Қартаю. Қартаю құбылысы туралы теориялар. Биология, 10 сынып, презентация.
Тақырып: Қартаю. Қартаю құбылысы туралы теориялар
Сынып: 10
Оқу мақсаты: Қартаю туралы ғылыми түсініктің дамуы жаңа мағлұматтардың пайда болуымен сипатталатынын баяндау
Бағалау критерийлері:
- Қартаю құбылысы өмірлік құндылығы туралы ойларын білдіре алады;
- Әрбір ағзаның өмір сүру ұзақтығын зерттейді;
- Қартаю теорияларының түрлері мен олардың нақтылығын өзара салыстыра алады;
- Ерте қартаю синдромы туралы пікір айта алады
Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері
Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю — онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс.
Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды герантология (гр. geron — шал) деп атайды. Герантология қартаю құбылысының негізгі зандылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап тұтас ағза деңгейінде анықтайды, оның даму ерекшеліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді.
Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы
Қартаю — жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның кызмет ету мүмкіншілігін біртебірте қысқартады.
Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене келемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді.
Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.
50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер — тыртықтар, меңдер, сүйеддер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты біртебірте жүқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Сұрақ?
Неге қартайған адамдардың келбеттері кез-келген уақытта жылылыққа толы болады немесе адамға жағымды көңіл-күй тудырады?
Қартаю туралы теориялар
Адам ағзасының қартаю себептері туралы 300-ге жуық болжамдар айтылған. Олардың көбінің тек тарихи тұрғыдан ғана маңызы бар. Қартаю теориялары ішінен М. Рубнердің (1908) «қуаттық қартаю теориясын» атауға болады. Бұл теория бойынша әрбір ағзаның қуат қоры болады. Қуат қоры таусылса, сағаттың серіппесі босағандай, тіршілік те баяулап, дүние салуға алып келеді. Ағзаның қуат қорын жұмсауы дененің сыртқы мөлшеріне тәуелді болады, яғни ағза дене сыртына жылуды қаншалықты көп шығарса, соншалықты энергия алмасуы белсенді түрде болып, оның қоры тез таусылады жөне ондай ағзалар көп өмір сүрмейді. Ұсақ жануарлардың дене салмағына қарағанда оның үстіңгі бетінің көлемі үлкен, сондықтан да олардың тіршілік ұзақтығы қысқа болады (мысалы, егеуқұйрық 2—3 жыл, ит 20 жыл, піл 80 жыл өмір сүреді). Бірақ бұл тұжырымды барлық жануарлар үшін қолдана беруге болмайды, кейбіреулерінің тіршілік үзақтығы бұл түжырымға қайшы келеді. Мысалы, егеуқұйрықтарға туыс болып келетін тиіндер салмағы да, дене бетінің көлемі де, онымен барабар, бірақ тиіндер белсенді қозғалып 15—20 жыл тіршілік етеді, яғни егеу-құйрықтардан 10 есе артық өмір сүреді. Белсенді қозғалып тіршілік ететін сұр қояндар үй кроликтеріне қарағанда екі есе артық өмір сүреді.
И.И. Мечниковтың интоксикациялық (улану) теориясы бойынша қартаю құбылысы тек қана биологиялық факторға — физиологиялық, патологиялық т.с.с. тәуелді болмай, сол сияқты әлеуметтік факторларға да тәуелді болады. И.И. Мечниковтың пайымдауынша ағзаның өсуімен қатар әр түрлі заттардың алмасуы, мысалы азоттың алмасуы нәтижесінде жинақталған ыдырау өнімдері — аммиак, ағзаны улайды, тоқ ішекте шіру өнімдері көптеп жинақталады. Бұл теория бойынша улы ыдырау өнімдері кейбір мүшелер мен үлпаларды көбірек улайды, мысалы бауыр, ми жасушаларын, ал дәнекер ұлпа жасушалары керісінше көбееді. И.Й. Мечников қартаю құбылысын тек фагоцитоз ілімі негізінде түсіндірмек болды. Ол ішекте шіру құбылысын болдырмау үшін шіріту бактерияларының тіршілігіне қолайсыз орта жасау керек, сондықтан сүт өнімдерімен көбірек қоректену қажет деп айтқан.
Прогерия
Прогерия (көне грекше: προσ- — астам, γέρων — шал) — өте сирек кездесетін генетикалық аурулардың бірі. Прогерия кезінде адам терісі мен ішкі мүшелерідің өзгеріске ұшырауы байқалады. Бұл ағзаның мезгілсіз қартаюымен пайымдалады. Прогерия балаларда (синдром Гетчинсон (Хатчинсон)-Гилфорд синдромы) және ересек адамдарда (Вернер синдромы) кездеседі.
Қазіргі таңда әлемде 80-ге жуық прогериямен ауырған жағдай тіркелген, оның ішінде 6 жасар Адалия Роуз (Adalia Rose), 13 жасар қыз – Хэйли Окинс, 7 жасар Ашанти Элиотт-Смит, сондай-ақ 12 жасар Онталаметсе Фалатсе (Ontlametse Phalatse). Фалатсе Йоханнесбургқа жақын қалашығында тұрады, ол прогериямен ауырған жалғыз негроидтық нәсілді адам. Сондай-ақ әлемге танымал болған, прогериямен ауырып, 2011 жылдың 5 маусымында қайтыс болған YouTube қолданушысы – Леон Бота. Леон өзінің тағдырына қарамастан YouTube желісінде өзінің видеоблогын жүргізедіі, сондай-ақ ол диджей және xип-хоп орындаушы. Осы аурумен ауырған тағы да бір талант иесі – америкалық үгіттеуші спикер, 17 жасар кезінде қайтыс болған Сэм Бернс.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.