Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
Симбиоз, селбестік (грекше symbіosіs — бірігіп тіршілік ету) — екі түрге жататын организмдердің ұзақ уақыт немесе тұрақты түрде өзара пайдалы тіршілік етуі. Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А. Де Бари (1831 — 88) ұсынды. Симбиоз жануарлар мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организмдер үшін бірігіп тіршілік ету жеке-жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы және одан келетін пайдасы осы симбиоз арқылы қалыптасады. Симбиоздың бірнеше түрі бар.
Бәсекелестік. Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы, түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей бәсекелестік даралардың бір-бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді.Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасы тікелей өзара әсер болмайды. Ол аралық звено түрлі жануарлардын, бір ресурспен қоректенуі, ал ресурс шектеуіші фактор болуы арқылы жүзеге асады. Көбінесе бір түрдің екіншісін басуы арқылы көрінеді. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді.
Мутуализм- түрлердiң арасындағы екі жаққа да тиiмдi қарым- қатынастың түрi. Мутуалистiк қарым-қатынастар паразитизм мен комменсализмнiң негiзiнде пайда болады. Мұндай тiршiлiктiң дамуы уақытша байланыстан басталып, бiрте-бiрте бөлуге болмайтын мiндеттi байланысқа ауысуы мүмкiн, яғни бiр түрдiң өмiр сүруi үшiн екiншiсiнiң қатысуы мiндеттi. Мұндай бөлiнбейтiн пайдалы байланысты симбиоз деп атайды. Мысалы, саңырауқұлақтар мен балдырлар бiрлесiп тіршілік етедi. Мысалы, бірі болмаса, екіншісі тіршілік ете алмайтын саңырауқұлақ пен балдыр симбиозы — қына.
Комменсализм (француз тілінен аударғанда commensal — бірге тамақтану). Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Мысалы, жабысқақ - балық ірі балыққа бекініп алады да, онымен бірге қозғалады және оның тамағынан қалған заттармен қоректенеді. Жер бетінде мекендейтін қоңыздарда (қиқоңыз, өлексе қоңызы және т.б.) гамазды кенелердің қозғалғыш дернәсілдері кездеседі. Осындай әдіспен олар таралады. Симбиоздың бір формасы, бір түр бірлесіп тіршілік етуден пайда көреді. Ашық мұхиттарда ірі жануарларда (акула, дельфиндер, тасбақалар) тіршілік ететін лоцман деген балық болады., олар қалдықтармен қоректенеді. Сол сияқты құстардың ұясында, кемiрушiлердiң iндерiнде буынаяқтылар өмiр сүріп, сол жерден өзіне тағам, қолайлы микроклимат табады. Комменсализм табиғатқа өте пайдалы, себебi түрлер тығыз өмiр сүрiп үйренедi және ортаны, қоректi толық пайдаланыды.
Амменсализм (латын тілінен аударғанда mensa тамақ, азық). Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Бұл кезде популяцияның біреуі екіншісінен өзіне пайда (теріс әсерде) алмайды. Мұндай өзара қатынас түрі өсімдіктерде жиі кездеседі. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең саңырауқұлақтары бөліп шығарған антибиотиктер бактерияларды жояды. Мысалы, шыршаның астында өсетін жарық сүйгіш шөптекті өсімдіктер көлеңкеде қалып қояды да, зиян шегеді. Бұл шыршаға ешқандай әсер етпейді. Бұған ұқсас өзара қатынас зең саңырауқұлағы мен бактерия арасында да болады.
Жыртқыштық. Популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқьш өлтіріп, онымен қоректенеді. «Жыртқыш - жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі, әдетте жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады. Мысалы, қасқырлар орманды тундра мен тундрада солтүстік бұғыларының интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады.
Паразитизм (грек тілінен аударғанда parasitus – арамтамақ). Бір түр (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседіАдам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның ас қорыту жолына түскен құрттар ересек таспа құртына айналып, сорғыштарымен ішек қабырғасына бекінеді. Адамның ішектері құртты сумен, қорекпен және жылы ортамен қамтамасыз етеді.
Нейтрализм дегеніміз бір ареалда мекендеген түрлердің бір-біріне тимей тіршілік ету арақатынас формасы. Нейтрализм кезде даралар бір-бірімен байланыста болмайды, бірақ биоценоз құруына қатысқаннан кейін жалпы қауымдастыққа тәуелді болады. Мысалы, тоғайдағы тиіндер мен бұғылар бір-біріне байланыссыз болады, бірақ құрғақшылық екеуіне де әсер етеді.
2- қосымша
№ | Қарым-қатынас түрі | Түрге арақатынасы «0», «-», «+» | Қарым-қатынастың сипаттамасы | Мысалдар |
3- қосымша
Кестені толықтырыңыз.
Қарым-қатынас түрі | Түрге арақатынасы | Қарым-қатынастың сипаттамасы | Мысалдар |
Конкуренция (Бәсекелестік) | - - | Өсімдіктер өзара жарық, ылғал және т.б. жағдайдар үшін бәсекелеседі; орманның жыртқыш құстары мен аңдары азық үшін(кемірушілер) бәсекелеседі. | |
Жыртқыштық | Бір ағза (жыртқыш) басқа ағзаны(жемтік) азық етеді. Егер ағзалар бір түрдікі болса, онда каннибализм болып табылады. | ||
+ - | Бір ағза (паразит) басқа ағзаны (иесін) қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланады. | Лямблия, трипаносомалар, безгек плазмодийі омыртқалылардың және адамның ішегінде, қанында паразиттік тіршілік етеді; тайтұяқ ағаштарда, қастауыш пен қаракүйе астық тұқымдастарында паразиттік тіршілік етеді. | |
Мутуализм (симбиоз) немесе кооперация | + + | Талшықты (жгутиконосцы) қарнында тіршілік етіп, жасунықты (клетчатка) қорытатын термиттер; мүйізтұмсық және терісінен паразиттерді шұқып жейтін құстар (воловьи птицы); актиния және тақуа шаян. | |
Комменсализм немесеарамтамақтық | Қарым-қатынастан бір ағза пайда табады, ал екінші ағза үшін қарым-қатынас әсері бейтарап болады. | ||
0 - | Бір ағзаның тіршілік әрекеті басқа ағзаның дамуын бәсеңдетеді. | Аралас орманда өсетін шыршалар қайыңдар мен басқа да жапырақты өсімдіктерге көлеңкесін түсіреді, бірақ олардың тіршілігі жапырақты өсімдіктерге мүлдем тәуелді емес; пеницилл саңырауқұлағы бактериялардың өсуін тежейтін антибиотик бөледі | |
Нейтрализм | Түрлі ағзалардың экологиялық қуыстары (орындары) басқаша болып, өзара қарым-қатынасқа түспейді. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.