Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын табуға есептер шығару. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.
Сабаққа қосымша 03
Тапсырма 1. Ойын сүйегін (кубик) бір рет лақтырылды. Түскен санның 3-тен кем емес болуының ықтмалдығы қанша?
Тапсырма 2. Суда жүзу жарысында Германиядан 4 спортшы, Ресейден 6 спортшы, Қазақстаннан 7 спортшы және Қытайдан 5 спортшы. Спортшылардың жарысқа шығуын жеребе арқылы анықтайды. Ресейден келген спортшы Иванов Иван жарысқа бірінші, екінші, үшінші шығу ықтималдығы табыңыз
Тапсырма 3. Жаңадан әкелген сканердің 3 жылдан көп бұзылмай жұмыс жасауының ықтималдығы 0,96. Ал 2 жылдан көп жұмыс жасауының ықтималдығы 0,87-ға тең. Сканердің 2 жылдан кем, 1 жылдан көп жұмыс жасауының ықтималдығы табыңыз.
Тапсырма 4. Геометрия сабағынан естихан кезінде оқушыға бір сұрақ түседі. Сұрақтың «Ішкі бұрыштар» тақырыбынан келуінің ықтималдығы 0,1-ға тең. Сұрақтың «сырттай сызылған шеңбер» тақырыбында келу ықтималдығы 0,35. Екі тақырыпқа бірдей келетін сұрақ жоқ. Емтихан кезінде оқушыға осы екі тақырыптың біреуі келуінің ықтимадығын табыңыз.
Тапсырма 5. Кеңсе тауарлары дүкенінде 120 ручка бар, оның 15 қызыл, 22 жасыл, 27 көгілдір, жәнеде көк және қара ручканың сандары бірдей. Алисаның қарамай алған ручкасының көк немесе жасыл шығуының ықтималдығын табыңыз.
Тапсырма 6. Аквариумда 100 балық бар. Оның 17 алтын, 4 тілек орындайтын балық бар. Ал алтын балықтың 3 балығы тілек орындайды. Сатып алушы тілек орындайтын алтын балық алғысы келеді (ертегідегідей). Кездейсоқ алынған балықтың осы екі талаптың біреуінің болуының ықтималдығын табыңыз.
Тапсырма 7. Сыныптағы 20 оқушы бар. Оның жүзумен айналысатыны 4, шахмат ойнайтыны 5. Жүзумен және шамтапен айналысатын тағы 2 оқушы бар. Кездейсоқ таңдалған оқушы ең болмаған осы екі спорттың біреуімен айналысуының ықтитмалдығы қандай?
Тапсырма 8. Мишаның зоопарктен аюды көріп жылауның ықтимадығы 0,3. Ал, Машаның аюды көріп жылауының ықтималды 0,4. Миша мен Машаның аюды көріп бірге жылауының ықтималдығы 0,15-ке тең. Зоопарктен аюды көргенде екеуінің кемінде біреуінің жылауының ықтималдығы қандай?
Тапсырма 9. Азаттың математикадан тақтада шығарған есебіне бестік бағаны алуының ықтималдығы 0,97-ге тең. Ал қазақ тілінен берген жауабына бестік баға алуының ықтималдығы 0,9-ге тең. Екі пәнненде бестік баға алуының ықтималдығы 0,89-ге тең. Азаттың екі пәнненде бестік баға алмауының ықтималдығын табыңыз.
Тапсырма 10. Жәшікте 15 ақ, 5 қызыл және 10 қара шар бар. Кездейсоқ алынған 1 шардың: а) ақ, ә) қызыл, б) қара болуының ықтималдығын табыңыз.
Тапсырма 11. 20 этажды үйдің лифтында 3 адам кірді. Берілген шарттың ықтималдығын табыңыз:
а) әртүрлі этаждан түсуінің;б) екеуінің бір этаждан түсуі;в) барлығы бір этаждан түсуі.
Тапсырма 12. Ойын картасынан кездейсоқ бір карта алынды. А оқиғасы (қара түсті карта шығуы) және В оқиғасы (туз шығуы). Осы оқиғалардың ықтималдығын қандай?
Тапсырма 13. Емтиханда – 24 билет бар. Арман бір билетке дайындалмады және сол билеттің түсуінен қорқады. Арманның осы билетті алуының ықтималдығы қандай?
Тапсырма 14. Лоторея ойынында 10 ұтатын және 240 ұтпайтын биттер бар. Осы лотореядан бір билет алып, сол билеттің ұтуының ықтималдығын табыңыз.
Тапсырма 15. Қорапта 5 жасыл, 5 қызыл және 10 қара қарындаш бар. 1 қарындаш алынды. Берілген оқиғалардың ықтималдығын анықтаңыз:
а) карандаш түсінің түрлі-түсті болуы;
б) карандаш түсінің жасыл болуы;
в) карандаш түсінің қара болуы.
Тапсырма 16. Лотореяда 100 билет бар, оның 5 ұтыс шығады. Ұтылудың ықтималдығы қандай?
Тапсырма 17. Жәшікте 8 қызыл, 2 көк, 20 жасыл қарындаш бар. Сіз кездейсоқ бір қарындаш аласыз. Алынған қарындаштың қызыл болуы? Сары болуы? Жасыл қарындаш болуының ықтималдығы қандай?
Тапсырма 18. Алынған картаның ықтималдығын табыңыз:
а) король,
б) масть “қиық”,
в) қызыл түсті,
г) “суреті бар”
Тапсырма 19. Ойын сүйегін лақтырды. Оқиғаның ықтималдығын табыңыз:
А - 4 ұпайдың түсуі;
В – тақ санның түсуі;
С – жұп санның түсуі;
Д – 3-ке еселі санның шығуы.
Тапсырма 20. Екі ойын сүйегі лақтырылды. Шыққан санның қосындысының 3-ке тең болуының ықтималдығын табыңыз.
Тапсырма 21. Екі ойын сүйегін лақтырылды. Шыққан санның қосындысы 5-ке тең болуының ықтималдығы.
Тапсырма 22. Қорапта 3 ақ, 4 қара, 5 қызыл шыр бар. Алынған бір шардың көк шар болуының ықтималдығы қандай?
Тапсырма 23. Қорапта 4 қызыл, 3 көк, 5 жасыл қарындаш бар. Алынған шардың қара түсті болу ықтималдығын табыңыз.
Тапсырма 24. 1 жылда 365 күн бар. Күнтізбеден бір күнді таңдалды. Шыққан күн 29-ға тең болуының ықтималдығын табыңыз.
Тапсырма 25. 1 жылда 366 күн бар. Күнтізбеден бір күнді таңдалды. Шыққан күн 29-ға тең болуының ықтималдығын табыңыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.