Белгілердің тұқымқуалауының цитологиялық негіздері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
1. Оқушылар мәтінді арнайы белгілер қойып отыра оқиды:
V — мен бұны білемін;
+ — бқл мен үшін жаңа ақпарат;
- — бұл менің білгеніме қайшы келеді;
? — маған анық емес, түсінік қажет.
Кеңес: мәтінге қарандашпен белгілеген ыңғайлырақ.
Тұқымқуалау заңдылықтарының цитологиялық негіздері. Мендель гаметалар тазалығы туралы гипотезаны тұжырымдайтын сәтте митоз туралы, гаметалардың дамуы туралы, миоз туралы ештеңе анық болған жоқ. Қазіргі кезде цитологияның жетістігі арқасында Мендель заңдары цитологиялық негізге ие болды.
Кез келген өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінде хромосомалардың сәйкес жиынтығы бар. Соматикалық жасушаларда барлық хромосомалар жұптасқан (жыныс жасушаларынан басқа).
Сурет 104. Моногибридті будандасытрудың цитологиялық негізі Біз зерттеп жүрген организмнің тек бір жұп хромосомасы бар екен деп есептейік [104], ал гендер хромосомалардың бөліктері болып табылады. Жұпталған гендер гомологтық хромосомаларда орналасқан. Гаметалардағы гомологтық хромосомалардың әр жұбынан мейоз арқылы әрбір жұптан бір ген алынатынын түсіну оңай. Зиготада диплоидті хромосомдар жиынтығы пайда болған кезде хромосомалық жұптылықтың және локализацияланған гендер қалпына келтіріледі. Егер түпнұсқалық ата-аналық пішіндер гомозигота болса және олардың біреуі басым гендерді иеленетін хромосомалар болса, ал екіншісі - рецессивті болса, онда, әрине, бірінші ұрпақтың буданы гетерозигота болады. Мейоз процесінде жыныс жасушалары пайда болған кезде, гомологтық хромосомалар әр түрлі гаметаларда болады демек, гаметаларда әр жұптан бір ген болады.
Өздеріңіз білетіндей, болашақта ағзаны дамыту процесінде жасушалардың бөлінуі хромосомалардың екі еселенуіне алып келеді. Оған ДНҚ молекулаларының, демек, гендердің екі еселенуі себеп болады.
2. кесте толтыру
V | + | — | ? |
«қанат белгі» (әлдеқашан белгілі нәрсе). | «қосу» белгісі қызықты және тосын нәрсе | «алу» (белгісі түсінігіне қайшы нәрсе) | «сұрақ белгісі» (егер бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса) |
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.