Дәрумендер. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Аурулар

Белгілері

Дәруменнің жетіспеушілігі/ авитаминоз

Дәруменнің тәуліктік мөлшері, мг

Азық-түлікте кездесуі

1.Ақшам соқыр

Адамда іңірде немесе түнде көздің көру қабілеті күрт нашарлайды, көздің қасаң қабығы бұзылады.

А (ретинол)

1-2

бауыр, жұмыртқа, балық майында, сүт

сәбіз, асқабақ, тәтті бұрыш, саумалдық, салат, қызанақ

2.Бери-бери

Әлсіздіктің болуы, бас айналу, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, жүйке талшықтары жансызданады, қол-аяғы тырысып, сал болып қалады

В1 ( тиамин)

2-2,5

Түрлі жармаларда, жұмыртқа, бұршақ, жаңғақтар, сүт, ет 

көкөніс бұршағы, шомырда, сарымсақта

3.Құрқұлақ

Адамда әлсіздік, ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді, тез шаршау, тіс босап, түсіп қалады, қызыл иек қанайды, буындары ісінеді және қақсайды.

С (аскорбин қышқылы)

60-100

Итмұрын, қара қарақат, лимон, тәтті бұрыш, аскөк, ақжелкен, ақбас қырыққабат

4. Мешел

Аяқ сүйектері қисайып, баланың өсуі баяулайды, басы мен іші үлкен болады, қабырға құрылысы мен кеуде қуысы өзгереді.

D (кальциферол)

2,5 (балалар)

12,5 (ересектер)

Нәлім балығы бауыры, атланттық майшабақ , жұмыртқа , сүт

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабақ барысындағы топтық жұмыстарды ұйымдастырғанда сыныптағы оқушы санына қарай бөлу дұрыс. Топ санын азайту қажет болса жұмысты жұптарда ұйымдастыруға болады. Ал топ санын көбейту керек болса дәрумендердің асқа түрлерін қосуға болады.

Пациент картасын әзірлегенде және оларға қажетті кеңес беруге дайындалғанда да оқушылар тапсырманы жазбаша орындайды. Осы жұмыстарда тақырып мазмұны толық қамтылуын қадағалаған жөн. Топтар өз жұмыстарын таныстырған кезде тыңдаушылардан мазмұнның толық қамтылуын ескеруді сұрау қажет. Жұмыстарға қойылатын критерийлерді тақтада ашып қою маңызды. Оларды параққа шығарып беруге де болады.

Құндылықтарды дарыту:

Сабақ барысында оқушыларға таныстырылым жасаған кезде ойды үйлестіру, тыңдаушылардың назар өзіне аудара білу, оларды қызықтыратындай деңгейде сөйлеу деген сияқты дағдылар қалыптасады. Бұл тақырыптың жаһандық маңызы неде, осы білім арқылы адамзат үшін не істеуге болады деген сияқты жаһандық азаматтыққа бағытталған талқылаулар жүргізуге болады.

Пәнаралық байланысты орнату:

Дәрумендер қандай заттар, еру деген не, олар қандай реакцияларға қатыса алады деген сияқты химия пәнімен байланыс орнатылады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың сабақтың басындағы талқылаулары мен ақпарат жинақтауы және алған білімін қолданыста көрсете білуіне басты назар аударылады. Оқушылар жұмыс жасап жатқан кезде дәрумендерге қатысты сұрақтар қою арқылы олардың дұрыс түсінгенін тексеру қажет. Оқушыларға көмек қажет болған жағдайда, қосымша ресурстарды қолданғанда көмек көрсету қажет. Тақырып мазмұны ауқымды көрінгенімен, топтық жұмыс барысында оқушылар оңай меңгереді. Тек оларға уақтылы кері байланыс ұсынып, жұмыстарын дұрыс бағытта ұйымдастыруға бағыт беру қажет. Әсіресе пациент картасын әзірлеген кезде топтардың қажетті ақпаратты толық қамтуын қадағалау қажет. Кеңес берушілер тобының жұмысы үшін кейбір тағам өнімдерінің этикеткаларын дайындап ұсынуға болады.

  • Сілтемелер мен ресурстар

Дәрумендер туралы ақпараттар:

https://www.youtube.com/watch?v=ESYMnpKxS_c

Тағам құрамындағы дәрумендер және оларды қалай сақтау қажеттігі туралы ақпараттар:

http://www.vitamini.ru/page_18.html

Дәрумендер жетіспеген жағдайдағы аурулар түрі:

http://www.100vitaminov.ru/disease.php

Твиг-билим

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/vitamin-deficiencies



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.