Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дәреже мен түбір. Дәрежелік функция | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | ||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандарсаны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі | ||||||||||||||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.1.8 - дәрежелік функция анықтамасын білу және дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу; | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - дәрежелік функция және оның қасиеттерімен, графигімен танысады және дәрежелік функцияның графигін (эскизін) салады, есептер шығаруда дәрежелік функцияның қасиеттерін қолдануды үйренеді. | ||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар өрнектерді түрлендіріп, ықшамдауда n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін қолданады Пәнге тән лексика мен терминология: Өрнектер – выражения – expressions Алгебралық өрнек – алгебраическое выражение - algebraic expression Түрлендіру – преобразование – transformation Ықшамдау – упростить – simplify Түбірдің қасиеттері – свойства корня – properties of the root Қолдану – применять – use Талдама – анализ – analysis Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: .... өрнекті ықшамдау үшін, ...... Түбірдің ...... қасиетін қолдана отырып, бұл өрнектің ........ ықшамдау кезінде .... түбірдің ..... қасиетіне сүйеніп, ..... жазуға болады. Жалпы, алгебралық өрнектерді түрлендіруде ..... | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Диалог жүргізе білу дағдысын және өз пікірін аргументтеуді дамыту; Мектеп құндылықтарының бірі–өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет пен ынтымақтастықты дамыту; Топтық жұмыстарда проблемалық сұрақтарды талдата отырып ашықтыққа тәрбиелеу; | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Инженерлік калькуляторды қолдана білу | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Арифметикалық квадрат түбірі. Сол түбірдің мәндерін есептеу. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, назарларын сабаққа шоғырландыру. Сыныптағы оқушыларды түгендеу. ІІ.Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру. Үй жұмысын тексеру.(мұғалімнің дайындаған дайын жауаптары арқылы оқушылар өзін-өзі тексеруге болады) Кері байланыс: 1) Үй тапсырмасын орындауда қандай қиындықтар туындады? 2) Қиындық туындаған кезеңдерден қандай жолмен шықтыңыз? 3) Тапсырманы толық орындау үшін қандай жұмыс жасау керек? | Презентация cлайд № 1-3 | |||||||||||||
7 минут 3 минут 7 минут 10 минут 2 минут 3 минут | ІІІ. Қайталауға арналған жұмыс Мақсаты: Оқушылардың n-ші дәрежелі иррационал өрнектерді түрлендіруде n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолдану тақырыбынан алған білу, түсіну және қолдану дағдыларын бағалау. Мұғалімнің іс-әрекеті: 1)Есепті шығару барысында мұғалім бақылайды және қажет болған жағдайда әр оқушыға кеңес беріледі; 2)Жеке жұмыстың қорытындысы бойынша оқушылардың білімдеріне түзету енгізу (кері байланыс); Жеке жұмыс Саралау түрі Оқушылардың білу, түсіну және қолдану дағдыларын тексеретін қарапайымнан күрделіге көшуге жұмысы 1) Есептеңіз: 1); 2) =; 3) 4); 5) 2) Сәйкестендіріңіз: 1.+ 4 2. -60 3. 3 4.+ 2 Тексеру дайын жауаптар мен жүргізіледі. Одан кейін оқушылар жұпта бір біріне есептің шешу жолын түсіндіреді. Бағалау: өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы Кері байланыс:
IV.Жаңа тақырыпты енгізу Дәрежелік функция және оның қасиеттері Анықтама. f (x) = βxα түріндегі функцияны дәрежелік функция деп атайды, мұндағы α және β – нақты сандар. f (x) = xα дәрежелік функцияның қасиеттері:
Оқушылардың жаңа тақырыпты игергендігін анықтау мақсатында алған білімдерін белсенді қатыстыра отырып, келесі мысалдар талқыланады. 1-мысал. y = x2 (қызыл график), y = x4 (сары график) және y = x8 (көк график) функцияларының графиктерін қарастырайық. Берілген функциялардың анықталу облысы: (–∞;+∞). Берілген функциялардың мәндер жиыны: [0;+∞). Жұп функциялар, яғни графиктері Oy осіне қарағанда симметриялы. Функциялардың көрсеткіштері 2, 4 және 8-ге тең, яғни оң сандар. x > 0 болғанда функциялар өспелі болады. 2-мысал. (қызыл график) және (көк график) функцияларының графиктерін қарастырайық. және функцияларының анықталу облысы [0;+∞), мәндер жиыны [0;+∞). Функциялардың көрсеткіштері және -ке тең, яғни оң сандар болғандықтан, барлық анықталу облысында функция өспелі. 3-мысал. (қызыл график) және (көк график) функциялардың анықталу облысы [0;+∞), ал мәндер жиыны (0;+∞). Функциялардың көрсеткіштері және -ке тең, яғни теріс сандар болғандықтан, онда барлық анықталу облысында функция кемімелі. V.Жаңа тақырыпты бекіту Мақсаты: Оқушылардың дәрежелік функция оның қасиеттері мен графигі тақыоыбынан алған білу, түсіну және қолдану дағдыларын бағалау. Мұғалімнің іс-әрекеті: 1)Есепті шығару барысында мұғалім бақылайды және қажет болған жағдайда әр оқушыға кеңес беріледі; 2)Жеке жұмыстың қорытындысы бойынша оқушылардың білімдеріне түзету енгізу (кері байланыс); 3)Келесі сабақты жоспарлағанда жұптық жұмыста анықталған оқушылардың біліміндегі кемшіліктерін ескеру. Жұптық жқмыс 1-жаттығу Суреттерде қандай функциялардың графиктері салынғанын анықтаңыз. Берілген функциялардың анықталу облысы мен мәндерінің облысын табыңыз. 2-жаттығу Егер f (x) = x–4 және , болса, онда A және B нүктелерінің қайсысы y = f (x) функциясының графигіне тиісті екенін табыңыз: a) B нүктесі y = f (x) функциясының графигіне тиісті b) A нүктесі y = f (x) функциясының графигіне тиісті 3-жаттығу f (x) = x–7 және функциялары берілген. Салыстырыңыз. f (–4) g (–4) f (0,99) g (0,99) f (–1) g (–1) f (–2) g (–2) 4-жаттығу x ∈ (0; +∞) аралығында берілген функцияның өспелі не кемімелі болатынын көрсет. a) b) y = (x 3)–1 c) d) e) y = x –9 f) g) Бағалау: өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы Кері байланыс:
V. Қорытынды Сабақтын мақсаты: дәрежелік функция және оның қасиеттерімен, графигімен танысады және дәрежелік функцияның графигін (эскизін) салады, есептер шығаруда дәрежелік функцияның қасиеттерін қолдануды үйренеді. Оқушылар сабақтағы іс-әрекеттеріне талдау жасап, сабақтың мақсатына жеткендіктерін ауызша анықтайды. | қосымша 1 Презентация cлайд № 4-33 қосымша 2 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут 3 минут | Үй жұмысы: Тапсырма. Графигімен берілген функцияның формуласын жазыңыз. Қасиеттерін сипаттаңыз. Сабақ соңында оқушылар ауызша рефлексия жүргізеді: Нені үйрендіңіздер? Бұл сабақта қай тапсырма қиын, қай тапсырма оңай орындалды? Ойланыңыз: сіздерге не қайталау қажет? | қосымша 3 | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу | мұғалімнің ауызша бағалауы; топ оқушыларының бірін-бірі бағалауы; оқушының өзін-өзі бағалауы. | Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері; Оқушыларды партада ыңғайлы отырулары; | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? | |||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.