Транспирация. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


2 тоқсан

Тарау Заттар тасымалы

Тақырып Транспирация

Оқу мақсаты

9.1.3.2 өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Транспирацияға қатысатын өсімдік мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттайды;
  • Транспирация үрдесіне әсер ететін факторларды түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма1

Төменде өсімдік сабағының көлденең кесіндісінің сызбасы берілген.

(а)(і)Сабақ арқылы судың тасымалына қатысатын құрылымды анықтаңыз

.............................................................................................................................................

(іі) Осы құрылым арқылы судың тасымалын жүзеге асыратын судың қасиеттерін сипаттаңыз.

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Тапсырма №2

Төмендегі суретте жапырақтың көлденең кесіндісі берілген

(а)(і) Жапырақ арқылы судың булануын реттеуге қатысатын құрылымын анықтаңыз

...........................................................................................................................................................

(а)(іі) Жапырақтың құрылысы транспирация үдерісін жүргізуге қалай бейімделгенін түсіндіріңіз.

Тапсырма №3

Суретте өсімдіктегі транспирация үдерісінің жылдамдығына әсер ететін факторларды зерттеуге арналған құрылғы берілген.

(а)(і) Транспирация жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңыз

...........................................................................................................................................................

(а)(іі) Аталған факторлардың бірін зерттеу кезіндегі тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтаңыз.

Тәуелсіз айнымалы..................................................

Тәуелді айнымалы..................................................

(b)(і)Төмендегі график транспирация жылдамдығының температураға байланысты өзгерісін көрсетеді.

Осы тәуелділікті көрсететін қисықты анықтаңыз. Өзгерісті түсіндіріңіз.

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Дескриптор Білім алушы

  • сабақ арқылы судың тасымалына қатысатын құрылымды анықтайды;
  • судың тасымалын жүзеге асыратын судың қасиеттерін сипаттайды;
  • жапырақ арқылы судың булануын реттеуге қатысатын құрылымды анықтайды;
  • жапырақтың құрылысы транспирация үдерісін жүргізуге қалай бейімделгенін түсіндіреді;
  • транспирация жылдамдығына әсер ететін факторларды атайды;
  • зерттеу кезіндегі тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтайды;
  • графиктегі деректерді талдайды.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.