендіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мидың құрылысы мен қызметін сипаттайды (ауызша түрде). Суреттерге жазбаша жазу. Ауызша және жазбаша түрде мидың әр бөліктерін атқаратын қызметтерімен байланыстыру.

Пәндік лексика және терминология:орталық жүйке жүйесі, перифериялық жүйке жүйесі, жұлын, ми, ақ зат, сұр зат, аралық ми, ортаңғы ми, сопақша ми, мишық, ұлкен ми сыңарлары, өткізгіштік, рефлекстік

Пәндік лексика және терминология:

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Мидың құрамында….. болады, бұл бөлімдер …. қызмет атқарады.

Х бөлімі мидың құрамдас бөлігі, және … қызмет атқарады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, аз қабілетті оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Физика: жүйке ұлпасының электрлік импульстарын талқылағанда.

Бастапқы білім

Жүйке жасушасы, жүйке ұлпасы, жүйке жүйесі 7, 9 сыныптар

Сезім мүшелері 8 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5

5-8

8-10

1.Материалды қайталау. Оқушыларға адам моделі бөлшектенген күйінде беріледі, ал оқушылар сол бөліктердің арасынан ми мен жұлынды тауып, олардың орналасу жерін анықтайды. Оқушыларға 8 және 9 сыныптарда өтілген, орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметін түсіндіру ұсынылады.

2.Ой шақыру. Мұғалім тарапынан ми және жұлынның компоненттері және олардың қызметі жазылған карточкалар оқушыларға ұсынылады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту мақсатында, мұғалім аталған карточкаларды үш топқа жіктеуді ұсынады:

 - мидың құрамына жатқызылатын

 - жұлынның құрамына жатқызылатын

 - ми мен жұлынның құрылысына ешқандай қатысы жоқ құрылымдар

 Оқушыларға дұрыс жауапты көрсету арқылы, мұғалім осы тақырып бойынша оқушылардың жақын даму аймағын көрсетеді.

3. Сабақтың мақсатын анықтау. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың тақырыбы және мақсаты анықталады:

        • Мидың және жұлынның негізгі бөлімдерін атау;
        • Мидың қызметін түсіндіреді.
        • ОЖЖ бөлімдерін, қызметтерімен сәйкестендіреді.

Үлкен анатомиялық модель «Торс человека»

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

30-35

35-38

4.Мидың қызметі мен құрылыс зерттеу.

4.1 Оқу материалын игеру. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әрбір топ мидың құрылысы мен қызметін зерттеу бойынша тапсырмалар орындайды.

1.топ: мидың моделі негізінде мидың құрылысын зерттейді;

2.топ: мидың қызметін зерттейді (сопақша ми, мишық).

3.топ: мидың қызметін зерттейді (ортаңғы ми, аралық ми).

4топ: мидың қызметін зерттейді (мидың үлкен сыңарлары).

4.2 Оқыту әрекетінің өнімін құрастыру. Оқытудың саралау тәсілдерін пайдаланыңыз: оқушыларға сурет, сызба, сұрақ, комикс тезистік жоспар түріндегі оқу материалын таңдауға мүмкіндік беріледі.

Бағалау критерийлерін және дескриптерлерін талқылау.

4.3 Таныстырылым көрсетілімі.

Таныстырылым кезінде, оқушыларға қабылдаған ақпараттарды талдау және синтездеу арқылы жұмыс дәптеріне кестеге көшіру ұсынылады:

Ми бөлімдері

Орналасуы және құрылымдық ерекшелігі

Қызметі

Өзара бағалау.

5.Сабақты бекіту.

Оқушыларға мидың негізгі бөлімдерінің атауларын және қызметтерін «мылқау суреттерде» белгілеуді ұсыныңыз.

Мидың моделі

«Биология» оқулығы

Адам биологиясы. Кесте және сызба түрінде. Резанова Е.А., Антонова И.П., Резанов А.А.

Постер, маркер

Қосымша 2

Сабақтың соңы 38-40

6. Рефлексия.

Оқушылар сөйлемдіаяқтайды:

Бүгін маған қиын болды …….

Маған мұғалімнің көмегі қажет болды ….

Стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға көмек ретінде:

Қосымша ресурс көздеріне, оқулықтар мен веб сайттарға сілтеме берілді, керекті құрал-жабдықтар беріледі.

Материалды қайталау кезеңінде, оқушыларға адам моделі бөлшектенген күйінде беріледі, ал оқушылар сол бөліктердің арасынан ми мен жұлынды тауып, олардың орналасу жерін анықтайды. Ой шақыру кезеңінде, мұғалім тарапынан ми және жұлынның компоненттері және олардың қызметі жазылған карточкалар оқушыларға ұсынылады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту мақсатында, мұғалім аталған карточкаларды үш топқа жіктеуді ұсынады: Әрбір топ мидың құрылысы мен қызметін зерттеу бойынша тапсырмалар орындайды. Оқыту әрекетінің өнімін құрастыру кезінде, оқытудың саралау тәсілдерін пайдаланыңыз: оқушыларға сурет, сызба, сұрақ, тезистік жоспар түріндегі оқу материалын таңдауға мүмкіндік беріледі. Бағалау критерийлерін және дескриптерлерін талқылау.

Сыныптың ішінде қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.