Транспирация. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттар тасымалы

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дырынбаева Б.К

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Транспирация

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.2 өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру.

 Сабақ мақсаттары

  • Жапырақ құрылысын зерттеу;
  • Транспирация туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
  • Транспирацияның өсімдіктер үшін биологиялық маңызын талдау.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар;

  • Жапырақ құрылысын мделдеу арқылы зерттейді;
  • Транспирация үдерісін түсіндіреді;
  • Транспирацияның өсімдіктер үшін биологиялық маңызын талдайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

транспирация туралы бейнебаяннан негізгі ақпаратты тыңдай және ерекшелей алады (тыңдалым және жазылым дағдылары)

Пәнге тән лексика мен терминология:

ксилема, осмос, адгезия, транспирация, сутектік байланыстар, капиллярлық, тамырлық қысым, лигнин, лептесік, борпылдақ ұлпа, бағаналы ұлпа, мезофилл, суб-лептестік кеңістік, булану, кіреді, таралады, көтерілу, үздіксіз ағын

.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Су тамыр жасушаларына … арқылы түседі.Су буы ... арқылы буланады.Су молекулалары ... тартады.Су молекулаларының үздіксіз ағыны ...бастап ...дейін қозғалады.

 Құндылықтарды дамыту

 

 

Адамгершілік, бір-біріне көмек, сенімділік,әділеттілік,шыншылдыққа тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Физика – дифузиф, осмос құбылыстарын сипаттайды

Химия-судың адгезия, когезия қасиеттерін сипаттайды.

 АКТ қолдану дағдылары

Power Point

Microsoft

Бастапқы білім

Оқушылар заттар тасымалы үдерісіне тартылған өсімдік бөліктерінің тани біледі (8- сынып). Ксилема мен флоэманың құрылымын түсіндіре отырып, сабақ пен тамырдың құрылымын біледі (7-сынып).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардан 70%-ды спиртті қолдарына жағып, әсерін «сезінуді» сұрау. Не болатынын талқылау.

Оқушыларға жетелеу сұрақтарын қою арқылы сабқтың тақырыбына шығу.

Жетелеу сұрақтарының мысалы:

Не байқадыңыздар?

Спирттің орнына басқа затты мысалы суды қолануға бола ма?

Бұл процесс қалай аталады?

Бұл пргоцесті тездету үшін не істеуге боады?

«Транспирация» ұғымын түсіндіру

70% спирт, мақта

Сабақтың ортасы

Оқушыларға микроскоп және жапырақтың көлденең кесіндісі дайын микропрепарат беру.

Жапырақтың құрылысы берілген суреттер беру.

Оқушыларға тапсырма:

  • Микроскоп арқылы жапырақтардың көлденең кесіндісін қарастыру;
  • Берілген дайын суреттерді қолдану арқылы жасушалардың түрлерін анықтау;
  • Микросурет салу, құрылымдарын жазу.

Қабілеті төменірек оқушылар үшін суреттерге ішінара атауларын қосып, тапсырманы саралау. Академиялық тілді дамыту үшін оқушыларға суреттерге жазуларды ағылшын тілінде жазуды ұсыну.

Оқушылар судың булануын түсінуі үшін білулері қажет:

  • Судың қасиеттері-адгезия және когезия;
  • Осмос, тамыр қысымы, диффузия;
  • Ксилема мен тамыр құрылысы;
  • Ксилемадан мезофилдың борпылдақ ұлпасына-осмос;
  • Мезофилдің борпылдақ ұлпасынан субсаңылау кеңістікке- булану;
  • Субсаңылау кеңістіктен саңылау тесіктері арқылы атмосфераға-диффузия.

Бұл тақырыпты «CLUSTERING»(кластер) әдісі арқылы меңгертуге болады

Әдіс туралы

Дамытатын дағды

  • Басқа оқушылармен әрекеттесу
  • Ақпаратты өңдеу, жүйелеу.

Бұл әдіс:

Әдіс оқушылардың ақпаратты өз бетімен меңгеру, ақпаратты өңдеу және жүйелеу арқылы өз ара логикалық байланыстарын іздей отырып, үдерісті /фактіні тұтастай беруге мүмкіндік береді.

Алдын ала:

Оқушылардың қозғалысын шектемеу үшін үлкен кеңістік болуы шарт. Ватман қағаз немесе А3 қағазы, түрлі түсті маркерлер болу керек.

Ұйымдастыру

1.Әр оқушыға ақпараттық бет таратылады. Ескерту:әр балаға берілетін ақпарат қысқа және қайталанбауы шарт.

2. Оқушылар ақпаратпен танысады.

Ескерту: Мұғалім оқушылардың ақпартты ұққандығына көз жеткізуі керек. (сыныпта үлгерімі төмен оқушылар болуы мүмкін).

3. Оқушылар берілген уақыт аяқталған соң, бөлмені аралап, өзінің ақпаратын басқа оқушының ақпаратымен салыстырады.

4. Егер екі ақпарат арасында байланыс бар деп тапса, кластерге бірігеді.

5.Оларға осы принциппен басқа оқушылар біріге алады.

6.Олар өздерінің кластеріне тақырып қоя алады, немесе өз кластерін бірнеше субкластерге бөле алады.

7. Оқушылар басқа оқушылармен өз кластерлерімен бөліседі. Түсіндіреді.

8. Мұғалім жетелеу сұрақтарын қоя отырып оқушылардың тақырыпты меңгергеніне көз жеткізеді.

Қосымша тапсырма:

Судың өсімдіктегі қозғалысын көрсететін театрлық қойылым ұймдастыруға болады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын беру

Бағалау формасы:MRI (My Respons Is) стратегиясы арқылы

бағалау

Әдіс туралы

Дамытатын дағды

  • Академиялық сауаттылық
  • Сыни ойлау

Бұл әдіс

  • Мұғалімге оқушыға кері байланыс берудің тиімді әдісі.
  • Оқушы жүйелі түрде кері байланыс алу нәтижесінде қателігін көріп, түзетуге мүмкіндік алады.

Алдын ала:

Оқушыларды түстермен және әр түстің мәнімен таныстырады.

Ұйымдастыру

Мұғалім оқушының жауабын түрлі түстермен белгілеу арқылы тексереді.

Тексерілген жұмысты оқушыға қайтып береді. Оқушы түстерге байланысты өз жауабын толықтырады немесе түзетеді.

Ақпараттық беттер, стикерлер.

Булану туралы жақсы бейне:

http://goo.gl/3Juun

Сабақтың соңы

Оқушыларға үй тапсырмасын түсіндіру.

«Транспирация жылдамдығына әсер ететін факторларды зерттеуді» жоспарлап келу.

Жоспар қамтуы қажет:

  • Зерттеудің гипотезасы;
  • Тәуелсіз, тәуелді, бақыланатын айнымалылар;
  • Зерттеуде болуы мүмкін тәуекелдер мен алдын алу.

Оқушылардан «Аргумент» статегиясы арқылы сабаққа кері байланыс алу.

Оқушыларға сұрақтар өқойлады. Ойланып, ойларын жинақтау үшін уақыт береді. Әр пікірге аргумент келтіруін сұрау.

  • Сіздерді таң қалдырған ақпарат болды ма?
  • Сізге түсініксіз ақапарат бар ма?
  • Есте оңай сақталған ақпарат, неге?
  • Еске сақтау қиын ақпарат, неге?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: транспирация туралы ақпараттар алады, биологиялық маңызын түінеді.

Оқушылардың көпшілігі:траснпирация механизмін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: трансирация үдерісін зерттеудің үлгісін ұсына алады.

Сабақтың басында әр оқушының өз ойын жеткізуіне мән беру;

Микроскоппен жұмыс жасау техникасын бақылау; микросуретті салу, құрылымдарын белгілеу дағдысын бағалау,

Ақпаратпен жұмыс жасауын, тақырыпты ұғуын бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.