Биологиялық әртүрлілікті сақтау. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4E Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Биологиялық әртүрлілікті сақтау (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.3.2.1 биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін атау 8.3.2.2 Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Дүние жүзілік тұқым қоры, биологиялық алуантүрлілік Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Биологиялық алуантүрлілікті сақтау арқылы...болады. Биологиялық алуантүрлілік экожүйенің ...сақтауда маңызды Дүниежүзілік тұқым қоры...мақсатында құрылған. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Тірі ағзалардың жер бетіндегі таралуы туралы қарастырған кезде оқушылар география пәнінен алған білімдерін қолданады. | |||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 7-сыныптан экожүйенің құрылымы мен оның тұрақтылығы туралы, 8- сыныптан гомеостаз туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мұғалім тірі ағзалардың тек бір түрі ғана тіршілік ететін және көптеген әртүрлі түрлері тіршілік ететін екі түрлі экожүйенің суреттері көрсетіліп, осы екі экожүйенің қайсысы тұрақты, не себептен деп талқылау жүргізеді. Оқушылар биологиялық алуантүрлілігі жоғары экожүйе тұрақты әрі қоршаған орта өзгерістеріне төзімді болып келеді, себебі онда қоректің мөлшері көп, энергияның таралуы жақсы деген сияқты жауаптар берулері мүмкін. Биологиялық алуантүрлілігі жоғары экожүйенің тұрақтылығы жоғары ол сыртқы орта факторларының өзгеруіне төзімдірек болып келеді, себебі, онда:
Талқылаудан соң мұғалім оқушыларға сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады. | 1 -3 слайдтар 1 - қосымша | ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Мұғалім таныстырылымның көмегімен биологиялық алуантүрлілік және оны сақтаудың маңыздылығы туралы шағын түсіндірме береді. Мұғалім оқушыларға Тұқым қоры туралы ақпаратты оқуды тапсырады. Оқушылар оқығаннан соң олардың пікірлерін тыңдайды. Оқушылар Тұқым қорының мақсаты мен маңызына тоқталады. Мұғалім тұқым қоры жер бетіндегі биологиялық алуантүрлілікті қалпына келтіру мақсатында құрылған дей келе оқушылардан биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңызын түсіндіруді сұрайды. Мұғалім оқушылардан талқылаудан соң биологиялық алуантүрліліктің маңызын сипаттап жазуды сұрайды. Оқушылардың жауаптары оқылып, әрқайсысы өз жауаптарын толықтырып алады. | 2 - қосымша 3-10 слайдтар | ||||
27-36 мин | Мұғалім оқушылардан биологиялық аулуантүрлілікті сақтау және тұқым қорын құру қажет және қажет емес деген екі пікір бойынша дебат ұйымдастырады. Оқушылар тұқым қорының маңызы мен кемшіліктерін, биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығы мен себептерін түсіндіреді. | 11 слайд | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Мен ...түсіндім Мен...туралы көбірек білгім келеді Мен...сыныптастарыма түсіндіре аламын | 12-слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларға әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қою арқылы Кейбір оқушыларға қосымша ақпарат көзін ұсыну арқылы Оқушыларға өз білімін тереңдетуге мүмкіндік беру арқылы Қосымша тапсырмаларды ұсыну арқылы Оқушылардың пікір алмасулар кезіндегі талқылаулары арқылы | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша жауаптар арқылы Оқушылардың биологиялық алуантүрліліктің экожүйедегі маңызын түсіндірулері арқылы Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Сабақ барысында белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.