Транспирация. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


ТРАНСПИРАЦИЯ

 Өсімдіктің суды буландыруы транспирация деп аталады. Бұл — физикалық құбылыс, сонымен қатар ол биологиялық процесс те болып саналады, ейткені өсімдіктер жапырағының бетінен судың булануы жапырақтың өзіне тән анатомиялық құрылысына да бай-ланысты.

 Транспирацияның лептесіктік және кутикулалық екі түрі белгілі. Кутикулалық транспирация эпидермис жасушасының бетіндегі кутикула арқылы етеді. Лептесіктік транспирацияда су буы жасуша қабықшасынан жасуша аралық ауа арқылы лептесіктерге өтеді. Егер лептесіктер ашық болса, онда су буы ешқандай кедергісіз қоршаған ауаға диффузияланады. Транспирацияның едәуір бөлігі, міне, осы жолмен өтеді. Лептесік жабық түрған кезде су бір-ақ жолмен — кутикула арқылы буланады. Эпидермис жасушаларының қабырғасына өтетін су кутикулаға дейін үздіксіз жалғасып жатады деп есептеледі. Кутикула транспирацияны мейлінше баяулатады, егер кутикуланы алып тастаса транспирация бірнеше есе артады. Алайда кутикуланы алып тастаған жағдайда да транспирацияның бұл жолы лептесіктік транспирацияға қарағанда әлдеқайда қиын болады.

 Физикалық процесс ретінде транспирация бірқатар метеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Күннің жарығы, температура, ауа ылғалдылығы және жел транспирацияны күшейтеді немесе баяулатады. Сыртқы факторлардың ішінен жарықтың транспирацияға әсері көп. Транспирация түнде толық дерлік тоқтап қалды, күн шыға ол арта бастады да түске қарай максимум шамасына жетті, ал кешке қарай қайтадан кеми бастады. Бұл — транспирация үшін ең маңызды фактор күн сәулесі болып табылады деген сөз.

 Жел және онымен бірге ауаның қозғалысы неғұрлым күшті болса, транспирация да соғұрлым қарқынды өтеді. Алайда транспирация жел күшінің артуына пропорционал түрде арта алмайды. Бұл жапырақтың бетінде ламинарлық қабат деп аталатын ауаның жұқа қабатының болуымен түсіндіріледі. Ламинарлық қабат неғұрлым жұқа болса жылу мен су буы соғұрлым көп тасымалданады. Ламинарлық қабаттың қасиеті жапырақтың пішіні мен желдің жылдамдығына байланысты. Жапырақтың жел жақ беті қаншама кіші және жел қаншалықты қатты соғатын болса, ламинарлық қабат соншама жұқа және жылу мен су буының жапырақтан ауаға шығарылуы соншалықты күшейе түседі.

 Егер өсімдік топырақ ылғалымен жақсы қамтамасыз етілсе, тұтастай алғанда, өсімдіктер транспирациясы тәулік ішінде жоғарыда қарастырылған факторлардың барысына сәйкес өзгеріп отырады. Топырақ ылғалы жеткіліксіз кезде транспирацияның тәуліктік барысы күрт өзгереді. Тәулік ішінде транспирация бірнеше рет артып, бірнеше рет кемиді.

 Өсімдіктер транспирация жолымен өте көп мөлшерде су жұмсайды. Өсімдік бойына сіңірген 1 000 г судың не бары1—2 грамын ғана пайдаланады, судың калған 998 грамы өсімдік арқылы өзгермей өтеді. Қатаң ауа райы жағдайында өсімдіктер суды сіңіруден гөрі көп жұмсайды. Осының нәтижесінде су тапшылығы туады. Сондықтан бірқатар жағдайларда өсімдіктердің су шығынын азайту қажеттігі пайда болады. Транспирация жүрісін қолдан кеміту өсімдіктің құрғақ зат түзуіне және оның өнімділігін арттыруға қажетті жағдайларды сақтай отырып, суды үнемдеп жұмсауына мүмкіндік береді. Транспирацияны қолдан кеміту жапырақтарды әр түрлі пленкалармен жабу жолыменжүзеге асады. Көшеттерді көшіріп отырғызу кезінде олардың судың артық мөлшерін шығындамауы үшін осы тәсіл пайдаланылады.

 Транспирация — өсімдіктердегі су алмасу процесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Транспирация жапырақтың анатомиялық құрылысына, кутикуланың қалыңдығы мен өткізгіштігіне, жапырақ бетіндегі түктерге тығыз байланысты болғандықтан (сыртқы орта жағдайлары бірдей кезде),оның шамасы өсімдіктің түріне тәуелді болады. Әр түрлі өсімдіктерде бұл процестің барысын салыстырып көру үшін транспирация қарқындылығы ұғымы енгізіледі. Транспирация қарқындылығы дегеніміз өсімдіктің белгілі бір уақыт бірлігі ішінде жапырақтың салмақ бірлігіне немесе аудан бірлігіне алғандағы буландыратын суының граммен керсетілген мөлшері. Транспирация қарқындылығы көбінесе 1 г жапырақтың салмағына 1 сағатта буландыратын суының (мг) шамасымен анықталады. 

ДИФФУЗИЯ

Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.

Диффузия (лат. dіffusіo – таралу, жайылу) – нақтылы дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстарға ұшырай отырып, сол дене концентрациясының селдір аудандарына қарай жылжуы; молекула олардың жылулық қозғалысы салдарынан шекаралас орналасқан әртүрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы. Диффузия дененің бүкіл көлеміндегі концентрация мөлшерінің бірте-бірте теңелуін, сөйтіп оның бірқалыпты сипат алуын қамтамасыз етеді. Кейбір денелердің өте шағын бөлшектері ғана емес (атомдар, молекулалар, иондар), біршама ірі түйіршіктері де диффузиялық қасиетті иемденуі мүмкін.

Диффузия жылдамдығы температураға тікелей байланысты, алайда бұл процесс газдарда өте тез, сұйықтарда одан гөрі баяу, ал қатты заттарда өте баяу өтеді.[2]

Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйде, диффузияланатын заттың сол ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді. Газ немесе сұйықтың молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде диффузиялануы өздік диффузия деп аталады. Диффузияның өту шапшаңдығы — диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты анықталатын шама — диффузия коэффициентімен сипатталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.