Жануарлардың көбею формалары. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


Тірі ағзалардың көбеюдің тәсілдері

Бөліну арқылы бір жасушалы ағзалар көбейеді. Әр дарабас өзіне ұқсас екі немесе одан да көп жасушаларға бөлінеді. Жасушаның бөлінуінің алдында ДНҚ-ның репликациясы болып өтеді. Көп жағдайда бір-біріне өте ұқсас жасушалар түзетін бинарлы бөліну байқалады. Бұл жолмен бактериялар, көптеген қарапайымдар, оның ішінде амебалар, парамеция және кейбір бір жасушалы балдырлар (мысалы, евглена) бөлінеді.

Бүршіктену арқылы көбейгенде жаңа дарабас алғашында аналық ағзасынан өскін ретінде түзіліп, соның нәтижесінде оған өте ұқсайтын жеке ағза болып бөлініп түседі. Бүршіктену ішекқуыстыларда, мысалы, гидра және бір жасушалы саңырауқұлақтарда кездеседі. Дарабастардың екі немесе бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы көбеюі талшықты балдырларға, теңіз құрттарына тән. Олардың әр бөлігінен жаңа дарабас түзіледі.

Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан дамиды. Ұрыктанбай көбейгенде аталық дарақтар катыспайтындықтан аналық дарақтың әр алуан ата тектерінің белгілерін құрамдастыруға ғана мүмкіндік болады. Бақбак, темекі мен қызылшаның көптеген іріктемелері, орхидеяның кейбір түрлері бұған мысал бола алады. Жануарларда бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары осылай көбейе алады. Паразит құрттар формасының көпшілігі осы жолмен көбейеді. Ондай кезде иесінің ағзасындағы дернәсілдер ұрықтанбастан келесі ұрпақтарды береді.

Фрагментация арқылы (буылттық, жұмыр, тікентерілер, теңіз жұлдызы) ересек дарақтардың жеке үзбелері арқылы көбеюі. Әрбір үзбелер біртұтас еншілес ағзаға дейін жетіледі.

Жынысты көбеюі (балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар) – гаметалардың қалыптасуына байланысты. Жыныстық үдерісті ұрықтану типі бойынша сырттай (балықтар, қосмекенділер) және іштей (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) ұрықтану деп бөлуге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.