Жануарлардың көбею формалары. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


 Жасушалардың бөлінуі. Митоз. Мейоз.

 

 Жасушалар санының көбеюі жасушаның бөлінуінен басталады. Табиғатта жасушалар бөлінуінің негізгі екі жолы бар, олар: митоз және мейоз.

Митоз - соматикалық (дене) жасушалардың бөлінуі. Мұнда бір аналық жасуша екі еншілес жасушаға бөлініп, ондағы хромосомалар жиынтығы өзгермейді. Яғни, митоз – хромосома саны сқтала отырып бөліну жолы.

 Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі (репликация) және олардың жас еншелес жасушаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта, хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзын бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады, яғни хромосома жиынтығы тең болады. Митоздың ұзақтығы әр түрлі болады. Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы:

1.Митоз әрекеті өсу барысының маңызды кезеңі.

2.Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпараттың көшірмесі болып табылады.

3. Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалар аналық жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді.

Егер митоз әрекеті зақымдалса, хромосомалар санында ауытқу болады, көбейеді немесе азаяды. Хромосомалар санының ауытқуына байланысты жасуша үлкен өзгеріске ұшырайды. Жасуша тіршілігін жояды немесе мутация пайда болады.

 Мейоз — бір аналық жасушадан хромосома саны екі есе кеміген төрт еншілес жасушаның түзілу жолы. Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды.

 

 Бұл жолмен жыныс жасушалары-гаметалар: аталықта –спрематазоид, аналықта – жұмыртқа жасушасы, өсімдіктерді – спора түзіледі. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық ағзаларда бірдей жүреді. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл ағзалардың дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды.

Мейоздың биологиялық маңызы:

1. гендердің қайтадан комбинациялануының жүзеге асырылуы.

2. Хромосомалардың комбинациялануы салдарынан тұқым қуалау өзгергіштігінің күшейе түсуі.

3. Мейоздың биологиялық мәні хромосомалар саны екі есе азайып, гаплоидты жиынтығы бар гаметалардың түзілуі болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.