Жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасында байланысты орнату. Биология, 10 сынып, презентация.


10.1.7.1

Жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасында байланысты орнату

Оқу мақсаттары:

1. Жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасында байланысты орнату

2. Жүйке ұлпасының қызметі мен құрылымдық бөлімдерінің қызметтерін талдау

Пәнге қатысты терминология:

Жүйке жасушалары

Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейритНейрит (мұндай бет жоқ)) болып екіге бөлінеді.

Жүйке жасушасының құрылысы: денеден (бір ядросы бар жуандау жері) бір ұзын және көптеген қысқа өсінділерден құралған. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді.

Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтедідендриттер → дене  → аксон. Бір нейронда дендрит бірнешеу болады, ал аксон біреу.

Жүйке жүйесінің құрылысы

Нейрондардың денелері ми мен жұлында жиналып, сұр зат түзеді.

Нейрон өсінділері (жүйке талшықтары) ми мен жұлында ақ затты түзеді және жүйкелердің құрамына кіреді.

Нейрондардың жиынтығы жүйкені құрайды. Сенсорлы жүйкелер сенсорлы нейрондардан, мотор жүйкелер мотор нейрондардан, ал аралас жүйкелер сенсорлы, әрі мотор нейрондардан құралады. Көру жүйкесі сенсорлы жүйкеге мысал бола алады, ол импульстарды көздің артқы бөлігіндегі рецептор жасушасынан миға қарай өткізеді.

Жүйке дегеніміз не?

Жүйке жүйесінің маңызы

Жүйке жүйесі  денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалыжүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.

Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады

3. Жүйке жүйесі  ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді.

Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.

1 ТАПСЫРМА

Берілген құрылымдардың қайсысы нейронның миелинді бөлігіндегі секірмелі өткізгіштікті қамтамасыз етеді?

1. Аксон мембранасы

2. Ранвье үзінділері

3. Шванн жасушалары

4. Нәруыздық канал

2 ТАПСЫРМА

Афферентті нейрондар:

1. Қозуды қабылдауды қамтамасыз етеді

2. ОЖЖ-нен шеткі жүйке жүйесіне ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді

3. қозуды қабылдауды және ақпаратты ОЖЖ берілуін қамтамасыз етеді

4. ОЖЖ ішінде ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді

3 тапсырма

Жүйке жасушаларының миелинді қабаты қандай қызмет атқарады?

A импульстің өтуін жылдамдатады

B қозуды бір жасушадан екіншісіне өткізеді

C қозудың өтуін төмендетеді

D қоректік қызмет атқарады

Сұрақ жауап

https://learningapps.org/display?v=p165szmxk20

Жауабы:

1. В

2. С

3. А

Сіз жүйке жүйесіне қатысты барлық сөздерді таба аласыз ба? Көрген барлық сөздерді белгілеңізСөздер жоғары, төмен немесе көлденең болуы мүмкін

ACTIVITY

ЖАУАБЫ

Нейроанатомия сөзін іздеу

Осы басқатырғыштан нейроанатомияға қатысты әр түрлі сөздерді таба аласыз ба? Осы парақтан таба алатын барлық сөздерді дөңгелектеңіз.

  

ACTIVITY

Рефлексия

Мақсатқа жеттім, бәрін түсіндім...

Кейбір жұмыстарды орындауда қиындық туындағандықтан, мақсатқа жетуге талпынып, әрең жеттім...

Мен мақсатқа жете алмадым, түсінбедім, тығырыққа тіреліп қалдым

Үй жұмысы.

ТИМС-та Нейронның бөлімдері турады кестені орындап, нейрон бөлімдерінің атқаратын қызметтерін сипаттайды

Сабақ аяқталды!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.