Екінші реттік жыныстық бетілу белгілері. Қыз балдар мен ер балдардың жыныстық жетілуі. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Екінші реттік жыныстық жетілу

Жыныстық жетілу кезеңі (puberty (лат. «pubes» - қасаға) - дененің белгілі бір аймағының түктенуі жүретін кезең) - адам өміріндегі ең жауапты шақтың бірі. Оның бұл кезеңі балалық шақтан басталып, жасөспірім кезде одан әрі дамиды, ал ересек болғанда жыныстық жетілу аяқталады. Жыныстық жетілу – адамның әйел немесе еркек жынысына жататын биологиялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да жан-жақты байқалатын үрдіс

Жыныстық жетілу кезеңінде ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер

  • бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды
  • жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады
  • дауыс жуандайды
  • терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін
  • тер бездері дамиды
  • қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды
  • көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін
  • қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды

Жыныстық белгілер

 Бірінші реттік жыныстық белгілер эмбрионалды кезеңде қалыптасып, өмір бойы сақталады. Оларға сыртқы және ішкі жыныс ағзалары жатады. Балалық және кәрілік шақта бүйрек үсті безінің гормондарының әсеріне тек бірінші реттік жыныстық белгілер болады.

 Екінші реттік жыныстық белгілер жыныстық толысу кезеңінде дамып, климакстық периодтан өткенде жоғалады. Оларға қасаға мен қолтық астының түктенуі, сүт безінің дамуы, етеккір, қаңқаның, дене бітімінің өзгеруі, май және бұлшықет тіндерінің жетілуі, дауыстың өзгеруі, мінез-құлық пен темпераменттің өзгеруі жатады.

Қыз баланың жыныстық жетілу кезеңі 2 фазаға бөлінеді:

  • 8-9 жастан басталып, 13-14 жаста аяқталады;
  • 17-19 жаста аяқталады.

Бұл фазаларды бөлетін сәт алғашқы етеккір болып есептеледі. Бірінші фаза дененің тез өсіп, екінші реттік жыныстық белгілердің пайда болуымен, екінші дененің баяу өсуімен және ақырғы жыныстық белгілердің дамуы аяқталып, етеккірдің тұрақтануымен сипатталады.

Қыздарға әсер ететін өзгерістер

  • Кеуде шығады
  • сандары жұмырланады
  • жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды
  • жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады

Орталық жүйке жүйенің жыныс жүйесімен байланысы

Жыныстық пісіп жетілу үрдісі ОЖЖ және ішкі секреция бездерінің бақылауында өтті. Мұнда жетекші рөлді гипоталамо гипофиздің жүйе алады. Жүйке жүйесінің жоғарғы вегетативтік орталығы гипоталамус гипофиздің қызметін қадағалайды, ал гипофиз өз кезегінде барлық ішкі секреция бездерінің жұмысын реттеп отырады. Гипоталамус нейрондары нейрогормондар бөледі (рилизинг фактор), олар гипофизге өтіп, ондағы үштік гормондардың бөлінуі мен биосинтезін күшейтеді (либериндер) немесе тежейді (статиндер). Гипофиздің троптық гормондары бірқатар ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, бүйрек үсті безі, жыныс бездері) белсенділігін реттейді.

Ұл балаларға әсер ететін өзгерістер

  • кеуде мен иықтары дамиды
  • бетке сақал-мұрт өсе бастайды, кеудеде кейде түк пайда болуы мүмкін
  • аталық жыныс мүшесі мен аталық бездері ісіп, үлкейеді; аталық бездер ұмаға түсіп, сперматозоидтарды өндіріп шығара бастайды
  • аталық жыныс мүшесінің қан тамырлары қанға толғаны себепті эрекция, яғни аталық жыныс мушесінің қатаюы жиі-жиі және күтпеген жерде пайда болады
  • кейде ұйықтап жатқанда аталық жыныс мүшесі қатайып, шәуһеттің шашырауы пайда болуы мүмкін


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.