Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4 А Координация және реттелу

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі (2 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.7.1 жұлынның және мидың құрылысы мен қызметін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

        • Жұлынның құрылысын сипаттай алады;
        • Жұлынның қызметін түсіндіреді.

Бағлау критерийлері

  • Жұлынның негізгі бөлімдерінің атауларын біледі.
  • Жұлынның қызметін түсіндіреді.
  • ОЖЖ бөлімдерін, қызметтерімен сәйкестендіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жұлынның құрылысы мен қызметін сипаттайды (ауызша түрде). Суреттерге жазбаша жазу. Ауызша және жазбаша түрде мидың әр бөліктерін атқаратын қызметтерімен байланыстыру.

Пәндік лексика және терминология:орталық жүйке жүйесі, перифериялық жүйке жүйесі, жұлын, ақ зат, сұр зат, өткізгіштік, рефлекстік

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: .Жұлынның ішіне кіреді ... .. бұл ... қызметі.

X - бұл жұлынның құрамдас бөлігі, және ... қызмет атқарады..

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, аз қабілетті оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Физика: жүйке ұлпасының электрлік импульстарын талқылағанда.

Бастапқы білім

Жүйке жасушасы, жүйке ұлпасы, жүйке жүйесі 7, 9 сыныптар

Сезім мүшелері 8 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5

5-8

8-10

10-12

1. Білімді жаңарту үшін материалды қайталау

кезеңінде, оқушылар бес топқа бөлінеді. Әр топқа А3 форматтағы плакат беріледі. Топтарға мидың бес бөлігінің бірінің құрылысы мен қызметін сызба түрде сипаттау қажет:

  • Сопақша ми
  • Ортаңғы ми
  • Аралық ми
  • мишық
  • Алдыңғы ми

Бағалау критерийі:

  • Ми бөлімдерінің ОЖЖ орналасу аумағын анықтайды.

2.Ми бөлімдерінің құрылымдық компоненттерін атау

3.Ми бөлімдерінің қызметтері анықталады,.

Нәтижелерді көрсету, талқылау және кері байланыс беру.

2. Ой шақыру кезеңінде, оқушыларға орталық жүйке жүйесі туралы видео көрсетіледі. Видеоны талқылайды. Өздері түсінбеген сұрақтар бойынша сұрақ қояды және талқылайды.

Оқушыларға дұрыс жауапты көрсету арқылы, мұғалім осы тақырып бойынша оқушылардың ең жақын даму аймағын анықтауға көмектеседі.

3. Сабақтың мақсатын анықтау. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың тақырыбы және мақсаты анықталады:

        • Жұлынның құрылысын сипаттау;
        • Жұлынның қызметін түсіндіру.

Плакат А3

ОЖЖ туралы видео https://www.twig-bilim.kz/film/the-nervous-system-6722/

Сабақтың ортасы

12-20

20-30

30-35

35-39

4. Жұлынның құрылысын зерттеу.

Оқушыларға жұлынның құрылысы туралы видео көрсетіледі. Оқушылар дәптерлеріне келесідей тапсырмаларды орындайды:

1. Оқушылар, жұлынның ақ затын, сұр затын және түбіртектерді көрсететін, сурет салады.

2.Жұлынның омыртқа бағанының ішіндегі орналасуын анықтаңыз.

Бағалау критерийі негізінде өзара бағалау.

5. Жұлынның қызметін зерттеу.

1. Оқушылар оқулық материалдарын оқиды.

2. Дәптерлеріне жұлынның қызметі туралы қысқаша мағлұмат сипаттаңыз. (өткізгіш және рефлекстік).

3.Жұлынның қызметі бұзылуына байланысты мысалдар келтіріледі.(жарақат, инфекция, туа біткен ауытқулар).

4. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ақпаратты бір-біріне айтып талқылау үшін, оқушылардың үштігін құрайды.

Сабақты бекіту.

Оқушылар жұлынның құрылысы мен қызметі туралы сұрақтарды стикерге жазып тұжырымдайды немесе құрастырады. Сынып 3-4 топқа бөлінеді. Топтар бір-бірімен сұрақ алмасады және жауап береді.

7. Сабақты тексеру жұмыстары

Оқушылар сөздері қалып қойған мәтінді толтырады және жауаптарын дұрыс мәтінмен салыстырады.

Жұлын туралы видео

https://www.twig-bilim.kz/film/factpack-the-spinal-cord-6292/

Қосымша 1

Адам биологиясы. Кесте және сызба түрінде. Резанова Е.А., Антонова И.П., Резанов А.А.

Қосымша 2

Сабақтың соңы 39-40

6.Кері байланыс. Мұғалімнің сұрақтарына негізделген:

1.Жұмыстың қандай кезеңінде қиындықтар туындады?

2. Келесі сабақта мұғалімнен қандай көмек қажет болуы мүмкін?

Стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға көмек ретінде:

Ақпаратты түсіну кезеңінде оқушыларға сурет салу, сызба, сұрақтар, тезистік жоспар, комикс және т.б. түрінде оқу материалын таңдауға мүмкіндік беріледі

Тақырыпты түсіну кезеңінде, оқушылар бірнеше рет бағаланады:

1.Өзара бағалау негізінде бағалау жұмысын дәптерге түсіреді.

2.Ауызша өзара бағалау.

3.Әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беруді ауызша бағалау.

4. Сабақтың соңында, оқушылар сөздері қалып қойған мәтінді толтырады және жауаптарын дұрыс мәтінмен салыстырады.

Сыныптың ішінде қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.