Биологиялық әртүрлілікті сақтау. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Табиғатта абсолютті түрде ұқсас даралар, популяциялар, түрлер мен экожүйелер болмайды. Тіпті бір жұмыртқадан дамыған егіздердің өзі бір-бірінен ерекшеленеді. Сондықтан жер бетіндегі түрлердің саны өте көп, бұл алуантүрлілік адамзат ақылына сыйлайтын жұмбақ және еш уақытта таусылмайтындай көрінеді.
Жеке түрлер адамның кінәсінен жойыла бастағанда, алғашқыда оған көңіл аударылмады. Себебі палеонтология көрсеткендей, табиғаттағы көптеген түрлердің жойылып біту процестері байқалып отырған.
Бірақ қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс-әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.
Табиғи бірлестіктер бактериялардан бастап ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан ағаштар мен тірі жануарларға дейін жүздеген және мыңдаған түрлерден құралуы мүмкін. Түрлік алуантүрліліктің жоғары болуы осы күрделі жүйелердің төмендегі қасиеттерін қамтамасыз етеді.
1. Бөліктерінің өзара бір-бірін толықтыруы. Бірлестіктерде қоршаған орта ресурстарын пайдалануда бір-бірін толықтыратын түрлер бірігіп тіршілік етеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орманда бірінші белдеудің өсімдіктері жарық ағының 70-80%-ын сіңіріп алады. Екінші белдеуде толық жарықтың 10-20%-ы жеткілікті болатын ағаштар мен бұталар өседі, ал шөптесін өсімдіктер мен мүктер жарық ағының бар болғаны жүздеген 1-2 үлесінің өзінде фотосинтез жүргізуге қабілетті. Бір-бірін толықтыра отырып, өсімдіктер күн энергиясын толық пайдаланады.
Осындай толықтырулар әр түрдің өсімдіктерінің топырақ бетінде таралуы, олардың тамыр жүйелерінің орналасуы, минералдық заттарды толық пайдалануы және т.б. көрінеді.
Жануарлардағы «еңбек бөлінісін» әр түрлердің тамақты, тәуліктік және маусымдық белсенділікті, кеңістікте орналасуды пайдалануынан көруге болады.
Түрлердің өзара бір-бірін толықтыруы, яғни органикалық затты жасушалар мен ыдыратушылар, биологиялық зат алмасулардың негізінде жатыр.
2. Түрлердің бір-бірін ауыстыруы. Биоценоздың кез-келген түрін басқа экологиялық талаптары мен функциялары ұқсас түрлермен алмастыруға болады. Мысалы, қылқан жапырақты ормандағы шыршаның және самырсынның әр түрлі түрлері немесе әр түрлі шалғындықтағы тозаңдандырушы – бунақденелілер.
Көптеген түрлердің экологиялық орны ұқсас болғандықтан қандай да бір түрдің кемуі немесе жойылуы экожүйе үшін қауіпті емес.
Түрлердің бір-бірін ауыстыруы табиғат жағдайларының үнемі өзгеріп отыруынан болады. Мысалы, шалғындықтарда ылғалды жылдары қысқа, ал құрғақшылық жылы – ұзын тамырлы өсімдіктер басым болады.
3. Реттеушілік қасиеті. өздігінен реттелуге қабілеттілік – күрделі жүйелердің өмір сүруінің негізгі шарты. Өдігінен реттелу кері байланыстар негізінде пайда болады. Теріс кері байланыс принципі дегеніміз – жүйенің қалыпты күйден ауытқуы, оны қалыпты күйге қайтаруға бағытталған күштерді іске қосады. Бұл принцип биоценоздардағы популяция ішілік және түраралық қарым-қатынастардан көрінеді. Жемістердің санының артуы жыртқыштар мен паразиттердің санының артуына алып келеді. Популяцияның тығыздығының бәлгілі бір деңгейден артып кетуі, түрдің ішкі байланыстарын өзгертеді, яғни көбею қабілеті төмендейді немесе кеңістікте даралардың таралуы күшейеді.
Биоценозда түрлердің алуантүрлілігі артқан сайын популяциялар құрылымы күрделенген сайын олардың өздігінен реттелуі жақсы жүреді.
4. Функцияларды қамтамасыз етудің сенімділігі.
Биоценоздың экожүйедегі негізгі қызметі – органикалық затты жасау, оны ыдырату және түрлердің санын реттеу болып табылады. Бұл функцияны көптеген бір-бірін сақтандырушы түрлер қамтамасыз етеді. Мысалы, бунақденелілердің санын көптеген әр түрлі тамақпен қоректенетін жыртқыштар, одан артып кеткенде – арнайы паразиттер, өте жоғары болғанда – инфекциялық ауруларды туғызушылар немесе бәсекелестік қатынастар мен популяция ішілік өзара әсерлердің күшеюі реттеп отырады.
Өсімдік ұлпаларындағы күрделі және берік компонент – целлюлозаны ыдыратуды маманданған бактериялар, әр түрлі зең саңырауқұлақтары, ұсақ топырақ кенелері – сапрофагтар, бунақденелілердің дернәсілдері, жауынқұрттары және басқа да ішінде бұл процеске қажет ферменттері бар жануарлар да жүзеге асыра алады.
Экожүйелердегі түрлердің алуантүрлілігі олардың тіршілік қызметінің сенімділігін қамтамасыз етеді.
Биологиялық алуантүрлілік – Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты. Осы алуантүрлілікке байланысты Жердегі тіршілік миллиардтаған жылдар бойы сақталып келеді.
Геологиялық тарихтың қиын кезеңдерінде көптеген түрлер жойылып, алуан түрлілік төмендеген, бірақ материктер мен мұхиттардың экожүйелері бұл апаттарды басынан өткізді. өмір жалғасып отырды. Жаңа түрлер пайда болды және олар энергия айналымдағы жойылған түрлердің орнын басып отырды.
Сондықтан табиғи антропогенді жүйелердің тұрақтылығына нұқсан келтіретін биологиялық алуантүрліліктің төмендеуіне жол бермеу қажет.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушыларға жергілікті мекен ортасындағы кез келген екі экожүйенің биологиялық алуантүрлілігін салыстыру тапсырмасын беруге болады. Жер бетінде тірі ағзалардың тек бір түрі ғана тіршілік ететін болса қандай жағдай орны алар еді деп талқылау жүргізу қажет. Оқушыларға видеоматериалдардың көмегімен қорытынды жасауды ұсынуға болады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіре алулары, Тұқым қорының маңызын сипаттай алауларына назар аударылады. Оқушылардың биологиялық алуан түрлілігі жоғары және төмен экожүйелерді салыстыра білулеріне көңіл бөлінеді.
- Саралау тапсырмалары
- 3-қосымшада ұсынылды
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
Дүниежүзілік тұқым қорының маңызын бағалау |
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Тропикалық ылғалды ормандар
https://twig-bilim.kz/kz/film/tropical-rainforests
Табиғат – тірі ағза
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/ehkozhujeler/lesson/tabihattahy-tengdik
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.