Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық белгілердің дамуы. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Жыныстық жетілу

13-15 жас аралығы ер балаларда өтпелі кезең саналады. Ер баланың жыныстық жетілуі 12-13 жаста күрт жеделдейді. Жыныстық жетілу негізінен әр баланың ағзасына байланысты әртүрлі болады. Кейбір балаларда 16-17 жаста аяқталып бітеді. Енді бірінде 20-21 жасқа дейін созылуы мүмкін. 12-14 жасқа келгенде ағзада ерлердің жыныс гормоны – тестостерон бөліне бастайды. Бұл кезде баланың бойы мен дене бітімі, жыныс мүшесі жылдам өседі. Әрі бұл кезде ер баланың бойындағы ұрық та жетіле бастайды. 14-15 жастағы ер балалардың ағзасында шамадан тыс көп піскен сперма жиналады да, ол өздігінен мезгіл-мезгіл сыртқа шығып отырады. 14-15 жаста ұлдардың ұйықтап жатып шәуетін жіберіп қоятыны осыдан. Кейде кино көріп отырғанда елітіп, шәуетін сыртқа жіберіп қоятындар бар. Бұл – 13-14-тегі ұлдардың бәрінің басынан өтетін жағдай. Жыныстық пісіп-жетілу ұл мен қыздың бір-бірінен бөлектенетін кезеңі. Бұл бөлектену бастапқы кезде байқала қоймағанымен, жыныс бездерінің ағзаға басымырақ әсер ететін кездері де жетеді, сөйтіп екінші жыныстық белгілер пайда бола бастайды. Бұл уақытта бозбаланың денесі іріленеді, бойы өсіп, жауырыны қақпақтай бола түседі, жұтқыншағының шеміршегі көзге түсерліктей ұлғаяды. Сөйтіп бозбала даусының тембрі өзгереді, жуандайды, жасөспірім «гүрілдеп» сөйлей бастайды.  Өкпенің, жүректің және басқа да ағзалардың көлемдері тез әрі елеулі түрде ұлғаяды, соның нәтижесінде бүкіл ағзаның қанмен қамтамасыз етілуі және қоректенуі жақсарады. Зат алмасудың қарқыны артады, жүйке жүйесінің қозғыштығы ұлғаяды, аяқ-қолы жылдам жетіледі. Жас жігіттің бет бейнесін көзге елестете бастайды. Ағзаның осылайша өсуімен бір мезгілде сыртқы жыныс мүшесінің, сондай-ақ бүкіл жыныс аппаратының көлемі де ұлғаяды. Ұрық бездері дамиды, олар гормондармен бірге ұрық жіпшелерін бөліп шығара бастайды. Терідегі май мен тер бездерінің белсенділіктері артады. Қолтықтың терлеуі жыныстық пісіп-жетілуге тікелей байланысты. Шаштың өсуі күшейеді, әсіресе қолтық пен қасаға түктер қатты өседі, мұрт тебіндейді. Жыныстық қозу айқын байқалады, көбінесе жыныс мүшесі таңертең төсекте жатқанда қатты кернеледі (мұны эрекция дейді).Кейде жасөспірімнің омырауы аздап өседі, ол ешбір мазаламайды, сонымен түгелдей жойылып кетеді. Біраз уақыттан кейін бозбалаларда поллюция, яғни шәуеттің еріксіз шығып кетуі пайда болады. Бұл – табиғи құбылыс. Сондықтан ол үшін қобалжудың еш қажеті жоқ. Поллюцияның табиғи құбылыс екенін, өтпелі кезеңде оның пайда болатынын жасөспірім білмесе, қорқуы, ұялуы, ауырып қалдым деп жүрексінуі, қысылуы мүмкін. Бірақ ол табиғи заңды құбылыс. Сол себепті бозбалаға бұл жайды әкесі, ағасы немесе басқа бір өзі сенетін адам әдеппен түсіндіріп айтып қойғаны дұрыс.Поллюция жасөспірім 14-16-ға келгенде немесе одан да ертерек пайда болуы мүмкін. Ұрықтың еріксіз шыға бастауы – жасөспірімнің міндетті түрде жыныстық қатынасқа түсуі тиіс деген ұғымды білдірмейді. Бозбалада алғаш пайда болған әрі еріксіз шыққан ұрықта пісіп-жетілген ұрық жіпшелері болмайды. Сол себепті одан бала да бітпейді. Пісіп-жетілген ұрық жіпшелері алғашқы поллюциядан соң 2-3 жылдан кейін ғана пайда болады.Пісіп-жетілген жыныс бездерінде ұрық үнемі қорланып жинала береді, егер одан басқа жолмен, құтылмаса поллюция түрінде өздігінен шығып  кетеді. Жыныстық сезімнің артуы қай жағынан алсақ та ағзаның жалпы өсіп-жетілу дәрежесіне сәйкес келмейді. Мәселен, 17-20 жастағы жігіттің әсер алғыштығы мен қиялы күшті дамиды, бұл кезең жыныстық құштарлықтың аса күшті деңгейіне сәйкес келеді.

Ұлдар

 жасы

ерекшеліктері

 10-11 жас

 11-12 жас

 12-13 жас

 13-14 жас

 14-15 жас

 15-16 жас

 16-17 жас

 17-21 жас

Қыздар

 жасы

ерекшеліктері

 9-10 жас

 10-11 жас

 11-12 жас

 12-13 жас

 13-14 жас

 14-15 жас

 15-16 жас

 16-17 жас

Қыз балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары

  • 9-10 жас – жамбас сүйегінің өсуі, бөксенің дөңгеленуі, сүт бездерінің мардымсыз көтерілуі;
  • 10-11 жас – емшек бездерінің күмбез тәрізденуі («гүлшанақ» сатысы), шатта түктің пайда болуы;
  • 11-12 жас – сыртқы және ішкі жыныстық мүшелердің ұлғаюы, қынап эпителиінің өзгеруі;
  • 12-13 жас – емшек безіндегі без талшықтарының және оның айналасының дамуы, емшектердің пигменттелуі, алғашқы етеккірдің пайда болуы;
  • 13-14 жас – қолтықта түктердің өсуі, тұрақсыз етеккір;
  • 14-15 жас – бөксе мен жамбас формасының өзгеруі;
  • 15-16 жас – безеулердің пайда болуы, тұрақты етеккір;
  • 16-17 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы.

Ұл балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары

  • 10-11 жас – жыныстық мүше мен аталықбездің өсуі;
  • 11-12 жас – простатаның ұлғаюы, көмейдің өсуі;
  • 12-13 жас – жыныстық мүше мен аталық бездің айтарлықтай өсуі; қасада түктің өсуі;
  • 13-14 жас – жыныстық мүше мен аталықбездің бұдан былайғы өсуі, емшек облысының тығыздалуы, дауыстың өзгеруінің басталуы;
  • 14-15 жас – қолтықта түктің өсуі, дауыстың бұдан былайғы өзгеруі, бетте түктің пайда болуы, ұманың пигменттелуі, алғашқы шәует шашу;
  • 15-16 жас – сперматозоидтардың жетілуі;
  • 16-17 жас – қасаның еркектерше түктенуі (түктің тігінен өсуі), барлық дененің түктенуі;
  • 17-21 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы.

 Білемін

 Білдім

 Білгім келеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.