Биологиялық әртүрлілікті сақтау. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
Біздің ғаламшарымыздың биологиялық алуантүрлілігін сақтап қалу ХХ
ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы ең өзекті мәселелердің біріне айналды.
Антропогендік зиянды әсерлер табиғат обьектілері санының өзгеруіне немесе
биологиялық түрлердің жойылуына, биосфера тепе-теңдігінің бұзылуына әкеледі.
Қазіргі таңда жер бетінде 500 мың өсімдіктің, 15 мың мәдени өсімдік түрлері бар.
ХТҚО-ның болжамы бойынша алдымыздағы 100 жылдықтың ортасына таман 60 мың
жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, яғни жер бетіндегі өсімдіктердің ¼ жоғалып кету
немесе күрделі генетикалық эрозияға ұшырау қауіпінде тұр.
Олардың генетикалық біртұтастығын сақтап қалудың жаһандық экологиялық,
ауылшаруашылық маңызы бар. Жыл сайын жоғалып бара жатқандар саны көбею
үстінде.
Сонымен қатар срек кездесетін, жойылып бара жтатқан жабайы өсімдіктердің
тұқымыда сақталады.
Өсімдіктің тұқым түрінде сақталуы дүниежүзі өсімдіктерінің (80%) сақтап қалуға
көмектеседі.Тұқымды төменгі температура мен аз ылғалдылықта сақтау тұқымның
өміршеңдік қасиетін бірнеше 10 жылдан 100 жылға дейін сақтайды. Тұқымды төменгі
температурада сақтаумен айналысатын елдер (АҚШ, Ресей, Жапон, Канада, Франция,
Норвегия және т.б) үлкен тоңазытқыш қондырғылармен генетикалық қасиетін
сақтайтын, қоймаларынмен қамтамасыз еткен. Оларды сақтауға, электроэнергиямен
қамтамасыздандыруға, тұқымның өнгіштігін бақылайтын тесттер жүргізіп, қайта
қалпына келтіруге көптеген қаражат жұмсалады. Тұқымды сақтаудың арнайы
«криобанк» жоспарлары құрылған, мысалы, бұршақ тұқымдасымен астық тұқымдасына
жататын өсімдіктер герметикалық шыны банкілерде 33 жыл сақталғанның өзінде 95-
100% дейін өнгіштік қасиетін жоймайды. Нәруызды синтездеу қасиеті 60-70%,
жасушаның бөлінуі – 70-95%, антиоксиданттық процесстер 20-30% дейін
төмендейді.
2- қосымша
- Биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіріңіз
- Тұқым қорының құрудың артықшылығы мен кемшліктерін сипаттаңыз.
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
Дүниежүзілік тұқым қорының маңызын бағалау |
|
3-қосымша
Жергілікті экожүйелердің биологиялық алуантүрлігін сипаттаңыз
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.