Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4D Биосфера, экожүйе, популяция | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.3.1.6 тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Тиісті терминологияны қолдана отырып, тірі ағзалардың арасындағы қарым-қатынас түрлерін ауызша жазбаша түрде сипаттап мысалдар келтіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Симбиоз, мутуализм, коменсализм, аменсализм, бәсекелестік, нейтрализм, жағымды және жағымсыз әсерлер Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Симбиоз кез келген екі тірі ағзаның арасындағы ...түрі. Мутуализм кезінде екі ағза бір-біріне...келтіреді. Коменсализм кезінде екі ағзаның бірі екіншісіне...келтіреді, ал өзі... Аменсализмге...мысал бола алады. Бәскелестік кезінде екі ағзаның екеуі де... Тірі ағзалардың қарым-қатынасы...маңызды рөл атқарады. Түрлер бір-біріне.................................әсер етеді. Екінші түр бірінші түрді................................ Екі түрге де тиімді қарым-қатынас..............................аталады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлеріне мысалдар келтірген кезде екі ағзаның бір-бірлеріне әсерлері туралы түсініктерде химиялық заттардың | |||||
Алдыңғы білім | 7-сыныптан экожүйенің құрылымдарын олардың экожүйедегі рөлдерін, 8-сыныптан популяция санына әсер ететін факторлар мен жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушыларға сабақтың тақырыбын ашу үшін әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы қарым-қатынас түрлері көрсетілген суреттер көрсетіледі. Оқушылардан тірі ағзалардың арасындағы қарым-қатынастың оларға тигізетін әсерлері сұралады. Оқушылардың жауаптарынан соң мұғалім тірі ағзалар өзара қарым-қатынас жасамаса не болар еді деп талқылау жүргізе отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсаттары және бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстырады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Оқушыларға тірі ағзалардың арасындағы қарым қатынас түрлерінің қысқаша сипаттамалары беріледі. Оқушылар қарым-қатынастың әрбір түріне мысалдар келтіріп жазады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар мысалдарды қосып жазып алады. Кейбір оқушылар қарым-қатынас түрлері туралы қосымша ақпараттар пайдаланып өз білімін тереңдете алады. Оқушыларға қосымша ақпарат көзі ретінде видеоматериалдар ұсынылады. | 1 - қосымша 3-13 слайдтар | ||||
27-36 мин | Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады. Кейбір оқушылар сыныптастарына арналған сұрақтар құрастырып, олардың білімдерін тексере алады. Кейбір оқушылар ағылшын тілінде сөйлем құрастырып, қарым-қатынас түрлерін сипаттай алады. | 2- қосымша 14-24 слайдтар | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Мен...түсіндім. Тақырыпқа байланысты мен...деген қорытынды жасадым. |
| ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушылардың қосымша ақпарат көздерін пайдаланып өз білімдерін тереңдетулері арқылы Кейбір оқушылардың видеоматериалдарды немесе ақпарат парақшаларын пайдаланулары ақылы Кейбір оқушылардың қосымша сұрақтар құрастырулары арқылы Кейбір оқушылардың қосымша тапсырмалар орындаулары арқылы | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша сұрақтарға жауап берулері мен талқылаулары арқылы Ағзалардың арасындағы қарым-қатынас түрлерін сипаттаулары арқылы Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы Қосымша тапсырмалар орындаулары арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс жасау кезінде абай болу. Топтық жұмыс белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.