Дәрумендер. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Дәрумендер

Дәрумендер – ағзаға түрлі қорек арқылы түсетін, биологиялық белсенді заттар. Олар ферменттердің түзілуіне қатысады. Дәрумендерсіз ағза жасушаларындағы химиялық процесстер толыққанды жүрілмейтіндіктен ағзаның өсу, даму сияқты қалыпты тіршілік –әрекеттері бұзылады.

Майда еритін

Дәруменнің көзі

А

ретинол

D

кальциферол

Е

Токоферол

К

Филлихинон

Балық майы, сары май, уылдырық, сәбіз, қызанақ, салат, шпинат, өрік, асқабақ

Балық майы, бауыр, уылдырық, бүйрек, жұмыртқаның сарысы, сары май, сүт

Көкөністер, дәнді дақылдар, өсімдік майы, жұмыртқа

Салат, орам жапырақ, шпинат, қызанақ, бауырда.

Адамның тоқ ішегінде бактериялардың әрекетінен түзіледі.

Суда еритін

Аскорбинқышқылы

С

Тиамин

В1

Рибофлавин

В2

Никотинқышқылы

РР

Пиридоксин

В6

Цианкобаламин

В12

Көкөністер мен жемістер, сүт, бүйрек, тұздалған қырыққабат, итмұрын, қарақат

Ашытқы, күріштің ұрық бөлігі, қабығы, бидай, картоп, бауыр, қарақұмық, сүт, жұмыртқа

Сүт, ет, ашытқы саңырауқұлағы, жұмыртқа, көкөніс салаты

Ет, бауыр, жұмыртқа, қара нан, арахис

ашытқы саңырауқұлағы, жармалар, көкөніс, дәнді дақылдарда, әсіресе асбұршақ пен үрмебұршақта, ет, бауыр, жұмыртқа, сүт

Бауыр, бүйрек, балық, жұмыртқада.

Адамның тоқ ішегінде бактериялардың әрекетінен түзіледі.

Дәрумен

түрі

Қызметтері

Жетіспеушілігі

А

Ағзаның өсу, даму, көру рецепторындағы пигмент родопсиннің түзілуіне қатысу, ауруларға қарсы тұру, тері, шаш, тырнақтың саулығын сақтау

Ақшам соқыр – көз ауруы, кешке нашар көреді. Жас ағзаның өсуі баяулауы, терісінің зақымдалуы

D

Қальций және фосфор алмасу, сүйек пен тістің қалыптасуына қатысу

Мешел (рахит) – фосфор-кальций алмасудың бұзылуы, сүйектердің беріктігі төмендеп, аяқ сүйегі қисаюы

С

Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыру, сүйекке беріктік және мықтылық қасиет беру, зат алмасуға қатысу

Құрқұлақ (цинга) – ауруға қарсы тұруы төмендеу, тез шаршау, буын ауруы, бұлшық еттің ауруы, капиллярлардың жарылуы, қызылиектің қанауы, қан кету

В1

Зат алмасу, асқазан, жүрек, жүйке жүйесінің қызметтерін реттеу

Бери-бери (полиневрит) – жүдеу, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, жүректің соғуы жиілеу, аяқ-қол дірілдеу, аяқ-қол салы (паралич), жүйке жүйесінің бұзылуы

В2

Зат алмасу, көздің жарықты және түсті қабылдауын, қан жасау мүшелерінің қызметін реттеу

Баланың өсіп дамуын тежейді, көздің мөлдір қабықшасы, ауыздың сілеймелі қабықшасы қабыну, тері құрғау, әлсіздік, тәбет төмендеу

В6

Ағзадағы нәруызбен майдың алмасуын реттеу

Қаназдық (анемия), ас қорыту мүшелері қызметінің бұзылуы, дерматит

В12

Қанның түзілу, жүйке ұлпасының өсуін реттеу

Қаназдық (анемия), жүйке ұлпасының өзгерістер, ағзада оттегінің жетіспеушілігі

РР

Ішек-қарын қызметіне әсер етеді, нәруыздың алмасуына және жасушалық тыныс алу реакцияларына қатысу

Пеллагра – теріде күлдіреген көпіршіктер мен дақтардың пайда болуы

Е

Зат алмасу, көбеюді реттеу

Бедеулік, қаңқа бұлшықеттерінің жансыздануы

К

Қанның ұюына қатысу

Қанның ұюы нашарлау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.